Дәрістер Мәдениеттану пәніне кіріспе


Тақырып -Ортағасырлық қалалық мәдениет пен Ұлы Дала мәдениеті



бет14/18
Дата20.10.2022
өлшемі161,52 Kb.
#44367
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
madeniettanu darister (1)

Тақырып -Ортағасырлық қалалық мәдениет пен Ұлы Дала мәдениеті.
Шығыс Ренессанс
Жоспар

1. Ортағасырлық Қазақстан қалалары


2. Ортағасырлық философтар мен ақындар
3. Жыраулар мен жыршылар









































































Ұлы Жібек жолы Қазақстан Шығыс пен Батыстың мәдени көпірі. Орталық Азия аймағындағы мәдени сұзбаттың үрдістері. Ортағасырлық қалалық мәдениет пен Ұлы Дала мәдениеті. Материалдық мәдениет ескерткіштері. Қазақ халқындағы жүздерге бөлушілік. Әдеби мұралар: «Қорқыт ата кітабы», «Оғызнама», «Түркі тілдерінің сөздігі», «Ақыл кітабы», «Құтты білік».
Алтын Орда дәуірінің мәденеті, этикалық мәдениеттер. Халық позициясының түрлері, ақындар мен жыраулыр шығармалары, ауыз әдебиетіндегі ағым. Би шешендері.

Ортағасырлық Қазақстан қалалары.


Жібек жолындығы сауданың дамуына баланысты жаңа қалалар пайда болып, қала мәдениеті дами бастады. Қалалар махалла болып салынды, яғни магистральді жағалай шоғырланған. Үй саны 12 – 14 болатын.Мешіт, моншалар салынды. 9 ғасырда ошақтың жаңа түрлері, дөңгелек немесе тік бұрышты өсімдіктер мен геометриялық фигуралармен өрнектелген сандалдар шыға бастады. Құрылыста өңделмеген кірпіш, күйген кірпішпен ағаш пайдалана бастады. Аула таспен қоршалған.
Жібек жолындағы халық сауда ортағасырлық авторлар мәліметінен белгілі. Қазба жұмыстары кезінде шет елдік көркем ыдыстар мен тиын сияқты бұйымдар табылған. Ірі сауда орталықтары Испиджаб, Кедер, Отырар, Тараз, Баласағұн болды. Испиджабта жабық базарлар мен мата сатылатын базарлар, керуен-сарайлар болған.
Орта ғасырлық Қазақстаннның ірі қалаларының бірі – Отырар еді. Қаланың үйіндісі Отырар төбе Арыс пен Сырдарияның қосылған жерінен сәл алыстау жатыр. Отырар деп атауымен қатар Фараб деген атуы бар. Ортағасырлық Қазақстанның атақты қалаларының бірі – Тараз қаласы. Жазба деректерде V-VI ғасырларда ауызға алына бастайды. VII-X ғасырларда Тараз, Ұлы Жібек жолында маңызды роль атқарды. Оның сауда жолында, бай құнарлы жерде, яғни, Талас Алатауының бұлаққа толы бауырайында орналасуы оның экономикалық және мәдени дамуына өз әсерін тигізді. Тараз шашыраңқы орналасқан халықтың орталығы болды. Оның айналасында Талас пен тау бұлақтары жағалауында төменгі Барысхан, Хаумукент, Жәкіл, Адақкес сияқты қалалар орналасқан.
IX-XII ғасырларда тауар-ақша айналымының өсуі тән, яғни айырбасты ығыстырды.
XIV-XV ғасырларда оңтүстік Қазақстан жерінде қалалық және жер өңдеу шаруашылығы өркендей түсті. Тұрғын үй, діни және қоғамдық ғимараттар, бекініс-қамалдар салынды. Жаңа архитектуралық стиль қалыптасып, құрылыспен байланысты өнер дамыды. Қалалар көзешілік, ұсталық, тоқымашылық, нан пісіру өндірісі де жолға қойылды. Суармалы жерлерде астық, жүзім шаруашылығы мен бау-бақша өсіру кеңінен тарады. Сауда тіршіліктің негізгі қырларының бірі еді.
Әл-Фараби(870-950) 
Фараби дүниенің білім және ой тарихынан құрметпен орын алған ұлы түрік ғалымы, ойшылы. Физика, химия, медицина, математика ғылымдарында және философияда жеткен нәтижелерімен Еуропа мәдениетінде үлес қосқан, кітаптары XVIII ғасырдың соңына дейін Еуропа университеттерінде оқылған түрік дарыны.Шын аты –Махмұт. Фараби Түркістанда, Фараб (Отырар) қаласында 870 жылы дүниеге келді. Әкесі- қорған басшысы Махмұт Тұрпан. Батыстың білім әлемінде оны әл-Фарабиус атымен таниды. Фараби оқып –жазуды туған қаласында үйреніп, заманының ең атақты ғұламаларынан сабақ алды.Тәлімін кеңейту үшін әуелі Иранға,кейін Бағдатқа кетті.Фараби Бағдадта болған кезінде кілең атақты кісілерден дәріс алған және өзі де сабақ оқытқан.Әсіресе логика және грамматика пәндері мен араб тілін меңгеруді осы қалада жалғастырды.
Өзі діншіл адам еді.Исламның ақылға негізделген дін екеніне сенетін.Ол парсы,араб,латын және грек тілдерін үйренді.Әсіресе грек ойшылдары Аристотель мен Платон пікірлерінің синтезін жасауға және Сократ философиясының негізін жарыққа шығаруға көп еңбек етті.Сондықтан да өзін «Хадже-и-сани»,яғни «Екінші ұстаз» деп аталады.941 жылы Алеппоға келді.Ол жылдары Алеппо Сейфуддевле Әлидің қол астында еді.Бұл түрік әкімі түрік оқымыстысы Фарабиге үлкен сый-құрмет көрсетіп,оны сарайына алды.Кейбір деректер Фарабидің өзіне ұсынылған шенді алмай,күндіз көкөніс өсіріп,түнде шам жарығымен философиялық ойлар жазумен айналысқандығын көрсетеді.Фараби-алғашқы ислам философы және ислам философиясын қалаушы.Кейбір зерттеушілердің пікірінше,Фарабидің «Ат-талисмус-сани» атты ең-бегірек философиясына еліктеушілік.Олай болса бұл өте жемісті елік-теушілік,өйткені ол өзінен кейінгі бүкіл дүние ой-пікіріне құрмет көрсеткен Ибн Сина осы кітаптың арқасында грек философия-
сын үйренген.Ибн-Сина былай деген еді: «Бір кітап дүкенінен сатып алған Фарабидің кітабын оқы-ғанда,бұрын еш түсіне алмаған грек метафизикасын толығымен осы кітаптан үйрендім».Фараби музыкамен де айналысқан, тіпті «канун» деп аталған аспапты (домбыраға ұқсас) өзі ойлап шығарған және осы аспаппен бірнеше әндер де шығарған.Оның «музыка- кітабы»-музыка жөнінде жазылған алғашқы ғылыми зерттеу.Фараби Алепподан Шамға(Дамаск),Шамнан Каирге сапар шеккенде жұрт арасына өзінің пікірлерін таратқан,білімге қызмет еткен.Ол Алеппода 950 жылы январь айында қайтыс болып,Шам қаласының жанындағы Баб-ул-Сағыр деген жерде жерленді.Фарабидің ойы,қөз қарастары,өте жемісті еңбектері, түсіндіргісі келген ойын өте жеңіл түсіндіре алатын қасиеті Шығысты да,Батысты да таң қалдырды.
Әбу Насыр әл-Фараби (870— 950) -қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым, астролог, музыка теоретигі. Ол әскербасының отбасында дүниеге келген. Отырар медресесінде, Шам, Самарқан, Бұқара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдат шаһарларында білім алған. Ол түркі ойшылдарының ең атақтысы, әлемдегі екінші ұстаз атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Орта Азия, Парсы, Иран, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейген ол көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасады. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл. Философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 164 трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады. (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған.)Адамның өз болмысын өзі танып-білуіне философиялық тұжырымдар жасаған. Бұл мәселені логика, этика, педагогика тұрғысынан кеңінен саралап, өзара сабақтастықта қарастырады. Ол рухани бастауларды жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қанағаттанудан, бақыттан іздестірді. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері” және т.б. еңбектері бар.Ғылымдардың шығуы” деп аталатын трактатында математиканың шығу тегі мен себептерін ашуға тырысады. Астрономияға байланысты еңбектеріне “Алжебрге түсініктеме”, “Геометриялық фигуралардың егжей-тегжейі жөнінде табиғи сырлары мен рухани әдіс-айлалар кітабын” жатқызуға болады. Арифметика саласында “Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе”, физика саласында “Вакуум туралы”, медицина саласында “Адам ағзалары жөніндегі Аристотельмен алшақтығы жөнінде Галенге қарсы жазылған трактат”, музыкаға байланысты “Музыканың ұлы кітабы” еңбектері әлемді мойындатқан дүниелер.
Сүлеймен Бақырғани
Сүлеймен Бақырғани (12 ғасырдың басы - 1186) – сопылық дидактикалық сарындағы әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі, ойшыл, ғұлама, ақын, «Түркістан пірі» атанған Қожа Ахмет Яссауидің атақты төрт шәкіртінің бірі. Түркістан қаласында дүниеге келген. Самарқанд, Бұхара, Хорезм, Шам қалаларында білім алған. Халық арасында Әкім ата деген атпен белгілі. Атақты түрколог А.Боровтың зерттеулері бойынша, Сүлеймен Бақырғани өз жырларын кезінде бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған оғыз-қыпшақ тілінде жазған. Ол сопылық поэзия үрдісін жалғастырып, түркі тілінде діни хикметтер жазған, әулие дәрежесіне жетіп, ел-жұртын имандылыққа, адамгершілікке үндеген. Ғұлама кітаптарының түпнұсқасы сақталмаған, көшірме нұсқаларының жазылу мерзімі 15 ғасырға жатады. 17 ғасырда жазылған қолжазба Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы қорында сақтаулы. Оның көлемі 652 бет, 119-489 беттері бірыңғай Сүлеймен Бақырғанидің хикметтерінен тұрады. Ғалымның «Ақырзаман», «Бибі Мәриям» кітаптары діни мектептерде оқулық ретінде пайдаланылған. «Ақырзаман» дастанының мазмұндық желісін Тажал мен Мәдінің күресі, ақырзаман белгілері, махшар күні мен Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) өз үмбеттерін тозақ отынан құтқаруы құрайды. Ал «Бибі Мәриям» дастанында ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік, Аллаға құлшылық ету, Хаққа деген шексіз сенім бейнеленіп, Мұхаммед, Иса пайғамбарлардың (ғ.с.) үмбеттерінің қамын ойлауы басты назарда ұсталған. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Орталық кітапханасында «Хакім ата» кітабының 1878 жылы Қазан университеті баспаханасында жарық көрген нұсқасының фотокөшірмесі сақталған. Кітап ақынның төл шығармасы емес, ол жайлы жазылған аңыз-хикаяттардың жинағы. Бұл ? Сүлеймен Бақырғани жайлы тұңғыш баспа бетін көрген еңбек, Ф.Амашев деген адам бастырған, көлемі 20 беттік прозалық шығарма. Кітап түрлі кезеңдерде өмір сүріп, Яссауи үлгісінде хикметтер жазған ақындардың шығармаларынан тұрады, хикметтердің әрқайсысының соңында авторларының аты аталған. Онда Машраб (9), Қожа Ахмет (10), Тәж Ахмет (1), Құл Сүлеймен (Хакім Сүлеймен, Хакім ата, 35 рет), Шәмсіддин (32), Құл Шариф (4), Иқани (20), Құл Ұбайда (13), Фақири (2), Байза (1), Лутфи (2), Ғазали (1), Насими (1), Туфи (1), Қасым (1) есімдері көрсетілген. Жинақтағы Сүлеймен Бақырғани хикметтерінің көлемі 1200 жолдан асады. Кітапта 9 дастан берілсе, оның екеуінің ? «Расул Миғражы» мен «Исмайыл» қиссасы Сүлеймен Бақырғанидікі екендігі көрсетілген. «Расул Миғражы» қиссасы арапша ережеп айының 27-ші кешінде Алла әмірімен көкке көтерілген Мұхаммед пайғамбар сапарына арналған. Бұл оқиға Құран Кәрімнің 17-Ісра сүресінде айтылған. Ал 74 шумақтан тұратын «Исмайыл» қиссасы Құрбан айт мерекесінің шығу тарихын баяндайды, ол 37-Саффат сүресінен алынған оқиға негізінде жазылған. Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) қайтыс болуына байланысты дастандар Шәмсі асынікі, Мұхаммед пен Ибраһим жайлы дастан Ғұбайдулланікі, «Ақтым қиссасы» Хытаи сақынікі деп берілген, «Жарым алма хикаясы» дастанының авторы көрсетілмеген. Сүлеймен Бақырғани шығармаларының басты тақырыптары ? сопылық ағым қағидалары, Аллаға деген сүйіспеншілік, оны мадақтау, Аллаға құлшылық етуге, исламның шарттарын мүлтіксіз орындауға шақыру. Шығарманы ежелгі дәуір әдебиетіне тән Аллаға мадақ айтудан бастап, соңында автордың өзі туралы мәлімет беруі, кейіпкерлердің аса мінсіз болып суреттелуі, сұлулықты асыл тастарға теңеу сияқты дәстүрлер Сүлеймен Бақырғани шығармаларынан да байқалады. Ақынның имандылықты, ізгілікті жырлаған, білімділікке, сабырға, төзімділікке шақырған, нәпсіқұмарлықты, дүниеқоңыздықты, менмендікті, тәкаппарлықты сынаған өлеңдері мен өмірдің өткіншілігі жайлы ой-пікірлері кейінгі кезең ақындары шығармаларында жалғасын тапты. Бақырғани кітабындағы қисса-дстандар желісімен 19 ғасырдың 2-ші жартысы мен 20 ғасырдың басында Ж.Шайхысыламұлы, М.-Ж.Көпейұлы, А.Сабалұлы, Ш.Жәңгірұлы, Е.Көлдейбекұлы, т.б. қиссашыл ақындар жыр жазды. Біздің заманымызға көшірме қолжазбалар арқылы жеткен ақын мұрасын жариялау ХІХ ғасырдың орта тұсында мықтап қолға алынды. Алғаш рет 1846 жылы Қазан университетінен қадим әліпбиімен басылған Бақырғани шығармалары өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарына дейін он алты рет жарық көрді. Кешегі кеңес заманында түркі халықтарының әдебиет тарихына қатысты томдар мен жинақтарда ақын хикметтерінен үзінділер жарияланды. Тек өткен ғасырдың соңына қарай 1991 жылы Ташкентте (Өзбекстан), 2000 жылы Қазанда (Татарстан) бұрын Қазан төңкерісіне дейін жарияланған литографиялар негізінде қайта басылды. Сондай-ақ Бақырғанидың бірнеше хикметтері Б.Сағындықов, Р.Ахметов және Н.Мәтбек тарапынан қазақшаға тәржімаланып, жарық көрді. Ақынның кітабы 1897 жылы Е.Маловтың «История общества археологи, истории, этнографии» (XIV) атты еңбегінде басылған. 19 ғасырдың соңында Е.Малов, Н.Маллицкий, Ф.Катанов, М.Көпрүлү, т.б. ғалымдар ғұлама еңбектерін зерттеген. Дереккөздері: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 8 том «Тарихи тұлғалар» кітабы.
Омар Хайям
Парсы математигі, астрономы, ақын, философы (толық аты — Абу-ль-Фатх Омар ибн Ибрахим аль-Хайям) шамамен 1048 жылы Хорасанның Нишапур қаласында дүниеге келген, әрі сонда қайтыс болған. Жас кезінде жақсы отбасының тәрбиесінде болған, әрі өлеңге құмартып өскен, оның кейбір өлеңдері осы күнге дейін жеткен. Нишапурда жүмыс атқарған кезінде, сол кездегі оқымыстылармен бірлесіп сол замандағы күнтізбеге өзгерістер енгізген. Оның ең негізгі еңбегі «Алгебра мәселелерінің дәлелі» атты кітап. Бұл кітаптың арабша қолжазбасы мен латынша аударма нұсқасы сақталған, әрі қазір көптеген шет тілдеріне аударлып басылды. Осы кітапта алгебраға "теңдеу шешетін ғылым" деген анықтама берген, бұл анықтама 19-ғасырдың соңына дейін сақталып келді. Кітапта тағыда тұңғыш рет өзі ашқан көнуыстық қисықтардың көмегімен үшінші дәрежелі теңдеуді шешудің әдісі берілді, бұл алгебра мен геометрияны біріктрген керемет әдіс еді. Ол тағыда екімұшеліктердің жаймасын, тарқату әдісін да зеріттеген. Евклидтің кітабын аударып және оған түініктеме берген. Оның «Евклидтің геометрияның бастамалары кітабындағы қиын формулаларға түсініктеме» атты кітабы шығыс математикасының дамуына ерекше рөл атқарған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет