Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет45/50
Дата14.10.2023
өлшемі4,69 Mb.
#114236
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ Критериалды -2021 (1)

Әдебиеттер

1. Шакиров Р.Х., Буркитова А.А., Дудкина О.И. Оценивание учебных достижений учащихся. Методическое руководство. – Бишкек.: «Билим», 2012. – 80 с.


2. «Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру кустарының деңгейлі бағдарламасына арналған глоссарий»: Оқу-әдістемелік құрал – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектетері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы. 2012. – 164 б. ISBN 978-601-80263-6-2
3. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 6D010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін Оспанбекова М. Н.«Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инновациялық технологиялар негізінде оқушылардың рефлексиясын дамытуға даярлау» тақырыбында диссертациясы. – Алматы. 2018. – 192 б.


ДӘРІС -13. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН ТІРКЕУ ЖӘНЕ БАҒА ҚОЮ
Жоспар

  1. Оқушылардың нәтижелерін тіркеу механизмі

  2. Тоқсандық, жылдық бағалар мен балдарды есептеу

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған нұсқаулықта оқушылардың оқу жетістіктерін тіркеу мен баға қою механизмінің әдістемесі нақты көрсетілген.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелері электрондық нәтижелерді тіркеу журналында тіркеледі. Барлық балдар, бағалардың есебі электрондық журналда автоматты түрде жүзеге асырылады.
Білім алушылардың бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін қою электрондық журналда оқыту тәжірибесін жетілдіру, талдау үшін қолданылатын балдар, бағалар туралы ақпараттарды көрсетеді. Жиынтық бағалаудың нәтижелері білім алушыларға, ата-аналарға тоқсан барысында, тоқсанның соңында беріледі. Нәтижелерді тіркеу 1-кестеде көрсетілген.


Кесте  1. Нәтижелерді тіркеу



Білім алушыларға қойылады

Сипаты

Әр бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың балы

Жинақталған балдар саны мен оқу жетістігі деңгейлері (жоғары, орта, төмен)

Тоқсандықжиынтық бағалаудың балы

Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясына сәйкес жинақталған балдар саны

Тоқсандық жиынтық бағалау

Балды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес белгілі пайыздық арақатынастағы барлық тоқсандық жиынтық бағалаулардың балл саны. Білім алушылар тоқсандық бағаны 50% бөлім/ортақ тақырыптардың қорытындысы бойынша, 50% тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы бойынша жинайды

Жылдық баға

Барлық тоқсандардағы максималды мүмкін балдарға қатысты жинақталған балдар санының пайыздық арақатынасы балды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес

Тоқсан соңында бағалаудың барлық нәтижелері 1-ден 5-ке дейінгі бірыңғай балды бағаға ауыстыру шәкілі негізінде есептеледі, бұл бағалаудың ашықтығын, салыстырымдылығын, білім беру үдерісіне қатысушылардың бірдей түсінігін қамтамасыз етеді балды бағаға ауыстыру шәкілі 2-кестеде берілген.




2  кесте. Балды бағаға ауыстыру шәкілі



Балдың пайыздық мазмұны

Баға көрсеткіші

Баға

0

Бағаланбады

«1»

1%-20%

Қанағаттанғысыз

«2»

21%-50%

Қанағаттанарлық

«3»

51%-80%

Жақсы

«4»

81%-100%

Өте жақсы

«5»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет