Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет222/315
Дата04.02.2022
өлшемі2,73 Mb.
#24819
түріБағдарламасы
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   315
когнитивтік,  іс-  әрекеттік,  құндылықтық  -  мәндік,  эмоциялық  –  еріктік 

жақтары  қарастырылып,  әрбір  құзыреттіліктің  адам  әрекеттеріндегі  алатын 

орны белгіленген.    

Жалпы  білім  беруді  жаңарту  барысын  талдау  бүгінгі  реформаларға 

байланысты  мазмұнының  білім  беру  мекемелері  басшылары  мен 

педагогтардың  кәсіби  ойлауы  мен  кәсіби  іс–әрекеттерін  дамытуды  қажет 

етеді.  

Жаңа парадигмаға сай басқару теориясы негізінен: 




а)  білім  беру  жүйесі  мен  мектептің өз ерекшеліктерін  ескере отырып, 

менеджмент идеяларына сүйенуі қажет; 

 б) 

кәсіби  басқарушыларды  даярлауға  бағыт  алу,  олардың 



құзыреттілігін 

қалыптастыруға 

және 

басқару 


қызметін 

тиімді 


ұйымдастыруға жағдай туғызуға;  

в)  басқару  объектісін,  яғни  жалпы  білім  беретін  мектептің 

педагогикалық жүйесін тануға негізделуі қажет.    

Жалпы  менеджмент  теориясы  бүгінгі  таңда      постиндустриалдық, 

постмодерндік  қоғам  бағытына  қарай  елеулі  мәдени  бұрылыстар  жасауда. 

Білім  беру  де  осы  салалаға  қарай  бағдар  алуда,    сондықтан  жалпы 

менеджмент теориясының кейбірін  сыни тұрғыдан қарастыра отырып, білім 

беру  саласында  қолдану  әбден  мүмкін.    Ол  туралы    ресейлік  ғалым      И.Д. 

Фрумин  педагогикалық  емес  салалардағы    ұйымдастыру  теорияларын 

пайдалаудан  педагогтар  бас  тартпауы  қажет  дейді.  Өйткені,  қазіргі 

менеджерлер  арасында  кең  тараған  жалпы  сапаны  басқару  теориясының  

«қызметкерлерді  дамытуға»,  «қызметкерлерді  қатыстыруға»  бағытталуына 

негіз  болады  және  осы  теорияда  берілген  техникалық  нұсқауларды  білім 

беру мекемесіне қатысты қолдануға да болады.  

Білім беру мекемесі басшыларын оқытатын ұйымдар  қажеттігі тууына 

не  себептер  бар  деген  сұраққа    Элмордың  «жетілдіру  –  бұл  оқытудың 

өзіңіздің  жұмыс  жасайтын  жеріңізде  отырып  дұрыс  жұмыс  жасауға 

үйрету  қызметі». Оның ойынша,  адамдар  тиісті  міндеттерді  орындау  үшін 

бірге  жұмыс  жасауы  керек,  өйткені  олар  «ішкі  процестерді  қозғалысқа 

келтіреді,  сол  арқылы  адамдар  өздері  айналысып  жатқан  жұмысты  одан  да 

жетілдірудегі  жаңалықтарды,  жоғары  деңгейдегі  жетістіктерге  жетуді 

үйренеді».       

Әлемдік білім реформаларын зерттеуші М.Фуллан былай дейді:  «егер 

біз  нәтижелі  мектеп  басшыларын  дайындағымыз  келсе,  онда  біз  оларға 

мектепті  алға  тарту  мақсатында  өз  жұмысын  жақсартатын,  және  дұрыс 

шешім  қабылдауға  мүмкіндік  беретін    қабілеттерін  дамытуға  барлық 

жағдайды  туғызымыз  керек,  өйткені,  «білім  беру  ұйымы  басшысынан 

барлығы да инновациялық өзгерістердің қозғаушысы және оның бастушысы 

болады  деп  күтеді.    Тәжірибеден  белгілі,  көбінесе  тек  басшының  өзі  ғана 

мектептің табысты болуының негізгі күші болып табылады, сонымен қатар, 

оларды осы рольге дайындау үшін жасалған мүмкіндіктер де өте көп емес».     

Басқару    теориялары  мен  тәжірибелері  туралы    шетелдік,  отандық 

зерттеулердегі басқарушылардың біліктілігі мен қабілеті, құндылықтары мен 

ұстанымдарына  қойылатын  талаптарды  жүйелеу  және        қазіргі  білім  беру 

жүйесін  басқарудың  жаңа  талаптарына  сай  білім  беру  ұйымдарын 

басқарушылардың  құзыреттілігін төмендегі сапалармен белгілеуге болады:  

–  карым - қатынас құзыреттілігі (сыртқы, ішкі байланыстар, өзара 

қарым - қатынастар, өзара әрекеттесу, ,  т.б.); 

–  ақпараттық  құзыреттілік  (ақпарат  алмасу,  ақпараттарды  өңдеу 

және пайдалану, ақпарат көздерімен жұмыс, т.б.); 



–  кызметтік  басқару  құзыреттілігі  (проблеманы  анықтау,  мақсат 

қою, жоспарлау,  шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, т.б.); 

–  адам  ресурстарын  дамыту  құзыреттілігі  (ұжым  мүшелерін 

қолдау,  кадрлармен  жұмыс,  педагогтарды      дамыту, 

ынталандыру, т.б.). 

Шетелдік  зерттеушілер  еңбектерінде  қазіргі  заман  басшылардың  

құзыреттілігіне  берген  сипаттамалары,  әсіресе,    адам  ресурстарын  басқару 

құзыреттілігін дамыту туралы еңбектер көбірек кездеседі.  

Зерттеушілер 

еңбектерінде 

берілген 

тұжырымдар 

бойынша 

посткеңестік  елдердегі  білім  беру  ұйымдарын  басқарушыларға  тән   

құзыреттіліктерді  талдау    барысында  олардың  көбіне  басқарушылық 

қызметтің  іс-  әрекеттік  компоненттерін  қамтитынын  байқауға  болады. 

Соған  орай,  бүгінде  түрлі  деңгейлердегі  білім  беру  ұйымдарын 

басқарушылардың    қарым  -  қатынас,  ақпараттық    және  қызметтік 



басқару құзыреттіліктерін  дамыту  қажетті үрдіс екенін көрсетіп отыр.    

Тәжірибе  көрсетіп  отырғандай,  білім  беру  ұйымдарында    көбінесе, 

басқарушылардың  өзіндік  дамуын  және  оған    өзі  басқарып  отырған 

педагогикалық ұжымның  инновациялық мүмкіндіктерін  қамтамасыз ететін 

тиімді  құралдарды  бірі  –  жобалау  технологиясы  жеткіліксіз  дәрежеде 

пайдаланылады. Оның себебі, жобалаудың өзіне тән ерекшеліктері бойынша 

оны  нәтижеге  бағытталған    әрекеттер  және  ресурстарды  анықтай  отырып, 

белгілі  бір  логикамен  ұйымдастыра  білу    керек.  Соған  орай,  оны  жүзеге 

асыру  басқарушылар мен педагогтардың жоба жетекшілері ретіндегі арнайы 

құзыреттіліктері болуын қажет етеді. 

  Педагогикалық  жүйелердің  барлық  құрылымдарында  өзгерістерді 

жүзеге асыратын түрлі деңгейлердегі басқарушылар  мен педагогтар екенін 

белгілі,  сонымен  қатар,    өзгерістердің  тиімділігі  мен  нәтижесі    олардың 

жобалау қызметін ұйымдастыра білу  деңгейіне байланысты.  

Білім  беру  ұйымдарын  басқарушылар  мен  педагогтардың    жоба 

жетекшілері  ретінде  жобалау    әрекеттерін  меңгеруі  педагогикалық 

әрекеттерді  сапалы  және  түбегейлі  өзгертуге,  педагогтар  мен  білім 

алушылардың  тың  идеялар  мен  жаңа  іске  ынталануына,  жаңа  жобаларды 

белсенділікпен жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды. Сондықтан, бүгінгі таңда 

түрлі  деңгейлердегі  басқарушылардың    жоба  жетекшілері  ретіндегі  

құзыреттіліктерін   арнайы қалыптастыру қажеттігі бар.  

Жоба  жетекшілерін  арнайы  даярлау  оқу  зертханалары  арқылы  жүзеге 

асырылады. Жобалауды үйренуге  арналған оқу- тәжірибелік зертханасының 

мазмұны  мен  әдістемесін  құрастыру,  жүзеге  асыру,  қорытындылау,  немесе, 

жоба жетекшілерін дайындау сатысы болып табылды. 

Педагогтар  мен  басқарушылардың  жобалауға  қатысуы  оларды 

ізденіске,    өздерінің    зерттеу  жобаларын  жүзеге  асыруға,  білім  беру 

мазмұнын  жаңартуға  ықпал  етеді.  Жобалауды  ұйымдастыра  білу 

инновациялық  өзгерістер  жағдайында  педагогтардың  кәсіби  әрекеттерінің 

маңызды бөлігіне айналатыны сөзсіз.  




Оқу зертханаларындағы мақсатты бағдарлы үйрету жобаларын жүзеге 

асыруда  басқарушылар  мен  педагогтардың  өздерінің  іс  -  әрекет  барысында 

құзыреттіліктерін    дамыту,  олардың  оқу  тәжірибелік  әрекеттерін 

ұйымдастыруға  назар  аударылады.  Оқыту  мазмұнын  айқындау  үшін 

жобалауды  басқарушылардың  бойында  дамытуды  қажет  ететін  сапалары, 

өзгертетін  және  қайта  құратын  сапалары  анықталады,  сөйтіп,  аталған 

сапалар жобалаудың объектілері болып белгіленеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет