Дәрістер тезистері



бет14/17
Дата16.12.2023
өлшемі72,25 Kb.
#140041
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Геотропикалық иілу де өсуге байланысты. Сабақтың төменгі жағы қарқындылау өседі. Кейде күшті нөсер жаңбырдың немесе желдің әсерінен дәнді дақылдар құлап қалады да, біраздан кейін көтеріледі. гер өсімдіктер масақтанып, гүлденген болса, сабақтың тек үш жағы көтеріледі. Хемотропизм. Өсімдік мүшелерінің химиялық қосындылардың әсерінен өсу бағыттарын өзгертуі хемотропизм деп аталады. Ол тамырда, тозаң – түтіктерінде, шықшылдақтың без түтікшелерінде, т.б. байқалады. Тигмотропизм. Өсімдік мүшесінің басқа бір денемен жанасуына байланысты өзгеруі тигмотропизм деп аталады. Бұған өрмелеп өсетін өсімдіктер мұртшаларының , ауа тамырлар ұштарының , жапырақ , сабақтардың түрліше жанасу нәтижесінде бағытын өзгертулерін келтіруге болады. 
Термотропизм. Жылықтың бір жақты әсерінен өсімдіктерде термотропизм құбылысы байқалады. Асбұршақ тамырының өсу аймағының температурасы 26 0С –тан 410С-ға дейін көтерілгенде тамырдың өсуіне 5 есе артатындығы (кері термотропизм ) байқалады. 

Электротропизм . Өсімдік мүшесін электр алаңына орнатқанда, немесе өсімдікі арқылы электр тоғын өткізгенде электротропизм байқалады. Колеоптиль ұшынан көлденең ток (20 мк А ) 2мин өткенде оның иілгенін көруге болады. Өскіндерді эленктрлік алаңға (конденсатор қалақшыларының арасына) орнықтырып бақылау жүргізсе, өркендер оң ал , тамырлар теріс зарядты табақшаға қарай иіледі. Бірақ ол үшін өте күшті ток қолдану қажет болады. 


Травмотропизм. Өз кезінде Ч.Дарвин тамырдың бір жағына уытты затпен әсер еткенде (AgNО3)оның қисайып өсетіндігін байқаған болатын. Әдетте тамырлар зақымданған жағынан қарама-қарсы бағытқа иіліп өсседі. Мысалы, кейбір өсімдіктердің (қыша , күнбағыс,бөрібұршақ) өскіндерінен тұқым жарнақтарын толық жұлып тастап олардың қисайып өсетіндігін байқауға болады.Жапырақ алақанының бір шетін жұлып тастағанда сағақ пен орталық жүйе жараланған бағытқа қисаяды. Жапырақтарды түгел алып тастап сабақтың гүлшелерді бір жақты бөліп тастап , өркеннің жараланған жаққа бағытталып өсетіндігін байқауға болады. Көпщілік жағдайда травмотропикалық иілу өсімдіктің (оң травмотропизм) жараланған жағына бағытталады.

14



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет