Дәрістер тезисі


Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаттары



бет98/114
Дата18.03.2022
өлшемі0,57 Mb.
#28391
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   114
Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаттары:

  • Қоғамдық қатынасты үйлесімді дамыту, халықтың әр түлі топтарының мүдделері мен қажеттіліктерін қоғамның мүддесімен келістіру, қоғамдық саяси жүйені тұрақтандыру.

  • Халықтың материалдық тұрмыс жағдайын көтеруге жағдайлар жасау, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандыру, әлеуметтік мүдделерді теңестіру.

  • Халықты әлеуметтік қорғау мен мемлекеттік кепілдік беретін әлеуметтік экономикалық құқықты қамтамассыз ету. Оның ішінде халықтың табысы аз, тұрмыс жағдайлары төмен бөлігіне қолдау көрсету.

  • Қоғамдағы еңбекпен қамтамасыз етуге ықпал ету.

  • Қоғамдағы қылмыс деңгейін төмендету.

  • Әлеуметтік салаларды (білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, тұрмыстық

үй т.б. ) дамыту.

  • Еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамассыз ету.

Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттің экономикалық саясатының әдістері

Әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үшін мемлекеттік реттеу әдістері қолданылады:



  • құқықтық реттеу – бұл барлық деңгейде қабылданған құқықтық актілер мен нормативтік құжаттардағы міндеттердің орындалуы;

  • қаржы- несиелік реттеу – қаржы ағындарын реттеу құралдары, яғни әлеуметтік саланы қаржыландыру үшін мемлекеттік бюджетте арнайы баптың қаралуы. Сондай-ақ бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар құру (зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру т.б.)

  • жекешелендіру - әлеуметтік саладағы кәсіпорындарды жеке меншікке беру шектелген, өйткені мұндай кәсіпорындардың шығындарын көпшілік жағдайда мемлекет өтейді. Сондай-ақ әлеуметтік саясатта төмендегі маңызды ұғымдар қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет