Дәрістер тезистері


Тақырыбы: Өсімдіктердің тыныс алуы. Тұқымның немесе өскіндердің тыныс алуы мысалында. Дәріс тезистері



бет10/17
Дата16.12.2023
өлшемі72,25 Kb.
#140041
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Тақырыбы: Өсімдіктердің тыныс алуы. Тұқымның немесе өскіндердің тыныс алуы мысалында.
Дәріс тезистері:
1.Тыныс алу процесіне сыртқы және кейбір ішкі жағдайлардың әсері.
2.Тыныс алу химизмінің өзге жолдары.
3.Тыныс алу жөніндегі Бах пен Палладин теориялары.
4.Ашу процесі және олардың түрлері.
5.Тыныс алу мен ашу арасындағы байланыс
Дәріс мақсаты: Тыныс алу процесіне әр түрлі жағдайлардың әсері мен таныстыру. Тыныс алу жөніндегі Бах пен Палладин теориялары мен таныстыру
Тыныс алу процесіне әр түрлі жағдайлардың әсері.Өсімдіктердің тыныс алуы үнемі өзгеріп отыратын процесс, ол көтеген ішкі және сыртқы жағдайларға байланысты. Тыныс алу субстраттары, физиологиялық процестердің жалпы активтігі, өсімдіктердің жасы, ұлпалардың түрлері және олардың орналасуы, өсімдіктердің географиялық щығу тегі осындай жағдайлар болып табылады. Сыртқы жағдайлардың ішінен оттегінің болуы, температура, жарық түсу жағдайлары, ортаның ылғалдылығы тыныс алуға әсер етеді. Тыныс алу процесінің дең гейі көп жағдайда ұлпалардың мүшелерінде орналасу ретіне де байланысты. Мүшелердің сыртқы бетіне жқын орналасқан және оттегімен жеткілікті қамтамасыз етілген ұлпалардың тыныс алу қарқыны едәуір жоғары болады. Картоптың тыныс алу қарқыны 1г құрғақ салмағына бөліп , тәулік ішінде өлшесек, ол жұмсақ түйнегінде 3,8 мг, қабығында 11,3 мг, көзшелерінде 13,8 мг СО2- ге тең болады. Лимон жемісінің тыныс алуқарқынында да осындай айырмашылықтар бар. Оның тұтас жемісінің тыныс алу қарқыны 12,4 мг СО2, жұмсақ етінде – 10,6, ал қабығында 69,3 мг СО2-ге тең болады. Ұлпалар қаншама тереңдікте орналасса, оттегін соншама аз қабылдайды және тыныс алу қақыны соншама төмен ьолады.Онтогенез барысында өсімдіктің дамуына байланысты оның тыныс алу қарқыны да өзггеріп отырады. Тыныс алу қарқыны өсімдіктің өсе бастауынан оның толық қалыптасуынан дейін үздіксіз арта береді. Өсімдіктің гүлдеу кезеңінде ол максимум шамаға жетеді де, біртін деп кемиді.Өсімдіктің тіршілігін қамтамасыз ету шегінде оның температурасының артуы тыныс алу процесін күшейте түседі. Мұнда тыныс алуға қажетті минимум, оптимум және максимум температураны ажыратуға болады.
Тыныс алуға оттегінің әсері. Тыныс алу процесі қалыптағыдай жүзеге асуы үшін өсімдік клеткалары мен ұлпалары оттегімен үздіксіз қамтамасыз етілуі қажет. Дегенмен, тыныс алуға пайдаланылатын заттардың тотығу процестері анаэробтық жағдайда да іске асатындығы туралы бұдан бұрын айтылды. 
Тыныс алуға ауадағы СО2 мөлшерінің әсері. Ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері көбейгенде тыныс алу қарқындылығы төмендейді. Ауада СО2 мөлшерінің көбеюі өнген тұқымдардан көмірқышқыл газының бөлінуін көбірек тежейтіндіктен тыныс алу коэффициентінің шамасы төмендейді.
Тыныс алу және жарық. Тыныс алуға жарықтың әсері әліге дейін жете зерттелмеген. Дегенмен, жарықтың өсімдік организміндегі барлық процестерге әсерін тигізетіндігі ешқандай күмән туғызбайды.
Тыныс алуға температураның әсері. Тыныс алу негізінен биохимиялық-ферменттік процесс болғандықтан басқа процестерге (фотосинтез) қарағанда температураның өзгеруіне сезімталдау келеді..
Тыныс алуға ылғалдың (судың) әсері. Тыныс алу қарқындылығы өсімдік ұлпаларының ылғалдығына да байланысты өзгереді. Бұны бидай дәнінің әртүрлі ылғалдықта тыныс алуынан айқын байқауға болады.
Ашу процесі және оның түрлері. Микроорганизімдердің табиғатта азотсыз органикалық заттарды өзгеріске ұшыратуының үлкен маңызы бар. Мысалы, көмірқышқыл газы органикалық заттардан бөліну нәтижесінде атмосфераға қайтып оралады. Осы процесте бактериялардың атқаратын рөлі зор. Көмірқышқыл газының атмосфераға қайтып оралатын жолының бірі -ашу процесі. Ашу деп мироорганизімдердің әсерінен көмірсу, май, белок және басқа даорганикалық заттардың түрлі биохимиялық өзгерістерге ұшырауын айтады.

11



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет