Дәрістер Мәдениеттану пәніне кіріспе



бет16/18
Дата20.10.2022
өлшемі161,52 Kb.
#44367
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
madeniettanu darister (1)

Тақырыб: Ислам діні
Жоспар
1.Мұхаммед пайғампардың өмір баяны.
2.Ислам дінінің философиялық негізі
3.Құран мұсылманның киелі кітабы
4.Ислам дінінің негізгі бағыттары
Мұхаммед пайғамбар – адамзаттың ұлысы, адам баласының қамқоры әрі ұстазы, Алланың соңғы елшісі. Пайғамбар 571 жылы 28 шілдеде дүйсенбі күні Мекке қаласында дүниеге келіп, 632 жылы 8 маусымда дүйсенбі күні Мәдинада қайтыс болып, сонда жерленген.
Мекке – мұсылмандардың Арабиядағы қасиетті бас қаласы, астанасы.Мұхаммед пайғамбар осында туған.Қағба осы қалада. Қажылыққа баратын адамдар осы Меккеге барады.
Мәдина(пайғамбар қаласы деген сөз) – Мұхаммед пайғамбар 622 жыл хижра жылы, яғни қоныс аудару жылы немесе ислам жыл санауының басы деп аталады. Мұсылмандардың жыл санауы осы жылдан басталады. Мұсылманның алғашқы астанасы да осы Мәдина.
Мұхаммед пайғамбар Мәдинада жерленен.
Мешіт – Алла үйі, қасиетті инабат, ғибдат орны.
Мешітке оң аяқпен сәлем беріп кіреді. Мұнда төрге, орынға таласпайды, дүние сөзін немесе әдепсіз сөйлеуге болмайды. Әрмұслман Алла үйіне құрметпен қарауға міндетті.
Мұсылман қуымының бас мешіті Мекке шаһарындағы әл-Масждид аль Харам. Бұл мешіт алаңында Қағба орналасқан.
Қағба – исламның қасиетті киелі орны. – Мекке қаласындағы әл-Масджит аль Харам ауласының ортасына орналасқан. Дүние жүзінің мұсылмандары ғибадат еткенде бетін осы Қағбаға (құбыларға) қаратады. Қағбаны Ибраһим пайғамбар салдырған. Қажылыққа келгендер 7 рет айналып шығуы керек.
Айт – діни мереке. Оның 2 түрі бар.Біріншісі – Ораза айты. Екіншісі-Құрбан айты.Айт мерекелкрі 3 күнге созылады.Ораза айтында пітір садақа беріледі.Ораза айтынан 70 күннен кейін келктін Құрбан айтында малдан құрбан шалынады.Құрбанға шалынатын мал қой,ешкі,сиыр,түйе.Малдың басқа түрі немесе хайуандар құрбанға шалуға жарамайды.Айт күндері ораза ұстауға болмайды.

Ислам дінінің негізін салушы,есімі көзінің тірісінде аңызға айналған Мұхаммед пайғамбар (570-632 ж.ж.) еді.


Ол озінің шәкірттеріне айтып отырып мұсылман діні қағидалары мен ережелерін жинақтаған «Құранды» жаздырды.Қасиетті «Құранда» берілген діни,құқылық,моральбық және тұрмыстық ережелер негізінен 5 негізгі принципке бағындырылды және оларды орындау әрбір адал мұсылманға міндеттеледі.
Исламның 5 шарты бар: 1.Алланың барлығына,с.у.с Мұхаммед пайғамбар елшісі деген ақикатқа сену. 2.Намаз. 3.Ораза. 4.Зекет. 5.Қажылық
Исламның Алла атына берілген тәлім-тәрбиелік,уағыз-өсиет,ереже-қағидалар жиынтығын шариғат деп атайды.
Иманның 6 шарты: 1.Алла тағалаға иман келтіру.2.Періштелерге иман келтіру.3.Кітаптарына иман келтіру.4.Пайғамбарларына иман келтіру.5.Ақырет күніне иман келтіру.6.Жазмыш пен қазаға иман келтіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет