Дәрістер тезистері



бет12/17
Дата16.12.2023
өлшемі72,25 Kb.
#140041
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Дедифференциациялдану - клетка дифференциациялданған күйінен тағы да бұрынғы эмбриондық қалпына келеді, каллус түзіледі. Бұл қасиет ұлпа өсіруде (ұлпаны жасанды ортада өсіру) пайдаланады. Оқшауланған клеткалар мен ұлпалар арнайы ортада ғылыми зерттеу жэне шаруашылық мақсатта өсіріледі. Бір клеткадан өсімдік өсіруге болады. Бірақ кейбір клеткалар дедифференциациялануға келмейді, мысалы, ядросы жоқ өткізгіш шоқтардың клеткалары.
Тотипотенттік - жекеленген клетканың көбейе-өсіп, толық орга- низмге айналу қабілеті. Көп клеткалы организмдердің әр клеткасында толық нэсілдік мағлұматтар жиынтығы болады. Тотипотенттік қасиет осыған негізделген жэне ол өсімдіктерге тэн. ¥рықтанған аналық жыныс клеткасында толық ген қоры бар, ол организмнің барлык мүмкіндіктеріне ие болады.
Детерминация. Детерминация - организмнің, мүшенің, ұлпа- ның немесе клетканың даму бағыты, ерекшеліктері. Ол ДНҚ молекуласындағы генетикалық мағлұматтың іске асыру нәтижесі. Детерминацияның дифференциацияға қатынасы «бұйрық» пен «бұйрықты» орындауға ұқсас болып келеді.
Гомеогенетикалық индукция. Дифференциалданған клетка қа- сындағы клеткаларға өзінің дифференциациялану жолын береді.

12

Тақырыбы: Өсімдіктің өсу гормондары (фитогормондар). Ауксиндер. Гибберелиндер. Цитокининдер.
Дәріс тезистері:
1.Өсімдіктердің өсуі мен дамуы.
2.Өсімдіктің және оның жеке органдарының өсуі.Өсімдіктің жеке мүшелерінің өсу ерекшеліктері.
3.Фитогормондар.
4.Ауксиндер.
5.Гиббериллиндер.
6.Цитокининдер.
7.Этилен.
8.Абсциз қышқылы.
9.Өсуді реттеуші химиялық заттар
Дәріс мақсаты: Өсімдіктердің өсуі және дамуы мен таныстыру.
Өсімдіктердің өсуі мен дамуы. Өсімдіктердің жалпы тіршілік дәуірі өсу және даму деген ұғымдармен сипатталады. Өсу процесі - өсімдік органдарының ұзарып, енденіп, жуандап, көлемінің, салмағының ұлғаюы мен және жеке мүшелерінің (жапырақ, бұтақ, өркен, тамыр т.б.) жаңадан қалыптасып, сандарының көбеюі мен бейнеленеді. Өсімдіктің және оның жеке мүшелерінің өсуі клеткалардың өсуіне байланысты. Жалпы айтқанда өсу жеке мүшелердің және тұтас өсімдік организмінің тіршілік әрекетінің нәтижесі болып есептеледі. Өсімдіктің тіршілік мерзімі өсу және көбею деген екі кезеңге бөлінеді. Бірінші - өсу кезеңіндегі жапырақтары, сабақтары, тамырлары қарқынды қалыптасып, көбейіп, бұтақтанады, түптенеді, гүл мүшелері қалыптасады. Екінші кезеңде өсімдік гүлденіп жемістенеді. Өсімдік гүлденгеннен кейін ондағы физиологиялық және биохимиялық процестер өзгеріп, жеке өсу мүшелерінің (вегетативтік) ылғалдылығы төмендеп, жапырақтағы азотты қосындыларының мөлшері күрт азаяды да, органикалық заттар сақтағыш (қор) орындарға шоғырланып, сабақтың ұзарып өсуі тоқтайды.Өсімдіктің дамуы деген ұғым сапалы физиологиялық және морфологияляқ, биохимиялық өзгерістерді бейнелейді. Бұндай өзгерістер организмде жаңа құрылымдардың пайда болуына байланысты өсімдіктің тіршілік өмірінің – онтогенезінің белгілі сатыларын – жастық шағын, жыныстық жетілуін, көбею, қартаю және тіршілігінің тоқтау кезеңдерін сипаттайды. Өсімдіктің өсуі қарқынды жүріп, дамуы баяу, немесе керісінше, дамуы қарқынды болып, өсуі бәсеңдеуі мүмкін. Мысалы, көптеген біржылдық өсімдіктер гүлдеген кезде олардың өркендерінің өсуі баяулап, кейде мүлде тоқтап қалады. Көп жылдық өсімдіктердің жапырақтары мен өркендерінің қарқынды қалыптасуы гүлденуінің кешігуіне себепші болады. Өсу көрсеткіштері төмен болып, даму процестері қалыпты, немесе өте қарқынды болған жағдайда өсімдіктің бойы қысқа, жапырақтары майдаланып, жемістілігі төмендейді. Өсу процестері қарқынды болып, дамуы баяу өсімдіктердің буындарымен буын аралықтары, жапырақ сандары көбейіп, жақсы гүлдегені мен нашар жемістенеді. Қорытып айтқанда, өсу мен даму процестері өзара тығыз байланысты. Өсу мен даму құбылыстарының жалпы сипаты, ең алды мен өсімдіктердің тұқым құалаушылық белгілеріне, яғни генетикалық факторларға тығыз байланысты. Организмнің барлық гендерінің жиынтығы генотип деп аталады. Онда тұқымқұалаушылық белгілер шоғырланған. Генотипке, алғашқы тегінде болмаған, мутациялық жолмен пайда болған гендер де енеді. Организмнің жеке тіршілік дәуірінде (онтогенезінде) байқалатын барлық ішкі және сыртқы белгілерімен қасиеттерінің жиынтығы фенотип деп аталады.
Өсу өсімдіктің тіршілік әрекетінің ең айқын көрінісінің бірі. Ол өсімдіктегі зат алмасу процесінің жиынтығына байланысты. Өсу процессі төмендегі көрсеткіштермен бейнеленеді:

13



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет