Дәрістер тезистері


Тақырыбы: Өсімдіктің тамырмен қоректенуі. Минералды элементтермен қоректенудің физиологиялық ролі. Дәріс тезистері



бет8/17
Дата16.12.2023
өлшемі72,25 Kb.
#140041
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Тақырыбы: Өсімдіктің тамырмен қоректенуі. Минералды элементтермен қоректенудің физиологиялық ролі.
Дәріс тезистері:
1.Топырақтың өсімдіктің қоректенуіне байланысты ерекшеліктері.
2.Қоректік заттардың тамырға сіңу жолдары мен механизмдері.
3.Өсімдіктің минералдық қоректенуіне сыртқы орта жағдайларының әсері.
4.Тыңайтқыштарды қолданудың физиологиялық әдістері.
5.Тыңайтқыштардың топтары және қасиеттері.
6.Тыңайтқыштарды қолдану тәсілдері.
Дәріс мақсаты: Топырақтың өсімдіктің қоректенуіне байланысты ерекшеліктері.
Топырақ қоректік заттар көзі. Топырақ- құрамындағы әртүрлі элементтердің қосындылары өзара әрекеттесіп байланыстылықта болатын жиынтық. Топырақ ерітіндісінде өсімдік қоректенетін минералдық элеиенттердің мөлшері өте аз. Олар дың басым мөлшері топырақтың коллоидты бөліктерімен байланысқан (адсорбцияланған) күйде болады. Көптеген қоректік заттар топырақта суда еритін минералдар немесе органикалық қосындылар күйінде кездеседі.Топырақтың тек өзінде ғана өсірілген өсімдіктер өте нашар өсіп дамиды. Бұл топырақ ерітіндісінің қоректік минералдық заттарға өте тапшы болатындығын дәлелдейді. Демек, өсімдік топырақтағы байланысқан және ерімейтін минералдық заттардщы пайдалануға қабілетті болуы қажет.Топырақтағы өсімдік қогректенетін заттар қор күйде- суджа еріген (топырақ ерітіндісі), өсімдікке оңай сіңетін, бірақ тез шайылып кететін; топырақ коллоидтарының ибетінде байланысқан, шайылмайтын, бірақ өсімдікке иондармен (Н+)алмасып , өсімдікке қиындықпен сіңетін анорганикалық тұздар (сульфаттар, фосфаттар, карбонаттар) күйінде болады.Заттардың топыраққа сіңіруінің бес түрі бар.
1.Механикалық сіңіру қабілеті. Топырақтың қуысты- саңылаулы дене ретінде ірі бөліктелген заттарды бойында ұстап қалу қасикті (сүзгі сияқты).
2. Физикалық сіңіру қабілеті. Топырақтың қатты бөлігі мен топырақ ерітіндісінің жанасқан жерінде беттік кернеуге байланысты майда бөлікшелердің- иондарының шоғырлануы (концентрациясының жоғарылауы, адсорбциялануы).
3.Физикалық- химиялық сіңіру қабілеті. Элементтердің біразы топырақ бөліктерінің, немесе ерітінді бетінде адсорбцияланады да, басқалары топырақ бөлікшелерімен химиялық алмасу реакцияларына қатысады.
4.Химиялық сіңіру қабілеті. Топыраққа енген заттардың ерімейтін қосындыларға айналуы. Мысалы, кальцийі мол топыраққа фосфорлы тұздар енгенде, өте нашар еритін қосынды- Са3 (РО4)2 пайда болады.
5.Биологиялық сіңіру қабілеті. Бактериялардың, саңырауқұлақтардың және басқа микроорганизімдердің тіршілік әрекеттеріне байланысты элементтердің сіңуі.Өсімдіктің қоректенуінде топырақтың қарашірігінің (гумус) үлкен маңызы бар. Оның құрамындағы көптеген микроэлементтердің (Cu, Zn, Se, Mn, Co, Ni)концентрациясы топырақтағыдан жүздеген, кейде мыңдаған есе көп болады.
Қоректік заттардың тамырға сіңу жолдары мен механизімдері.
Тамыр жүйесі өсімдікті топыраққа бекітіп, су мен минералдық элементтерді сіңіріп, бірінші болып оларды зат алмасуға енгізетін, өсімдік ұлпалары мен органдарына тасымалдап, тарататын мүше болып есептеледі. Сонымен қатар, тамырда көптеген биосинтездік процестер жүзеге асады.Тамыр жүйесінің топырақта тереңдеп, жайылып өсу деңгейі өсімдіктердің қоректік заттарды игерудегі ерекшеліктерін анықтайды. Барлық өсімдіктерде қоректік заттардың негізгі бөлігін тамырдың жас, өсіп тұратын бөліктері сіңіреді,
Өсімдіктердің қоректенуіне жылылықтың әсері. Өсімдіктердіңтіршілік әрекеттерінің қалыптылығы орта температурасының белгілі шектерінде ғана байқалады. Сұлы, бидай тұқымдарының өнуі – 25оС, жүгері, құмай тұқымдары- 32- 35оС, қияр менасқабақ тұқымдары- 33-35оС температурада өне алады. Көп жағдайда дәнді дақылдардың азот пен фосфорды қалыпты сіңіру орта жылылығы 23-25оС шамасында байқалады.Тамыр жақсы өсу үшін топырақ температурасы өсімдіктің жер үсті мүшелерінің жақсы өсуіне қажетті ауа температурасынан төмендеу болады.
Өсімдік қоректенуіне жарықтың әсері. Өсімдіктердіңтіршілік әрекеттерінің барлығы, соның ішінде тамыры арқылы сыртқы ортадан қоректік заттарды сіңіріп игеруі де жарыққа тікелей байланысты.Өсімдіктер қоректік заттарды күннің алғашқы сәулелері көріне бастамасымен қатар-ақ қақынды сіңіреді. Қараңғы түсісімен фотосинтез қарқындылығы да, қоректік заттардыңсіңуі де төмендейді. Қараңғыда көп сақталған өсімдіктердің элементтердісіңіруі мүлде тоқтап қалады.
Тыңайтқыштарды қолданудың физиологиялық негіздері. Мәдени және жабайы өсімдіктерден жыл сайын шаруашылыққа пайдаланылатын өнімнің құрамында біраз мөлшерде макро- және микроэлементтер де болады. Сондықтан өсімдіктерді минералдық элементтермен қамтамасыз ету және топырақ құнарлылығын қалпында сақтау мақсатында жзасанды минералдық және органикалық тыңайтқыштар кеңінен қолданылады.Тыңайтқыштарды ұтымды және тиімді пайдалану үшін, ең алдымен өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерін, соның ішінде қоректік элементтерді пайдалану деңгейін, екіншіден өсімдіктен алынатын өнім мөлшерін, оның ішінде элементтердің мөлшерін алдын- ала болжау қажет. Осыған байланысты әртүрлі топырақ құрамындағы элементтер мөлшері олардың қосындщылар құрамындағы күйлерін, яғни сіңгіштік деңгейін анықтау керек. бөлінеді.

9



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет