Дәрістердің қысқаша мазмұны. 1-тақырып. Жоғары мектеп педагогикасының пәні. Жоғары мектеп педагогикасының теориялық негізі


- тақырып. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби-педагогикалық мәдениеті



бет6/26
Дата31.12.2021
өлшемі43,94 Kb.
#22409
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
дәрістер ЖМП 2018 АБА (2)

5- тақырып. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби-педагогикалық мәдениеті.

Педагогикалық қызметінің субъекті құрылымның төмендегідей компоненттерін ерекшелейді:

Оқытушының жалпы және арнайы қабілеттілігі.

Жалпы қабілеттілікке кез келген адамға тән іс-әрекетте жететін жоғарғы табыстар жатса, арнайы қабілеттілікке педагогикалық қызметте табысқа жеткізетіндер жатады:



  • Дидактикалық қабілеттілік;

  • Академиялық қабілеттілік;

  • Перцептивті қабілеттілік;

  • Сөз сөйлеу қабілеттілік;

  • Ұйымдастырушылық қабілеттілік;

  • Авторитарлық қабілеттілік ;

  • Коммуникативті қабілеттілік;

  • Педагогикалық қабілеттер оқытушы кәсібін табысты меңгерудің маңызды шарты болғанымен ол шешуші кәсіптік қасиет емес.

Олай болса, оқытушының маңызды кәсіптік қасиеті: еңбекқорлық, тәртіп, жауапкершілік, алға мақсат қоя білу, оған жету жолдарын таңдай білу, ұқыптылық, мұқияттылық, табандылық, жүйелі және жоспарлы түрде өзінің кәсіптік деңгейін жоғарлату, білімін тереңдету, өз еңбегінің сапасын жоғарылатуға тырысу қасиеттері және т.б. болып табылады.

Оқытушыға тән ең міндетті қасиет – гуманизм. Гуманды қарым-қатынас оқушының жеке басына деген ықыластан, оқушыға жаны ашудан, оған көмек көрсетуден, оның пікірін, даму ерекшілік жағдайларын сыйлаудан, оқушының білімді меңгеру іс-әрекетіне деген жоғары талаптан, оның жеке басының дамуына қамқорлық жасаудан құралады. Оқушылар алдымен мұғалімнің бұл қасиеттерін көріп оған еріксіз електей бастайды, бірте-бірте өз бойларынан да осы қасиеттерді тәрбиелей бастайды, гуманизм тұрғысынан тәжірибе жинақтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет