Дәрістер тезистері



бет8/15
Дата22.01.2023
өлшемі64,08 Kb.
#62246
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
дәрістер

Алтыншы тетіг і– барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы. Бұл мәселедегі жүзеге асырылатын жұмыс – мектеп пен жоғары оқу орындары, түрлі ғылыми зерттеу орталықтары мақсатты түрде келісімшартқа отырып, мектеп оқушыларының мамандық таңдауда, ғылыми жұмыстар, жобалар жасауда әріптестік қарым-қатынас орнатып отыру екі жаққа да тиімді болмақ. Жоғары оқу орындары білім сапасын арттыруда өзі дайындайтын маманның деңгейін, қабілетін, дарынын алдын-ала анықтап, болашақта жүргізілетін жұмыстарын жоспарлап, білім алушыларға кредиттік жүйенің ерекшеліктерін, мақсат-міндеттерін алдын-ала түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мектеп оқушыларына мамандық таңдауда дұрыс бағыт беру.
Функционалдық сауаттылықтың жетінші тетігі – ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Ата-ана бала бойына жас кезінен адами құндылықтарын дарытып, саналы өмір сүруге баулуға борышты. Ата-ананың бала тәрбиелеуде функциональдық сауаттылығын көтеру мектеп мұғалімдерімен олардың тығыз байланыс жасап, екі жақты әріптестік әрекетінің негізінде қалыптасады. Яғни ата-ананың баласының ерекше қасиетін тануы, оны түрлі жағдаятта түсініп, қол ұшын беруі, олардың қабілетін дамытуға, бойына рухани құндылықтарды қалыптастыруға, жағымсыз мінез-құлық, әдеттерден арылтуға көмек беретін функционалдық сауаттылық ата-ана бойында да болуға тиіс. Бұдан байқалатын нәрсе, білім мен тәрбиенің екіжақты мәселе екендігін көрсетеді. 
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын қалыптастырудың психологиялық және педагогикалық негіздеріне келер болсақ, бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері ескерілуі керек. Оқу, жазу сауаттылықтарын қалыптастыруда, ең алдымен, кіші мектеп жасындағы балалардың ойлау мен сөйлеуі маңызды орын алады. Бұл орайда Ж.Аймауытов, Б.В.Беляев, Е.И.Пассов, Н.И.Жинкиндердің ойлау мен сөйлеу секілді күрделі психикалық құбылыстар туралы ой-пікірлері талданады. Ой ұйымдасқан сөйлесім үдерісіне айналуы үшін адам өзіне қажетті үлгіні, ойды дәл бейнелейтін сөзді таңдап алатын іштей сөйлеудің кезеңдерінен өтуі тиіс. Сөйлесім – айтылған не жазылған хабардың қабылданып, оған жауап қайтарылуды талап ететін, адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас негізінде іске асатын ортақ құбылыс. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда іштей сөйлеу мен сөйлесімнің мәнін назарға алу олар орындайтын жаттығулар мен тапсырмаларды іріктеуде маңызды рөл атқарады. 
Оқыту үдерісінің нәтижелілігі бастауыш сынып оқушысының физиологиялық, психологиялық негіздерін терең білу мен барлық оқу әрекетін соған негіздеуге байланысты болады. М.Жұмабаев:«Сыртқы дүниемен, адамзат тұрмысымен жаңа таныс болып келе жатқан адам бар нәрсені білуге, бар білгенін есте ұстауға ұмтылады. Естің қатынасуын қатты керек қылатын ғылымдарды үйретуге қолайлы шақ осы. Бұл жаста баланың міндеті ой жүгіртіп білімді іске асыру емес, білімді молайта беру; даярлай беру, бар нәрсені еске ала беру»,- деп, балаларда жасынан білуге, тануға ерекше талпыныс пайда болатынына тоқталады.
Оқыту үдерісінде пәндік білім, білік, дағдыларды, яғни құзыреттіліктерді меңгертуде балалардың жас кезеңдеріне сәйкес пайда болатын жетекші әрекеттерге назар аударылды. Бастауыш сыныптан мектептің орта сатысына өту кезеңінде балалардың өзін қоршаған адамдармен қарым-қатынасы жаңа арнаға түседі: даралық сезімдері бас көтеріп, өзін-өзі тани бастайды. Білім беруде бұл мәселелер ескеріліп отыруы тиіс. Бастауыш мектеп кезеңі оқушылардың оқу, қарым-қатынас, еңбек секілді жетекші әрекеттер негізінде жалпы және ерекше қабілеттерінің дамуымен сипатталады. Оқу әрекетінде олардың жалпы интеллектуалдық қабілеттері қалыптаса бастайды.
Олардың оқу әрекетінің өзіндік ерекшеліктері жөнінде Л.В.Выготский: «Бұл әрекеттің басты мақсаты мен нәтижесі, яғни, баланың үлкендермен, сондай-ақ, өзінің құрдастарымен әлеуметтік қатынасын қалыптастыру, әрі бұл уақытта өзіне дейінгінің тәжірибелерін, оның ішінде әлеуметтік қатынастың құралы болып саналатын сөйлеу тәжірибесін де меңгеруі қатар жүреді», – деп тұжырымдайды. 
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздеріне алынатын дидактикалық ұстанымдар екі бағытта белгіленді.
1.Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың дәстүрлі ұстанымдары. 
2. Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың арнайы ұстанымдары. 
Дара тұлғаға бағдарлап оқыту ұстанымы бойынша барлық оқыту жүйесі оқу әрекетінің субьектісі – оқушының даралық сипатына, мотивіне, шынайы өмірлік қажеттілігіне, мүмкіндігіне, бейімділігіне, әлеуметтік-мәдени дамуына орай құрастырылады. 
Қатысымдық (коммуникативтік) тұрғыдан оқыту ұстанымы білім мазмұнындағы басшылыққа алынатын барлық ұстанымдардың негізіне салынады. Себебі тілді меңгертуде грамматикалық білімді ғана игеріп қана, оны тәжірибелік іс- әрекетте қолдана алмаудан арылуға бірден бір мүмкіндік беретін жүйе тілді оқушының сөйлеу, тіл мәдениетімен бірлікте қарастыру болып табылады. 
Тұтастық ұстанымы «сөйлесім әрекетіне қатысты бірнеше жұмысты қатар қамтиды. Олар: оқу, жазу, ауызша сөйлеу, тыңдау, қайталау, жауап беру. Бұл ұстанымның ерекшелігі: бір сабақтың үстінде осы жұмыстардың барлығын жүйелі түрде қолдана отырып, олардың арасынан ең басты біреуін таңдап алу және қалған жұмыстың түрлерін осыған бағындыра білуден көрінеді. Сонда бір сабақтың өзінде ортақ (өзек) пайда болады да, қалған бағыттар сол басты орталыққа жұмыс істеу мақсатында жүргізіледі, сөйтіп, сабақта тұтастық, бүтіндік пайда болады». 
Пәндік білім, білік, дағдыларды меңгертудегі шығармашылық ұстаным сабақты шығармашылық үдеріс ретінде құруды мақсат етеді. Оқу үдерісінде жұптық, топтық жұмыс түрлеріне, біріккен шығармашылық тапсырмалар мен жобаларды орындауға үлкен мән берілді. Белгілі бір қатысымдық міндеттерді шешу барысында оқушылардың өз тілек-емеуріндерін іске асыруға мүмкіндігі болады. Оқу үдерісінде оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білім, дағды, біліктерін жаңа жағдаятта қолдана алуына қажетті дағдылары дамытылады. Пәнді интеллектуалдық және шығармашылық тұрғыда түсініп меңгертуге ден қойылады. 
Оқыту үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын (жаратылыстану, математика, оқу және жазу, т.б.) қалыптастыруда, ең бастысы, оқушыларды ғылыми біліммен қаруландыру міндеті аса маңызды. Осы орайда оқытудың ғылымилығы ұстанымы жетекші рөл атқарады. Бұл ұстаным бойынша оқушыларға берілетін білімнің мазмұнының ғылымның қазіргі даму деңгейіне сәйкестігі, оларға заттар мен құбылыстардың заңдылықтарын ұғындыру және олардың арасындағы себеп-салдарлық байланысты ашу ескеріледі. Бастауыш мектепте кез келген пәнді оқытуда оқушылардың қарапайым ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыру, заттар мен құбылыстардың негізгі және жанама белгілерін ажырату, қоршаған әлемде және табиғатта болып жатқан құбылыстарды түсіну, салыстыру, талдау, жіктеу, жүйелеу, жалпылау білік, дағдыларын меңгерту мақсаттары көзделгенде ғана оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға болады. 
Оқушыларды ғылыми біліммен қаруландыруды көздесек, оның жүйелілігі мен сабақтастығы, бірізділігі де ескерілуі міндетті. Бұл орайда дидактиканыңоқытудың жүйелілігі мен бірізділігі ұстанымы жүзеге асырылады. Аталған ұстаным оқытудың ғылымилығы ұстанымымен тығыз байланыста жүреді. Оқытудың жүйелілігі мен сабақтастығын, бірізділігін қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда ұғымдық-ақпараттық материалдардың белгілі бір жүйемен берілуін, сабақтастығын, біртіндеп тереңдетілуін және кеңейтілуін, сондай-ақ оқушылардың білімді меңгеру әрекеті белгілі бір сатымен (мысалы: ынталандыру, алғаш көру – байқау, қабылдау – түсіну, ұғым құру, есте сақтау, қорытынды шығару немесе тұжырым жасау, т.б.) іске асырылуын ескеріп отыру керек.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын (жаратылыстанулық, математикалық, оқу және жазу, т.б.) қалыптастыруда басты рөл атқаратын, басты орында тұратын ұстаным – теория мен практиканың байланыста болуы ұстанымы. Оның мәні – оқушыларға теориялық білім беріп қана қоймай, сол білім, білік, дағдыларын күнделікті жаңарып, өзгеріп жатқан өмірде, кез келген жағдаятта емін-еркін қолдана білуін қамтамасыз ету. Ол үшін күнделікті оқыту үдерісінде әрбір пәннен берілетін теориялық білімді өмірдегі жағдайлармен байланыстырып, практикалық жағына бағыттап отыру керек. 
Сондықтан теория мен практиканың байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық-ақпараттық материалдардың бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей, бала оны қолдана алатындай практикалық маңызы ескерілуі тиіс. Сондай-ақ оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, оның мән-мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті боп саналады.
Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығын қалыптастыруда ерекше орын алатын ұстанымдардың бірі – кiрiктiруұстанымы. Бұл ұстанымның мәні – ғылыми жаратылыстанулық бiлiм мен адам әрекетiнiң түрлерi және қоғам туралы ұғымдар кiрiктiрiлiп бiртұтастықта берiлуi. Яғни, адам, табиғат, қоғам бөлек қаралмай, адамның iс-әрекетi үнемi табиғи ортада, қоғамда (отбасында, мектепте, қоғамда, табиғатта, т.б.) бiр-бiрiмен байланыста қарастырылады.
Заттар, нысандар, құбылыстар туралы мағлұматтар беру кезiнде де адам әрекетi солармен бiрлiкте, байланыста беріледі. Жаратылыстанулық бiлiм, білік, дағды қалыптастыру бастауыш мектепте «Дүниетану» пәні арқылы жүзеге асырылады. «Дүниетану» пәнінде кiрiктiру ұстанымы «адам – табиғат – қоғам» ретiнде ғана емес, «адам – заттар», «адам – қоғам», «адам – табиғат әлемі», «адам – адамдар», «адам – отбасы», «адам – оның шығармашылық әрекеттерi», «адам – туған елінің тарихы», т. б. арқылы да жүзеге асады. 
«Дүниетану» пәнін оқыту үдерісі кiрiктiру ұстанымына негізделсе, бастауыш сынып оқушысы «адам – табиғат – қоғам» жүйесіндегі өзара байланысты ұғынады, экологиялық мәдениеттің қарапайым білік, дағдыларын игереді, өзінің табиғаттағы әлеуметтік өмірдегі, қоғамдық ортадағы орнын түсініп, жеке тұлға ретінде өзін-өзі, өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттерін сезінетін болады.
Психологиялық зерттеулерде анықталғандай, балаларға берілетін білімнің көлемі мен мазмұны олардың өмірден жинаған тәжірибесіне, таным деңгейіне және психикалық тұрғыдан дамуына лайықталуы тиіс. Сондай-ақ олардың сұраныстары мен қабілеттері де ескерілуі керек. Өйткені бала ақпараттар ағынынан өзіне қажеттісін әрі түсініктісін ғана қабылдай алады. 
Сондықтан бастауыш сынып үшін оқушылардың жас ерекшелiктерiн ескеру ұстанымы басшылыққа алыну қажет. Бұл ұстанымның мәні – бастауыш сынып оқушыларының ұғымына жеңiл, психологиялық ерекшелiктерiне сай келетін, бiлiм деңгейлерiне лайықталған және олардың өмiр тәжiрибесiн есепке алатын материалдардың қамтылуы. 
Білім беруді оқушылардың жас ерекшелiктерiне бағдарлау ұстанымымен үндес келетін бiлiмнiң жеңiлден ауырға, қарапайымнан күрделіге, нақтыдан белгiсiзге қарай берiлуі ұстанымын да ескерудің маңызы зор. Осы орайда ұлы ұстаз Абайдың: «Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» деген дана сөздерінен адам табиғатының, болмысы мен танымының қалыптасуының өзі осы ізбен жүретінін байқауға болады. Егер оқу үдерісі, балаларға білім, білік, дағдыларды игерту осы ұстанымға негізделсе, нәтижелі болатыны анық. Бұл оқушылардың келешекте негізгі білім беру сатысында ғылым негіздерін (жаратылыстану, математика, физика, химия пәндерiн) меңгеруге дайындық жасауға да септігін тигізеді.
Оқытудың нәтижелілігін арттырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын (жаратылыстанулық, математикалық, оқу және жазу, т.б.) қалыптастыруда басшылыққа алынатын негізгі ұстанымның бірі – білімнің беріктігі ұстанымы. Бұл ұстанымның мәні – оқушылардың меңгерген білімдерінің берік әрі тиянақты болуы. Ол жоғарыда аталған ұстанымдардың өзара байланысын қамтамасыз еткен жағдайда ғана іске асады, яғни аталған ұстанымдардың барлығына тәуелді болып келеді. Оқушылардың алған білімі жүйелі, берік, тиянақты, терең болуы үшін мынадай мәселелер ескерілуі тиіс:

  • өтілген тарауларды, тақырыптарды үнемі қайталап отыру: а) күнделікті сабақ барысында; ә) белгілі бір тақырыпты немесе тарауды, бөлімді аяқтаған уақытта; б) тоқсан аяғында; в) оқу жылының басында және соңында;

  • өтілген тақырыпты практикалық жаттығулармен (ауызша, жазбаша тапсырмалар, жаттығулар, тәжірибелік-бақылау жұмыстары, т.б.) байланыстырып отыру;

  • оқушылардың білім сапасын есепке алып отыру (тексеру және бағалау), кемшіліктерін анықтап, тиісті жұмыс жүргізу;

  • өтілген оқу материалындағы өзекті мәселелерді, негізгі ережелер мен ұғымдарды есте сақтауларын қамтамасыз ету.

Мектептегі оқу-тәрбие үдерісінде мәдениеттендiру және ізгілендіру ұстанымының алар орны айрықша. Бүгінгі оқушы – оқу-тәрбие үдерісіндегі орталық тұлға, ертеңгі Қазақстан Республикасының азаматы, еліміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуына өз үлесін қосатын қызметкер немесе жұмысшы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет