Дәрістер тезистері


-12-тақырып. Бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын дамыту жолдары



бет13/15
Дата22.01.2023
өлшемі64,08 Kb.
#62246
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
дәрістер

11-12-тақырып. Бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын дамыту жолдары

Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және жинақтауда қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларының негізгі тізбесіне қадағалау, интерпретация, талдау, қорытынды жасау, бағалау, түсіндіру, метатану кіреді. Сарапшылардың пікірінше, сын тұрғысынан ойлау проблемаларымен белсенді айналысатын адамдар мен топтар:


• қадағалау жолымен алынған деректерге;
• мәнмәтінге;
• барабар шешім қабылдауға арналған тиісті критерийлерге;
• ой-пікір, пайымды қалыптастыру үшін қолданылатын әдістерге;
• алдағы проблемалар мен мәселелерді түсіну үшін қолданылатын теориялық құрылғыларға лайықты көңіл бөледі. Сын тұрғысынан ойлау дағдысы мынадай бөлшектерден құрылады:
• проблемаларды анықтау және оларды шешудің шынайы құралдарын айқындау;
• проблемаларды шешудегі басымдықтардың, иерархияның және кезектіліктің маңызын түсіну;
• тиісті ақпаратты жинау;
• мәнмәтіндік алғышарттар мен басымдықтарды белгілеу;
• нақтылықты, анықтық пен объективтілікті сақтай отырып, сөзді түсіну және пайдалану;
• дәлелдер мен дәйектерді бағалау мақсатында деректерді интерпретациялау (түсініктеме беру);
• сөйлемдер арасындағы логикалық байланыстардың болуын (немесе болмауын) белгілеу;
• қорытындылар мен шолу жасау;
• алынған қорытындылар мен шолуларды сараптау;
• өз ұстанымдарының бастапқы моделін алынған тәжірибенің нәтижелері жүйесіне енгізу;
• күнделікті шынайы өмір тұрғысынан нақты нәрсе (құбылыстар мен т.б.) туралы бара- бар пікір қалыптастыру.
Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі:
• тиісті ақпарат жинауды;
• дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды;
• кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;
• ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.



13-14



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет