Дәрістердің қысқаша мазмұны. 1-тақырып. Жоғары мектеп педагогикасының пәні. Жоғары мектеп педагогикасының теориялық негізі


-такырып. Жоғары мектеп оқытушысының коммуникативтік біліктілігі



бет8/26
Дата31.12.2021
өлшемі43,94 Kb.
#22409
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
дәрістер ЖМП 2018 АБА (2)

7-такырып. Жоғары мектеп оқытушысының коммуникативтік біліктілігі

Коммуникация латын тілінен аударғанда «ортақ ету, байланыстыру,араласуң дегенді білдіреді. ХІХ ғасыр коммуникация техникалық мағынада «байланыс орнындаєы жолдар, құралдарң деп қолданылды. ХХ ғ. ол әлеуметтік мағынаға ие болды. «Қарым-қатынасң ұғымы – ғалымдар коммуникация ұғымы екеуі бір мағынаны білдірмей ме деп зерделеді. Оны шешуге екі түрлі амал тұрғысынан келді:

1-ші амал – мәніне қарай екі ұғымды теңестіру. Л.С.Выготский, В.Н.Курбатов, А.А.Леонтьев т.б. көптеген энциклопедиялық сөздіктерде «коммуникацияң ұғымы – хабарлау жолы, қарым-қатынас деп түсіндіріледі. Белгілі украиндық маман Ю.Д.Пирлюктің пікірінше, этимологиялық және семантикалық тұрғыдан алғанда бұл екі ұғым тең. Бастапқы мағынасына қарай «қоғамдағы ақпараттық алмасуң дегенді білдіреді. Шетелдік ғалымдар Т.Парсонс және К.Черри де осы пікірді құптайды. Т.Парасонстың пікірінше, коммуникавцияны адамдар арасындаєы қарым-қатынас, өзара әрекет деп түсінуге болады. К.Чериидің пікірінше коммуникация сан алуынан байланыс жүйесін пайдаланатын әлеуметтік қарым-қатынас, оның ең маңыздысы тіл және сөз дейді.

2- амал – «коммуникация және «қарым-қатынасң ұғымдарын бөліп қарастыру. Белгілі философ С.Каган коммуникация мен қарым-қатынастың басты екі қатынасына қарай айырмашылықтары бар дейі. Біріншіден, қарым-қатынас практикалық та, материалдық, рухани, ақпараттық және практикалық-рухани сипатқа ие, коммуникация тек ақпараттық үрдіс – белгілі бір ақпаратты тасымалдайтын дейді. Екіншіден, өзара әрекет жүйесіне түсетін байланыстардың сипаты мен ерекшеленеді. Коммуникация субъекті-объектілік байланыс, субъект қандайда бір ақпаратты береді (білім, идея, іскерлік хабарлама, мәлімет, нұсқау және т.б), ал объект ақпаратты пассивті алушы (қабылдаушы) ретінде болады.

Қазіргі таңда оқытушының коммуникативтік икемділігін , бір-бірімен қарым-қатынаста тез әрі шапшаң тіл табысу қабілетін қалыптастыру үшін педагогикалық теория мен тәжірибеде жоғары оқу орындарына бағытталған диалогтік және пікірталастық әдістемелердің топтамасы қолданылып келеді. Мұндай әдістемелер жастардың қарым – қытанс барыныдағы икемділігін көрсете білуін және өз көзқарасын дәлелдеп сұрақтарды нақтылықпен жеткізе білу қабілеттерін қалыптастырады, сондықтан коммуникативтік икемділікті дамыту педагогикалық тәжірибе барысынды да , өзара байланыс жүйесінде де теориялық оқытудың өзара байланысының мол болуы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет