Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру


 Педагогикалық жобалаудың заңдылықтары мен ұстанымдары



Pdf көрінісі
бет66/315
Дата04.02.2022
өлшемі2,73 Mb.
#24819
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   315
Байланысты:
лекция

 

4.2. Педагогикалық жобалаудың заңдылықтары мен ұстанымдары  

Мақсатты  әрекет  ретіндегі  жобалаудың  мәні  өзгерістерді  басқару 

идеясымен  тікелей  байланысты.  Осы  тұрғыдан  алғанда  жалпы  жобалау 

қызметінің  де,  нақты  жобалардың  да  ауқымы  жобалау  қызметін  жүзеге 

асыру  нәтижесінде  болатын  өзгерістер  деңгейіне  қатысты  өлшенеді. 

Сондықтан, 

нәтижесінде 

нақты 

жобалар 

құрастырылатын 

(басқарушыларды  оқыту  бағдарламасы,  тренингтер,  семинарлар,  жаңа 

оқулықтар,  белгілі  бір  педагогикалық  зерттеу  нәтижесі  ретіндегі  өнім,  т.б.) 



жобалау      мен  сол  нәтижелердің  педагогтар  мен  білім  алушыларды, 

басқарушыларды,     ұйымды, немесе,  жалпы  жүйені  дамытуға   жасайтын 



ықпалын айыра білу және оны   пайдалана білудің маңызы зор.   

Жобалауды  педагогикалық  инновация  тұрғысынан  қарастырсақ,  оның 

өзі шын мәніндегі инновация болып табылады. Өйткені,  жобалау негізінде 

жүзеге асырылатын қайта құрулар ұйымның дамуы мен ондағы өзгерістердің 

инновациялық  механизмін    жасайды.  Сөйтіп,    жобалауды  ұйымдастыру 

жобалардың  ішкі  мазмұнын,  жоба  құрастыру  жолдарын  және  жобалау 

нәтижесінде берілген жүйенің дамуына ықпал ету  жолдарын қамтиды. 

 

Соған  орай,  ұйымдастырушылар  назарында  үнемі  екі  топтағы 



мәселелер  тұруы  тиіс,  олар:  1)  жобалау  қызметін  ұйымдастыру  – 

орындалатын  жобаның  мазмұны  мен  оған  қажетті  ресурстары  және  2) 

күтілетін нәтижелер – жүйенің өзін дамыту

Тәжірибе  көрсетіп  отырғандай,  жобалау  әрекетін  ұйымдастыру  

бірнеше  деңгейден:  жобалау  тұжырымдамасын  жасау,    оның  мазмұндық 

және процессуалдық қызметтерін құрастыру және орындаудан тұрады. 

Жобалаудың 

бастапқы 

кезеңінде 

оның 

түпкілікті 



нәтижесі 

нақтыланады.  Оның  барысында  жүйені  дамытудағы  күтілетін  нәтиженің 




мәні  -  нені  қалыптастыру  қажет,  ол  –  жаңа  қатынастар  деңгейі  ме,  әлде    

құзыреттілік пен кәсібиліктің жаңа  деңгейі ме, оқыту мен тәрбиедегі жаңа 

дәстүрлер  бола ма, – нақты  анықталады.  

Жобаланатын  педагогикалық  құрылымның  компоненттік  бөліктерінің 

әртүрлі  құрастырыла  алатын  қасиеттеріне  сай  жобалау  қызметі  де  түрлі 

бағыттарда  жүргізіле  алады.  Сөйтіп,    жобалау    әрекеті  жүйені  жан-  жақты 

дамытуға, яғни, оның ішкі қызметтік - құрылымдық байланыстары мен адам 

ресурстарын  дамытуға   бағытталады.  

Бірақ,  қай  жағдайда  да  жүйені  құрылымын  жобалауда  жүйе 

құрылымдарының  изоморфтығы  (гр.isos  және  morphе  -ұқсас  құрылымдар 

арасындағы сәйкестік қасиеті ұғымы) туралы ережеге сүйену қажет болады. 

Құрылымдық  компоненттерінің  артықтығы  да,  немесе  жетіспеушілігі  де 

жүйенің дамуына кері әсер ететіні есте болуы қажет. И.А.Колесникова, оны 

«тірі организмдер» жүйесімен ұқсастырады: «табиғат тірі организм бойында 

ұқсас қызметтер атқаратын, немесе, бәсекелес органдар болмайтыны тәрізді, 

педагогикалық  жүйелердің  ішінде  де  артық,  бірі  –бірі  қайталаушы  

қызметтер атқаратын құрылымдар болуы тиіс емес. Әйтпесе, педагогикалық 

қызметке  жатпайтын,  бөлекше,  қолайсыз  қатынастар  қалыптасуға  негіз 

қаланады».     

Педагогикалық жүйелердің компоненттік құрамы белгілі бір мақсатты 

көздейтін  жобалау  қызметінің  жүргізілу  логикасын  қамтамасыз  етуге 

қажетті және жеткілікті болуы тиіс. Компоненттер құрамына   енгізілетін 

өзгерістер міндетті түрде негізделеді, оның себептері мен нәтижелері алдын 

ала нақтыланады. Соған сай, педагогикалық жүйелерді басқарудағы жобалау 

қызметі жүйенің құрылымдық толықтығын  өзгертпей, оған жаңа компонент 

қосылмайтындықтан  қажетті  және  жетілікті  құрылымдық  логикасын 

бұзбайды.  

Жобалау – бұл, ең алдымен – ойлау қызметі, өйткені, оның барысында 

оймен  болжам  жасау,  ойша  құрастыру  жүзеге  асырылады.  Жобалау  «алға 

қойылған» деген ұғыммен түсіндірілетіндіктен, оны   шешім қабылдау үшін 

алға  қойылған    ойлау  қызметі  деуге  болады.  Мысалы:  адамның  өзінің  

әрекеттерін  басқаруда  алға  қойылған  ойлау  қызметі;  бірлескен  әрекеттерді 

орындауда  өзге  адамдарды  тарту  үшін  олардың  алдына  қойылған  ойлау 

қызметі;  мәселенің  шешілуіне  ықпал  ете  алатын  адамдардың  алдына 

қойылған; ресурстық қамтамасыз ете алатын адамдардың алдына қойылған; 

жобалау нәтижелі болуына мүдделі адамдардың алдына қойылған, т.б.  

Бұлардың  барлығы  да  жобалаудың  ойлау  қызметімен  байланысты 

екенін көрсететіндіктен, басқа адамдарға түсінікті құжат болуын талап етеді.  

Оның негізгі белгілері:  

− мәселенің нақты және кешенді қойылуы; 

− күнделікті атқаратын қызметтен бөлек шектелуі; 

− айқын мақсаты болуы; 

− ресурстардың нақты жоспарлануы

− уақыттың (жобаның басталуы мен аяқталуын) дәл көрсетілуі; 

− ішкі ұйымдастырылу түрі белгіленуі; 




− кімге арналғаны белгіленуі

− нәтижелердің тиімділігін  нақты тексеру өлшемдері болуы. 

Педагогикалық  жобалаудың  заңдылықтарын  қарастыруда  оның 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет