Дәрістер тезистері


– 7 - тақырып. Функционалдық сауаттылықты дамытуда оқушыларға қалай оқу керектігін үйрету



бет10/15
Дата22.01.2023
өлшемі64,08 Kb.
#62246
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
дәрістер

6 – 7 - тақырып. Функционалдық сауаттылықты дамытуда оқушыларға қалай оқу керектігін үйрету.

Оқу ұғымының мазмұны қол жеткен нәтижелер немесе пайдалы тәжірибе тұрғысынан қарастырылуы мүмкін. Зерттеу жұмыстарына жүргізілген талдау оқу нәтижелерінің бес сана- тын анықтауға мүмкіндік берді: 1. Оқу білім көлемінің сандық ұлғаюы ретінде. Оның нәтижесі алынған ақпарат болып табылады (негізгі міндет – «көп білу»). 2. Оқу есте сақтау ретінде. Нәтиже – қайта өндіруге болатын есте сақталған көлемді ақпарат. 3. Оқу ақпарат жинақтау ретінде. Нәтиже – есте сақталып, қажет болған жағдайда қолдануға болатын факті, дағды және әдістер жиынтығы. 4. Оқу мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде. Нәтижесі – оқушының пәннің құраушы бөліктері мен шынайы өмір арасындағы өзара байланыстарды анықтай алуы. 5. Оқу шынайылықты өзгеше түсіну және түсіндіру ретінде. Нәтижесі – әлемді өзгеше қырынан қарастыру арқылы танып-білу.


Зерттеу көрсетіп отырғандай, оқыту – бұл жекеленген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. Іске тартылған педагогикалық тетіктердің ішінде мыналар- ды атап өтуге болады: • оқудың қалай жүретінін түсіну, оқытудың қолайлы стильдерін назарға алу және өмір бойы өзін өзі оқытудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау; • ойлануға жүйелі түрде үйрету; • өзінің шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолда- рын зерттеу және анықтау; • оқу үдерісі үшін және өзін өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру; • тілді, есептеуді жақсы игеру және кеңістіктік ойлау қабілетінің болуы; • сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілік. Оқыту – мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзыреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Оқу үдерісіне толыққанды қатысу үшін оқушылар қалай оқу керектігін білулері керек. «Қалай оқу керектігін үйренудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ сонымен бірге оқуды үйрету де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды тану да бар. «Метатануды» индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау қабілеті ретінде сипаттайды. Бейресми түрде, қалай оқу керектігін үйренуді өз бетімен білім алуын ой- лау және мұндай ойлаудың нәтижелерін кейінгі оқу үдерісінде саналы қолдану деуге болады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға: • білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге; • жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге; • міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға; • нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі. Осы төрт тармақты іске асыру үшін оқушылардан қалай оқу керектігін үйрену талап етіледі. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға на- зар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады. Негізгі алғышарт мұғалімдердің қолданған әдіс-тәсілдерінің оқушылардың метатанымдық немесе өздігінен реттелетін оқуын дамытуға ықпал ететіндігі болып табылады. Оқытудың әлеуметтік-мәдени теориясын дамыту барысында Выготский оқушының өз бетімен қол жеткізе алмайтын оқу деңгейін ересек немесе «маңызды» (ықпалды) адамның көмегімен қамтамасыз етудегі рөлі туралы жазады; мұндай оқудың әлеуеттік көлемі «жақын арадағы даму аймағы» – ЖАДА ретінде анықталды (Vygotsky, 1978). Қолдау көрсететін ересек адам «рефлексивті агент» ретінде жұмыс істей отырып, оқушының әрекетіне жауап береді және оның оқуының дамуын қамтамасыз етеді. Оқудың дамуы барысында жетекшінің қолдау көрсетуінің түрі мен деңгейі өзгеріп отырады, сонымен бірге түрткі болу, бағытталушылық, дамудың тұжырымдамалық негіздерінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында түрленеді. Бұл үрдісті Жером Брунер «көпіршелер тұрғызу» деп тауып айтқан. «Көпіршелер тұрғызу» ұғымының метафоралық түрде қолданылуы астарында жетекшінің оқушыларды біртіндеп тапсырманы орындауды аяқтауға «итермелеуінде» көрініс беретін, үнемі ұлғайып артып отыратын қолдауы деген түсінік жатыр. Жетекшінің оқушы жетістігіне деген реакциясы да қолдау ретінде қарастырылады. Оқудың да- муы барысында оқушыға жол көрсету біртіндеп азайтылуы қажет, себебі оқу үдерісін дамыту арқылы оның мәні де айқындала бастайды: оқу тәуелсіз сипат алып, өздігінен реттелетін болады. Өздігінен реттелетін оқудың үш элементі аса маңызды болып табылады (Perry et al, 2002): • тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы; • оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы, • проблеманы шешу және мақсатқа жету үшін әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы. Таңдалып алынған тапсырмалар өзін өзі реттеу тәсілдерін жүзеге асыруға ықпал етуі қажет. Өздігінен реттелу тапсырмаға қызығушылықтың неғұрлым жоғары деңгейіне өтуге ықпал етеді; Перри бастаған зерттеушілер тобы Британ Колумбиясы балабақшасындағы (3 жастағы) балаларға бақылау жүргізудің нәтижесінде бұл іске үлкен үлес қосты. Олар өз бақылауларын мұғалімдерден сұрау алу арқылы толықтыра отырып, балалардың жоспарлау, бақылау, тапсыр- маны шешу және өзінің оқуын бағалауға белсенді араласу үлгісін жасады. Балаларға таңдау жасауға мұрсат беріліп, бұл оларға өз таңдауларын тапсырманың күрделілігімен, өз жұмысын және басқа балалардың жұмысын бағалау жолымен байланысты түсіндіруге мүмкіндік берді. Бақылау жұмыстары балалардың оқу және жазу жұмыстарына қатысты өткізіліп, оқу бағдарламасының өн бойында қолдануға болатын және метатану үдерісі кезінде сөйлеуді дамытуға үлес қосатын тәжірибелі педагогтік әдіс-тәсілдер дәлелі болып табылады. Оқушылардың тәжірибесін пайдалану Оқу үдерісінің «саналы» болу қажеттілігі туралы тұжырымдар балалардың жеке тәжірибесінің мәдениеті мен құндылығы оқу үдерісінің тиімділігін елеулі түрде айқындайтын маңызды мәнмәтін деп қабылданатындығына негізделген.



8



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет