1. Паули қағидасы. Кез келген атомдық немесе молекулалық жүйеде төрт квант саны бірдей болатын электрон болмайды. Мысалы, бірінші эергетикалық деңгейде тек екі электрон болады,ол келесідей квант сандарымен сипатталады.
N L mlms 1-электрон 1 0 0 +1/2
2-электрон 1 0 0 -1/2
2. Ең аз энергия ережесі. Орбиталь электронмен толтырылған кезде, алдымен энергиясы аз орбиталь толады. Минималь энергиясы бар орбиталь бұл 1s, орбиталі.Сутек атомында ол жалғыз электронмен толған. Энергетикалық деңгейлердің өсу ретіне қарай тізбектелуі.
1S< 2S< 2P< 3S< 3P< 4S< 3D< 4P< 5S< 4D< 5P< 6S< 5D< 4P< 6P
Берілген тізбектеме бойынша алдымен 1S, одан соң 2Sдеңгей т.с.с.
3. Хунд ережесі.s p d f деңгейшелерінің толуы атом саны қосындысының максимал мәні болу керек. Деңгейшедегі орбитальдар былайша толтырылады:алғашында бірдей спинді болатын бір-бір электрондардан одан кейін қарама-қарсы спині бар екінші электрондардан толады.
Химиялық байланыс
Атом құрылысын оқу молекулалардың түзілуін және табиғатын түсіндіреді.
Атомдардың сыртқы электрон деңгейінде 1-ден 8-ге дейін электрон болады. Егер сыртқы электрон қабатында максимал электрон мөлшері болса, ондай деңгей аяқталған деңгейше деп аталады. Бұндай деңгейлер инертті газдарда болады Мысалы:гелий газының электрондық формуласы 1s2, сыртқы электрон қабатының аяқталуы әртүрлі болады:
а ) Ортақ электрон жұбының пайда болуы.
б ) Электрон қосып алу не беру.
Химиялық байланыс валентті электрондардың арқасында пайда болады, бірақ әртүрлі жолмен жасалынады. Химиялық байланыстың негізгі үш түрі бар: коваленттік, иондық, металдық.
1. Коваленттік байланыс ортақ жұп электрондардың түзілуімен болатын байланыс. Егер коваленттік байланыс біртекті екі молекулалы атом арасында болса, (H2, J2 ), онда мұндай байланыс- полюссіз ковалентті байланыс деп аталады
H . + . H= H: H
Әртүрлі атомдар арасындағы байланысты полюсті ковалентті байланыс деп
атайды. Бұл жағдайда электрон жұбы электр терістігі жоғары атомға қарай жылжиды. Мысалы: HCl, HNO3.