Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет25/50
Дата14.10.2023
өлшемі4,69 Mb.
#114236
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ Критериалды -2021 (1)

Жеке жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу әрекеттері нәтижелерін ұғынуға бірден-бір мүмкіндік жасайды. Бұл олардың өз оқуын «құрушылар» ретінде жағдай жасауына мүмкіндік береді, алған нәтижелеріне деген жауапкершілігін арттырады.
Жеке жұмыс кезінде қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін мұғалім білім алушылардың әрекеттерін жүйелі қадағалап және аралық нәтижелерді тіркеп отыруы қажет.
Нәтижелерді тіркеу кезінде білім алушылар жұмысының жақсы жағына да, нашар тұсына да назар аударып отырған дұрыс. Жеке жұмыс нәтижелерін талқылауды тікелей білім алушылармен бірге жүргізуді есте сақтау қажет. Сондай-ақ, білім алушылардың өз ойын айтуына мүмкіндік беру маңызды болып табылады. Жұмысты әрі қарай жоспарлау кезінде білім алушылардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін ескерген дұрыс.
Жұптық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
Жұптық жұмыс қалыптастырушы бағалаудың тиімді формаларының бірі болып табылады. Жұптық жұмыста жалпы мұғалім, жұптар бір-бірін және жұп ішінде бірін-бірі бағалауына болады. Мұндай өзара қарым-қатынас кезінде білім алушылардың дайындық деңгейіне қарамастан өзара көмегі, рефлексиясы, өзін-өзі реттеуі белсенді байқала бастайды.
Жұптық жұмыста қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау кезінде білім алушылар тапсырманы орындау, оның нәтижесіне бірдей жауапкершілікпен қарау қажет екенін түсінуі керек. Сондықтан оларды өз әрекетімен келісуге, өзара әрекеттесуге, пікір алмасуға, сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруге үйрету маңызды.
Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім белгілі бір дағдыны бағалаудың тиімді тәсілі ретінде қолданып, топтық жұмысты ұйымдастыруына болады. Білім алушылар алдын ала бағалау критерийлерімен таныс болуы тиіс. Топтық жұмыс кезінде мұғалім әр топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды, қадағалайды: кейбір білім алушылар оқу мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сәйкес тез көрсете алуы мүмкін. Мұғалім ол білім алушылардың атын жазып алуы қажет.
Әрі қарай мұғалім білім алушыларға қосымша қолдау көрсетуге қажетті сұрақтар қояды, бақылайды, мысалы:
Бұл туралы сіз не ойлайсыз?
Сіздің тобыңызда қандай талқылау болғанын айтып бере аласыз ба?
Егер білім алушылар тәжірибелік тапсырмалар орындайтын болса, онда осы тапсырмаға қатысты сұрақтар болуы мүмкін, мысалы:
Сіз қазір не істеп жатырсыз?
Сіз қалай ойлайсыз, әрі қарай не болады?
Осы тапсырмада ерекше бір нәрсе байқадыңыз ба?
Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың және әр жеке білім алушының жұмыстарын бақылауы қажет. Топтарды бақылауды тапсырма орындау кезінде қатысып, бірлесе жүргізуге де болады. Бұл жағдайда білім алушыларға:
 жаңа идеяны тұжырымдауды;
 екі (одан да көп) идеяларды салыстыруды;
 идеяларды бағалауды;
 топтық талқылау негізінде пікір білдіруді;
 сұрақтарға жауап беруді ұсынуға болады.
Жоғарыда аталған бөлімдер белгілі оқу мақсатына жетудің дәлелін көрсетеді.
Кері байланыс беру үдерісі
Кері байланыс сабақтың әр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауға мүмкіндік береді.
Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:
 білім алушылардың жақсы жақтарын ескеру;
 тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбау;
 білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беру;
кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету, келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға қалай ақылың жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбау ұсынылады.
Кері байланыс беру кезінде мұғалімге де, білім алушыға да 2-кестеде ұсынылған сұрақтарды негізге алған дұрыс. Аталған сұрақтарға толық жауап беру кері байланыстың тиімділігін көрсетеді.


Кесте - 1. Кері байланыстың тиімділігін тексеру сұрақтары



Мұғалім

Білім алушы

- Білім алушы оқытудың қай сатысында?



- Мен оқытудың қай сатысында тұрмын?



- Олар білім алуда неге талпынады?



- Нәтижеге қалай қол жеткіземін?



-Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу қажет?

- Кемшіліктерімді жою үшін не істеуім
қажет?

Төменде кері байланыстың мысалдары 1-суретте көрсетілген.




Сурет -1. А білім алушыға кері байланыс беру бойынша мысал



Жазбаша кері байланыс беруде мұғалім А білім алушыны есепті дұрыс орындауға, өз қатесін түзете білуге «бағыттайды». 2 суретте Б-ға берілген кері байланыс көрсетілген.




Сурет -2. Білім алушы Б-ға кері байланыс беру бойынша мысал





Сурет - 3. Қалыптастырушы бағалау нәтижесі бойынша бақылау парағы



Қалыптастырушы бағалау нәтижелеріне талдау жасау білім алушыларда кездесетін қиыншылықтар туралы ақпарат алуға, оның алдын алу шаралары туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы, тексерілген жұмыстардың нәтижесіне талдау жасау:


 белгілі бір тапсырмалар қиындық тудыратын балалар тобын;
 бөлім, тақырыптар бойынша қиындықтар туындайтын жеке білім алушыларды;
 білім алушылар үшін аса күрделі, қиын сұрақтар, тапсырмалар, тақырыптарды айқындап береді.
Нәтижелерге талдау жасау мұғалімдердің тәжірибесіне оң әсер етуі үшін:
 әрекет ету мен шешімді талап ететін нақты, маңызды, тәжірибелік бағыттағы мәселелерді анықтау;
 орындалған тапсырмалармен нақты мақсаттарға жету үшін талдау жүргізу;
 талдауда дәйектерді, дәлелдерді негізге алу;
шешімнің сыни нұсқаларын қарастыру, яғни, мәселені шешудің жоспарлылығын, баламалылығын (альтернативтілігін), жетістігін, кемшілігін, жақсы және нашар жақтарын талдау;
 мәселені шешу, кемшілікті жою үшін өз тәжірибесін нақты қалай өзгертуге болатыны туралы іс-әрекеттің толық жоспарын құрастыру;
 талдау нәтижелерін тіркеуде қысқа, түсінікті стильді ұстану (күнделік, портфолио, мақала, таныстырылымдар және т.б.);
 ұжымда өз әрекеті нәтижелерімен бөлісу;
 ұжымға көмектесу, білім алушылардың қажеттілігіне бағыттай отырып, сабақтастықты сақтай отырып жүйелі талдау жүргізу ұсынылады.
Қалыптастырушы бағалауды мұғалім тоқсан барысында өткізеді. Материалды оқу барысында тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағаны жөнінде оқушылар ақпарат алады; оқушының ілгерілеуі жөнінде мұғалім ақпарат алып, оқыту үдерісіне өзгерістер енгізе алады.
Оқушының рөлі  оқытуға белсене қатысады; күтілетін нәтижені түсінеді; өзін-өзі және бірін-бірі бағалайды.
Мұғалімнің рөлі  оқу жоспарына сәйкес бағалау критерийлерін анық жазады; бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастырады; тапсырмаға дескриптор құрастырады; оқушыларға тиімді кері байланыс береді; оқыту мен бағалау үдерісіне түзету енгізеді. Өткізілу формасы – жеке, жұппен, топпен, ауысатын топтар құрамында болады.
Тиімді оқыту мен оқу мақсатында оқушылардың түсіну деңгейін анықтау мақсатында оқу мақсаттарына жеткендігінің немесе алға ілгерілеуінің деңгейі қадағалануы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет