Дәрістер Мәдениеттану пәніне кіріспе


Қазақтардың 20 ғасырдағы мәдениеті



бет18/18
Дата20.10.2022
өлшемі161,52 Kb.
#44367
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
madeniettanu darister (1)

Қазақтардың 20 ғасырдағы мәдениеті

Жоспар:
1. Қазақстанның Ресей империясының құрамына енуі және қазақ зиялыларының көзқарастары мен сол кездегі қосқан үлесі


2. Қазақтардың 20 ғасырдағы мәдениеті мен сол кездегі өзгерістер
Қазақстанның Ресей империясының құрамына енуі және қазақ зиялыларының көзқарастары мен сол кездегі қосқан үлесі.
Қазақстанның Ресей құрамына енуі туралымынадай жалпы бір схема көп жылдар бойы ақиқаттың бірден бір көрінісі деп есептеліп келеді;
1. Қазақстан Ресейге қосылмаса, жоңғар шапқыншылығынан халық ретінде құрып кетер еді.
2. Қазақ халқы Ресей арқылы Еуропаның озық мәдениетімен танысты.
3. Ресейге қосылу нәтижесінде Қазақстанда феодализм шайқалып, озық капиталистік өндіріс тәсілі ене бастады.
4. Қазақ еңбекшілері Ресей пролетариаты мен шаруаларының революциялық күресіне араласты.
Отарлау саясаты мәдениетке еш жерде де қолайлы болған емес. Орыс лтарлауы қалалаық және егіншілік мәдениетті шеткі өңірлерде енгізу мақсатында жүргізілген жоқ. Қайта олардағы барды жоқ қылып, мүлдем жойып жіберуді көздеді. Петербургте 1866-1888 жылдары ай сайын шығып тұратын ғылыми-саяси журнал «Дело» өзінің 1869 жылғы 3-санында былай деп жазыпты: Ресей үшін қазақтар көшпелі қалпында астығымыз бен қолөнер бұйымдарымызға кіріптар болып қалғаны тиімді. Олар тері және басқа шикізаттады өңдеуші ретінде қаже. Сондықтанда оларды жартылай жабайы түрінде ұстауы керек.»
Араб алфавитін ығыстыру мақсатымен миссионерлер кирилицаны енгізуге шақырды. Бұл орыстандыру саясатының негізгі құралы еді және олардың түбінде қазақтарды христиан дінін қабылдауға әкелмек ойлары болды.
Қазақ мәдениетіне өзінің үлесін қосқан қазақтың алғашқы ғалымдарының бірі – Шоқан Уәлиханов орыстың әскери мектебінің түлегі еді.Арғы атасы Абылайды пір тұтқан Шоқан өз халқының мәдениетін жоғарғы деңгейге көтеруге тырысты. Бұған негізгі құрал оның ағартушылық әрекеті болып табылады.
Қазақ ағартушылығына Еуропадағы ағылшын, неміс, франуздардағы сияқты жалпы орталық белгілер тән. Ең бастысы – білім мен ғылымды адамдарды бақытқа жеткізетін күш деп ұғыну. Алайда қазақ ағартушылығының өзіндік ерекшеліктері де жеткілікті.
Ағартушылық мәдениеттегі негізгі тетік – адам. Шоқан сыртқы әлемге ала адамын түсіндіргісі келді. Осы мақсатпен ол қазақ және қырғыз халықтарының миф-аңыздарын, салт-дәстүрін, діні мен тілін зерттейді. Шоқаннның «Үлкен қырғыс-қайсақ ордасының ескі аңыз әңгімелері», «Қазақтағы шамандықтың іздері», «Қашқария туралы жазбалар», «Сахарадағы мұсылмандық туралы» және т.б ғылыми еңбектерде және басқа түрік халықтарының энциклопедиялық тадау берілген.Не бары 30 жасқа дейін өмір сүрседе ол өзін дарынды тарихшы, тіл маманы, геогрф, мәдениеттанушы ретінде Еуропа мен Азияға таныстырып кетті.
Патшалық Ресейде білім алған империя офицері ретінде ол әрине, Черняев экспедициясына қатысты, басын қтерге тігіп, Қашқарияға жасырын барды. Ол жақсы әскербасы деп ойлаған Черняевті Шоқан өз халқының мүддесіне қолданғысы келіп, оның жорығына қатысты. Алайда, орыс әскерінің қылмыстарын байқаған Шоқан, патша қызметін тастап, еліне қайтып келеді. Достаевскийге жазған бір хатында Шоқан, отандастарыма пайда тигізу үшін тіпті сұлтан болғымда келді дейді. Алайда, өмір шындығы оның бұл ойының қиял екендігін көрсетті.
Шоқан арласқан тағы бір мәселе мұсылмандық туралы болды. Қазақстарды жылдам христианға айлналдыра алмайтындығына көзі жеткен патша әкімдері исламның өздеріне қажетті жақтарын нығайту мақсатымен далаға көптеген татар және Бұхар молдаларын жіберді. Шоқан осы саясатқа қарсы шығып, орыс-қазақ мектептерін көбірек ашуды талап етті.
Қазақ мәдениетінің кемелденуіне үлкен үлес қосқан тұлға – Ыбырай Алтынсарин.Ыбырай халық ағарту ісінің практикалық және дидактикалық мәселелерін шешуге тікелей ат салысты. «Қазақ хрестоматиясы» және қазақ балаларына арнап орыс тілін үйретуге арналған оқу құралдарын жазды. Сонымен бірге Ыбырай қазақтың әдеби тілінің негізін салушылардың бірі және халықтың ауыз әдебиетін , әдеп-ғұрыпын зерттеуші ретінде белгілі. 1874 жылы Алтынсарин Ресей географиялық қоғамының Орынбор бөлімшесінің мүшесі болып қабылданды. Оның «Кел, балалар, оқылы» атты еңбегі белгілі.Ыбырай 1884 жылы Қазан қаласында өзінің атақты «Ислам шариаты» атты кітабын жазды. Мұнда ол мұсылмандықтың негізгі қағидаларын жазған.
Қзіргі қазақтың рухани мәдениетінің негізін салушы – ұлы философ- ақын Абай Құнанбаев. Қазақ мәдениетінің ғасырлар бойы қалыптасуында осы процеске сыншыл көзбен қарап, оны ақыл және жүрек таразысынан өткізген адам болды. Ортағасырлық озық мәдениетінен, қалалары мен жазуынан айырылған халықтың бар сенімі фольклор еді. Көшпелі мәдениетке қолайлы форма – ауыз әдебиеті, ел басқарудың ұтымыд түрі – билер соты. Алайда Қазақстанды Ресейлер өзінің тікелей отарына айналдырып, жаңа әкімшілік тәртібін енгізді.Абай орыстық білім мен техниканы насихаттағанымен, христиан дінінен қазақты аулақ болуға шақырады. Ислам – халықтың мәдениеттің тірегі, оның рухани қазығы. Абай исламды қазақ халқына тұрақты жаңа өркениетті, жоғары имандылықты қалыптастыру құралы ретінде уағыздады. Сонымен қатар Абай өзінің қара сөздерінде қазақ халқының кемшілктері туралы айтады. Ол көршілес халықтардың жақсы әдеттерін үйренуге шақырады. Ұлттық мәдениеттің қорғаушысы деп Абай Руханилықты, имандылықты, сезімді ұсынады. Ақыл ерік және жүрек таласы соңғысының пайдасына шешіледі.
Қазақ мәдениеті 20 ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордың ар жағындағы халықты тлғандырып оны азаттық үшін күресуге ұтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күрес бүкіл Ресей империясын қамтыды.
20 ғасырдың басында қазақтың алғашқы саяси қайраткерлердің бірі – Міржақып Дулатов. Ол «Оян, қазақ!» еңбегінің авторы. Ол алғаш рет қазақ халқын азаттық үшін күреске шақырды. 2 ғасыр арасында қазақтың ұлттық санасының дамуына үлкен әсер еткен тұлғаның бірі – Әлихан Бөкейханов. Ол қазақ хандарының тікелей ұрпағы, ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі , қазақтың алғашқы саяси партиясының басшысы, қазақтың 1-і ұлттық үкіметі – Алашорданың көсемі. Ол Абай шығармалары туралы тұңғыш мақала жазды. Көптеген еңбектер жазды. 1899 ж «Түркістан ведомостваларында» жарияланған «Қырғыздың қобыландыдағы әйел» еңбегі белгілі. Мұндағы мәселе қазақтың рухани мәдениетінің бай мұрасына байланысты.
Қазақтың рухани мәдениетінде өшпес із қалдырған тұлғалардың бірі – Шәкәрім Құдайбердіұлы. Оның тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Ол Абайдың немере інісі. Арнайы оқу орнында оқымасада араб,пасы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйренді. Абай сияқты Шәкәрім қазақ елін қалай өркениетті мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынды. Тәңір, нұр, табиғат – ол үшін қасиетті ұғым. Әлем мен адамға бағыт беретін – Нұр деген. Кеңес үкіметі кезінде сан қырлы құбылыстарды басынан кешірді. 1916 жылы басталған күрес келесі жылы мақсаттарына жеткендей болды. Уақытша үкімет халыққа бостандық береміз деп тек сөз жүзінде айтқан. Революция жасай сала Ә.Бөкейханов «Жаңарған Ресейдің ерікті азаматтары- қазатарға» өз үндеуін жариялады.
Революция басталған кезде маңызды мәселелердің бірі ұлттық-мәдени автономияға қатысты болды. 1917 ж 21-26 шілдеде Орынбор қаласында 1 –бүкілқазақтық съез өтті. Онда Алаш партиясының бағдарламасы жарияланды. Бүкіл бағдарлама 5-12 желтоқсанда өткен Бүкіл қазақтың 2 съезінде құпталынып осы құрылтайда ұйымдастырылған Алашорда үкіметінің негізгі заңына айналды. Сонымен 1917ж аяғына таман Қазақстан прогресс жолында талай жетістіктерге жетті.
Алайда болбшевиктер орнатқан тоталитарлық жүйе қазақ халқының азаттық алу, мәдени өркендеу мүмкіндіктерін құлдыратты. Сұмдық қылмыстар Кеңес Одағы кезінде жасалды. Тоталитарлық жүйе өз халқын қырды, зиян келтірді. Әсіресе, қазақ халқы әсіресе қор болды. Оны қазақ халқының тағдырынан анық көруге болады.
Ұлттық мәдени тұтастануға кеселін тигізген большевиктік тәжірибелер:
1. Демографиялық геноцид. Мақаш Тәтімовтың есептеуі бойынша қазақтар шетелге көшкенде 4,5 млн. Адамнан айырылған.
2. Этномәдени экспанция. Бос қалған кең далада келімсектер толтырылды. 1959ж 92% болса, өз халқы кейін 29% төмендеді. Голощекин жүргізген «Кіші Октябрь» кесірінен болған. Келімсектердің келуі қазақ мәдениетін шайқалтты.
Төлтану мәдениетіне үлкен нұқсан келтірген большевиктік тәжірибелердің бірі - ұлтаралық некелесу болды. Осылай әр түрлі ұлт адамдарын үйлендіру арқылы оның ұлттарын жою мақсаты болды. Ол орыстандыру сипатта болды. Қазақ кеңес үкіметі кезінде мәдени салаларда едәуір жетістіктер болды. Әрбір одақтық республикада өз ғылыми акдемиясы мен университеттері болды.Әр ұлттың мәдени архитиптерін шайқалту Кеңес Одағында мемлекеттік саясат дәрежесінде жүргізіледі. Мысалы, 1951ж орталық мұсылман халықтарының «Деде Қорқыт», «Алпамыс», «Манас», «Ер Сайын», «Шора Батыр» сияқты эпостарды діншіл және ақсүйектік деп жариялап, оларға тийым салды. Баспасөз, газет-журналдар шығарды, Радиохабарлары, теледидар ауылға дейін жетті. Балет, опера пайда болды. Қазақ бұлбұлы Күләш Байсейтова, Шәкен Айманов, биші Шара өз өнерімен таң қалдырды. «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Қозы Көрпеш Баян сұлу», «Манас» және т.б туындылар өмірге келді. Тарихи ескерткіштерді қорғау, сақтау, Қазақстан тарихын көсету мақсаттарында респуьликада көптеген мұражайлар ұйымдастырылды. 80-жылдарда республикада 47 мұражай, оның ішінде 29өлкетану, 5 тарихи мемориалдық, 4 әдеби-мемориалдық, 4 өнертану,1 этнографиялық музей жұмыс істеді.
Сөйтіп 1991 дылы Қазақстан Тәуелсіздігін алды.

Глоссарий


Қазақ мәдениеті
«Аз и Я» кітабының авторы – О.Сүлейменов.
«Аңшылық стилі» - сақтардың зергерлік өнер ерекшелігі.
Айтыс – ақындар жарысы.
Анахарис – скиф философы.
Әдет – күнделікті құқық нормасы.
Әруақ – қазақтардың алдыңғы ата-тектерінің табынуы.
Бақсы; кам – қазақ шаманы.
Бет ашар – некеде «бет ашу» ғұрпы.
Дастан – лирикалық тұрмыс-салт поэмасы.
Жар-жар – үйлену тойында айтылатын ән.
XIX ғ. қазақ фальклорынзерттеуші – Г.Потанин.
«Китабы дәдем Қорқыт» - Оғыздардың (түрік) адамгершілік нормаларының қайнар көзі.
«Кодекс куманикс» - қыпшақтардың (құмандар) әдеби тіл ескерткіші.
Көк тәңіріне табыну – арғы қазақтардың дәстүрлі сенімі.
«Көшпеділер» трилогиясының авторы – І.Есенберлин.
«Қайырымды қала тұрғындары жайлы трактат» Әл-Фараби жазған.
Қазақтардың ата-тегі көшпелі түркі өркениетінің өкілдері.
Қазақ әліпбиінің реформаторы – А.Байтұрсынов.
Наурыз көже – Жаңа жылдық тағам.
Неке – некеге отыру дәстүрі.
Тамғалы – қасиетті орын.
Төстік – Дәстүрлі қой еті.
Ұран – тамға – этникалық ажыратылым белгісі.
Шаңырақ – қазақтарды ұрпақ жалғасының белгісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет