Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет39/50
Дата24.06.2022
өлшемі4,69 Mb.
#37265
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ Критериалды -2021 (1) (1)

1 тоқсан – 9 апта

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері

Бағдарламаның бөлімшелері

Мақсаттар саны

Сандар мен цифрлар

Натурал сандаржәне 0 саны. Бөлшектер

12

Сандармен амалдарды орындау

Нүктелер координаттары және қозғалыс бағыты

Тізбектер

Математикалық тіл

Геометриялық фигуралар

Жиындар және олармен орындалатын амалдар

4

Геометриялық фигуралар

Геометриялық фигуралардың орналасуы

Шамалар мен өлшемдер

Есептер және математикалық модель

4

Шамалар және олардың өлшем бірліктері

3 бөлім

10 бөлімше

20

Мысалы, математика бойынша 1-сыныптың ұзақ мерзімді жоспарында 1-тоқсанда 3 бөлім берілген: «Сандар мен цифрлар», «Геометриялық фигуралар», «Шамалар мен өлшемдер». Оқу мақсаттарының саны әр бөлімде әртүрлі: бірінші бөлімде - 12, екінші бөлімде - 4, үшінші бөлімде - 4. Сәйкесінше математикадан бөлім бойынша жиынтық бағалау 1-тоқсанда әр бөлімді меңгеруді аяқтаған кезде үш рет өткізіледі.




ТҮСІНІКТІ_НАҚТЫЛАУ__Бағалау_критерий'>ТҮСІНІКТІ_НАҚТЫЛАУ__Оқу_мақсаты'>ТҮСІНІКТІ НАҚТЫЛАУ

Оқу мақсаты  оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқушының оқу барысында меңгерген білім, түсінік, дағды жетістіктерінің күтілетін нәтижесі арқылы қалыптасқан тұжырым.





ТҮСІНІКТІ
НАҚТЫЛАУ

Бағалау критерий  ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі.



Бағалау критерийі мен дескриптор айырмашылығы неде?




ТҮСІНІКТІ
НАҚТЫЛАУ

Дескриптор  оқушының белгілі бір тапсырма бойынша орындаған жұмысының деңгейін немесе сапасын сипаттайтын тұжырым.



Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру кезінде мұғалім жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста көрсетілген үлгілерді қолдануына болады. Одан басқа, мұғалімге келесі алгоритмдерге сәйкес өз бетінше бағалау құралдарын құрастыру ұсынылады:


1) оқу бағдарламасы, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша оқу мақсатттарын меңгеру;
2) жиынтық бағалауда тексерілетін оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін анықтау, ойлау дағдыларының деңгейлерімен салыстыру;
4) ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келетін тексерілетін критерийлердің, оқу мақсаттарының мазмұнынын қамтитын бір немесе бірнеше тапсырмалар дайындау;
5) әр тапсырмаға дескрипторлар құрастыру;білім алушыларға, олардың ата-аналарына жиынтық бағалау нәтижелерін ұсыну үшін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауға рубрикалар құрастыру (бағалау критерийлерінің деңгейлерге сәйкестігін сипаттау). 2-кестеде бөлім, ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмаларын құрастыру алгоритмі көрсетілген.


Кесте - 2. Бөлім, ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмаларын құрастыру алгоритмі



Бөлім

Оқу мақсаттары

Бағалау критерийлері

Ойлау дағдыларының
деңгейлері

↑↓

Түрлі деңгейдегі тапсырмалар



↑↓

Дескрипторлар,
Балдар

Рубрикалар



Осылайша мұғалім бөлім немесе ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау кезінде оқу мақсаттарының негізгілерін көрсететін, ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес екенін белгілейтін бағалау критерийлерін анықтайды. Мысалы, 1-сыныптағы математика бойынша «геометриялық фигуралар» бөлімінде 4 оқу мақсаты берілген:
1) Жиындарды элементтерінің белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құру және жіктеу
2) Геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық, сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір-бірнен ажыртау және атау;
3) Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, төртбұрыш) және кңістік фигуралар (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тіктөртбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру;
4) Жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру.
Жоғарыдағы аталған оқу модельдерінің бағалау критерийлері 3-кестеде көрсетілген.


Кесте - 3. Оқу модельдерінің бағалау критерийлері

Бөлім

Оқу бағдарламасы бойынша бөлімшелер

Оқу мақсаты

Бағалау критерийлері

Ойлау дағдылары
ның деңгейлері

Білім алушы:

Геометриялық фигуралар



Жиындар және олармен орындалатын амалдар





Жиындарды элементтерінң белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құру және жіктеу

Жиын элементтерінің ортақ белгілерін анықтай отырып, біріктіреді (топтастырады)

талдау

Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі



Геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық, сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір-бірінен ажыртау және атау

Геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық, сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір-бірінен ажыратады және атайды

Білу және түсіну

Жазық фигураларды
(үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, төртбұрыш) және кеңістік фигуралар (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тіктөртбұрышты
параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру

Жазық фигураларды
(үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, төртбұрыш) және кеңістік фигуралар (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида,) таниды және атайды

Білу және тану




Жазық және кеңістік фигураларды ажыратады

талдау




Фигураларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіреді

қолдану

Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу

Жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру

Геометриялық фигураларды композицияның бөлігі ретінде құрастырады және атайды

Қолдану

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау – бұл белгілі бір материалды меңгеруді аяқтаған кездегі оқу жетістігін бағалау. Аталған бағалауды сабақ үстінде 15-20 минут уақытты алатындай мерзімде ұйымдастыру ұсынылады.


Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың мысалы 4-кестеде берілген.


Кесте - 4. «Математика» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалаудың үлгісі



Бөлім/тақырып

Теңдік және теңсіздік. Теңдеу

Бөлімше:

Теңдік және теңсіздік. Теңдеу
Санды және әріпті өрнектер
Есептер және математикалық модель

Оқу мақсаты:

Теңдік пен теңсіздікті, теңдеуді, тура және тура емес теңдік пен теңсіздікті айыра білу.
Әріптің берілген мәніндегі бір амалды әріпті өрнектің мәнін табу.
Жақшасыз әріпті, санды өрнектерді салыстыру. Қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есеп құрастыру және шығару.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну
Қолдану
Талдау

Бағалау критерийі:

Теңдік, теңсіздікті, теңдеуді ажыратады.
Тура және тура емес теңдіктерді анықтайды.
Берілген мәні бар әріпті өрнектің мәнін табады.
Санды және әріпті өрнектерді салыстырады.
Қосындыны және қалдықты табуға берілген есептерді шығарады.

Орындау мерзімі

20 минут

Тапсырма

  1. Теңдеу, теңдік және теңсіздікті бағдаршамның түсіне сәйкестендіріп бояңыз.

Теңдеу  90-30 = 60
Теңдік  9+17 < 20
Теңсіздік  X+10 = 60

  1. Бос орынға теңдіктердің біреуі тура, ал екіншісі тура емес болатындай етіп тиісті санды жазыңыз.

Тура

Тура емес

40 ∙ □ = 20

20 ∙ □ = 10




  1. С ⁎ 4 деп алып, өрнектердің мәнін табыңыз.

С - 3 С + 6

  1. Өрнектерді салыстырыңыз.

4+с □ 6+с 10-а □ 6+а 10-6 □ 4+2

  1. Есепті шығарыңыз.

Ешкінің 7 лағы бар еді. Олардың алтауы серуендеп кетті. Үйде неше лақ қалды.

Бағалау критерийлері мен дескрипторлар үлгісі 5-кестеде ұсынылған.


Кесте  5. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерінің талдауы



Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Балл

Білім алушы

Теңдік, теңсіздікті, теңдеуді ажыратады

- теңдеулерді қызыл түспен бояйды;

1

- теңдіктерді сары түспен бояйды;

1

- теңсіздіктерді жасыл түспен бояйды;

1

Тура және тура емес теңдіктерді анықтайды

- тиісті санды жазып, тура теңдік шығарады;

1

- тиісті санды жазып, тура емес теңдік шығарады;

1

Берілген мәні бар әріпті өрнектің мәнін табады

- берілген мәні бар айырманың мәнін табады;

1

- берілген мәні бар қосындының мәнін табады;

1

Санды және әріпті өрнектерді салыстырады

- қосындыға берілген әріпті өрнектерді салыстырады

1

- айырмаға берілген әріпті өрнектерді салыстырады

1

- бір амалмен берілген санды өрнектерді салыстырады

1

Санды және әріпті өрнектерді салыстырады

- есептің қысқаша шартын жазады немесе сызбасын сызады

1

-есептің сұрағын жазады

1

- есептің шешуін жазады (амал таңбасын таңдайды)

1

- өрнектің мәнін табады – есептің шешуі

1

- есептің жауабын жазады.

1

Барлық балл

15

Мұғалімге бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелеріне талдау жүргізу ұсынылады. Аталған талдау білім алушыларға кері байланыс беруге, сыныптың оқу жетістігі деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа мұғалім қажет болған жағдайда қалыптастырушы, жиынтық бағалау рәсімдерінің алдағы уақыттағы әдістерін, тапсырмаларды, сабақ жоспарларын қайта қарауына болады. Білім алушылардың оқу жетістігі деңгейлерінің жалпы сипаты 6-кестеде көрсетілген.


Кесте 6. Білім алушылардың оқу деңгейлерінің сипаты







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет