Дәрістер тезистері


Тақырыбы: Өсімдіктердің минералды қоректенуі



бет7/17
Дата16.12.2023
өлшемі72,25 Kb.
#140041
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Тақырыбы: Өсімдіктердің минералды қоректенуі. Макроэлементтер. Микроэлементтер.
Дәріс тезистері:
1.Өсімдіктердің минералдық заттар мен қоректенуі.
2.Минералдық элементтердің өсімдіктегі мөлшері.
3.Өсімдіктердің азотпен қоректену ерекшеліктері.
4.Макроэлементер,фосфор.күкірт,калий,кальций,магний,темір, натрий,хлор, кремний алюминий.
5.Микроэлементтер.Бор,марганец,мырыш, мыс, молибден, кобальт.
Дәріс мақсаты: Макроэлементер және микроэлементтермен таныстыру
Минералдық қоректену.Минералдық қоркетену жағдайларының көп жақты әсері бар.Fe, Cu, Mn, Mo, Zn сияқты микроэлеиенттер ферменттердің құрамды бөліктері немесе олардың активаторлары болып табылады. Олардың фотосинтезге әсері ферменттердің активтігіне байланысты. Темір мен магний ерекше қажет, темір- ферменттер активаторы ретінде, ал магний- хлорофил молекуласының құрамды бөлігі ретінде тікелей хлорофилдің синтезделуіне қатысады. Азот хлорофил молекуласын құруға қажет. Азотттық қоректену жетіспеушілігі кезінде фотосинтез қарқыны кемиді. Калийдің де фотосинтез қарқынына әсері осындай, ал фосфор ерекшекүшті әсер етеді
Минералды қоректену туралы ілімнің даму тарихы.Орыстың атақты ғалымы – химик Д. И . Менделеев (1834-1907) өз өмірінде химия ғылымының дамуына аса бағалы үлес қосумен қатар , басқа да ғылымдар саласында , соның ішінде егін және мал шаруашылығының жан- жақты дамуына үлкен еңбек сіңірді. Оның тыңайтқыштарды өндіру мен қолдану , топырақты өңдеу , көп жылдық шөптердің маңызы , ауылшаруашылық өнімдерінің химиялық технологиясы туралы салалы, терең ойлары осы күнге дейін мәнін жойған жоқ
Минералдық элементтердің өсімдіктегі мөлшері.Орташа есеппен өсімдіктің сусыз құрғақ затының құрамында көміртек –46 %, оттегі – 42%, сутегі – 6,5%, азот - 1,5 %,минералдық элементтер -5 %, шамасында болады. Органогендер деп аталатын элементтердің (С,О,Н,N) үлесіне өсімдіктің құрғақ салмағының 95 %-і тиеді. Қалған 5%-ін ғана минералдық элементтер құрайды . Осы элементтердің сапалық құрамы және олардың процентпен есептегендегі мөлшері сыртқы орта жағдайларына байланысты өзгеріп тұрады. Өсімдік денесіндегі мөлшеріне байланысты минералдық элементтер мынадай топтарға бөлінеді: 
Жеке элементтердің өсімдіктегі мөлшері көптеген жағдайларға байланысты өте өзгергіш келеді. Мысалы ,шөптесін өсімдіктердің тұқымдарында жалпы күлдіңмөлшері –3%, сабағында -4 % тамырында –5% , жапырағында –15%-ке жетеді. Кейбір өсімдіктер мүшелеріндегі жалпы күлдің және жеке элементтердің мөлшері 5,1кестеде келтірілген .
Өсімдіктердің азотпен қоректену ерекшеліктері. Азот - қосылыстары өсімдік жасушаларының шамалы мөлшерін құрайтын болса да, олардың маңызы зор. Азот, ақуыздар, амин қышқылдары, амидтер, алкалоидтар, гормондар, нуклеин қышқылдарының құрамына кіреді. Азотты заттар негізінен өсімдіктердің жапырағында және өсуге бейімделген меристема жасушаларында көбірек жиналады. Мысалы, қарағаш және шаған камбий жасушаларының құрғақ салмағының 30%-ы , ал ксилема жасушаларының 5%-ы ғана азоттың үлесіне тиеді. Сол себептен азот жетіспеушілігі өсу процесін тежейді.Ұрық пен дәндер де көп мөлшерде азот жиналады, демек бұл жердегі азот қоректік заттардың құрамына кіреді.
Макроэлементтер – макроэлементы. Өсімдік құрамындағы мөлшері проценттің жүз бөліктеріне дейінгі шамада болатын және өсімдіктер көбірек пайдаланатын элементтер. Макроэлеменеттер тобына көміртек, сутек, оттек, азот, күкірт, калий, кальций, магний, темір, фосфор, кремний және алюминий жатады. Бұларды алдыңғы төртеуі органогендер деп аталады.

8



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет