Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет35/50
Дата24.06.2022
өлшемі4,69 Mb.
#37265
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ Критериалды -2021 (1) (1)

Кесте - 2. Ғалымдар М.Львов пен Л.С.Славинаның пікірлеріне жасалған талдау



М.Львов

Л.С.Славина

Оқушыны әрекет субъектісі ретінде қалыптастырудың міндеті мынадай шарттармен жүзеге асады:
- сыныптағы еркін хал- ахуал;
- мұғалім тарапынан оқушыларға сенім білдіру және құрмет;
- жаңа білім алуда оқушыларға дербестік берілуі;
- мұғалімнің әрбір оқушының оқуға көңіл күйін, қызығуын,қабілеттерінназарға алуы;
- жалпы мәдени жағдай, мұғалім мен оқушылар дамуының жоғары деңгейі

Кіші мектеп оқушыларында өзін-өзі бағалаудың барлық түрлері кездеседі:
- адекватты тұрақты;
- тым жоғары тұрақты;
-тұрақсыз.



Ғалымдардың тұжырымдарына сүйенсек, сыныптан сыныпқа өткен сайын өзін, өзінің мүмкіндіктерін дұрыс бағалау артады, ал өзін тым жоғары бағалау тенденциясы төмендей бастайды. Тұрақты төмен өзін-өзі бағалау өте сирек байқалады. Мұның барлығы бастауыш сынып оқушысының өзін-өзі бағалауы өзгермелі және онымен бір уақытта тұрақтылық тенденциясына ие екенін көрсетеді, біртіндеп тұлғаның ішкі позициясына көшеді, мінез-құлық мотивіне айналады, тұлғаның белгілі бір сапаларының қалыптасуына ықпал етеді.


Сөйтіп, адекватты өзін-өзі бағалауға ие балалар белсенді, сергек, тапқыр, қарым-қатынасшыл, әзілқой келеді. Олар әдетте өз жұмыстарынан қателіктерді қызығушылықпен және өз бетімен іздейді, өз мүмкіндіктеріне сай тапсырмаларды таңдайды. Жеңіл емес есепті шығара отырып, одан да қиын есептерді таңдайды. Олардың өз болашақтарына болжамдары негізделген және қисынды болып келеді.
Жоғары адекватты өзін-өзі бағалауы бар балалар белсенділікпен ерекшеленеді, әр іс-әрекет түрінде жетістікке жетуге ұмтылады. Оларға максималды өзбеттілік тән. Олар өз күшімен жетістікке жете алатынына сенімді болады. Яғни оптимисттер болып келеді. Олардың оптимизмі мен өзіне сенімділігі өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін дұрыс бағалауына негізделеді.
Адекватты емес төмен өзін-өзі бағалау бастауыш мектеп оқушыларының мінез-құлықтары мен тұлға сапаларынан айқын көрінеді. Егер мұндай балаларға өз жұмысын тексеріп шығу ұсынылса, онда олар өз жұмысын үнсіз оқып шығып, ешқандай жерін өзгертпейді, немесе өзін тексеруден бас тартады, олар бәрібір ешқандай қате жоқ деген сылтау айтады. Мұғалімдер мақтап, қолпаштап отырса, олар біртіндеп жұмысқа енеді және жиі өздері деөз қателіктерін табады. Бұл балалар тек оңай тапсырмаларды таңдайды – өмірде де, қиын жағдайларда да осылай болады. Олар кішкентай жеістіктерінен айырылып қалудан қорқады. Басқалардың іс-әрекеттерін тым жоғары бағалайды. Бұл балаларда өзіне сенімсіздік болашаққа жоспарынан ерекше анық көрінеді.
Өзін тым төмен бағалайтын балаларға тән ерекшелік олар өзінің ішкі әлеміне кетуге бейімділігі, өзінің әлсіз жақтарын іздеуі, оларға назар аударуы болып табылады. Өзін тым төмен бағалайтын баланың қалыпты дамуына олардың өзіне тым сыни тұрғыда қарауы, өзіне сенімсіздігі кедергі келтіреді.
Өзін тым жоғары бағалайтын балалар өз мүмкіндіктерін, тұлғалық сапаларын өз іс-әрекетінің нәтижелерін тым асыра бағалайды. Олар өздеріне күші жетпейтін тапсырмалар алады, сәтсіздікке ұшыраса да, олар сол жолын жалғастыра береді немесе ең оңай тапсырмаларға көшеді. Олар өздерін мақтамауы да мүмкін, бірақ басқалардың жасаған жұмыстарына сын көзбен қарайды. Өркөкіректік, әдепсіздік, шектен тыс сенімділік сияқты тұлға сапалары өзін тым жоғары бағалайтын балаларда қалыптасады.
Адамның өзін-өзі бағалай білуі онымен қарым-қатынас орнатуға, қалыпты қарым-қатынас жасау үшін өте маңызды. Әсіресе баланың өзін-өзі бағалауын ескеру маңызды. Себебі ересек адамдармен салыстырғанда баланың өзін-өзі бағалауына ықпал етіп, өзгертуге болады .
Өзара бағалау оқушыларға бір-бірімен өзара оқуға және бір-бірін өзара қолдайтындай, қажетті кері байланысты орнатуға көмектеседі, ол оқушыларға сөйлесу, талқылау, түсіндіру және бір-бірін сыни бағалау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Тиімді жасалған өзара бағалау алдағы уақытта оқу кезеңінде оқушылардың одан әрі алға ұмтылуға деген жауапкершіліктерін дамытуға көмектеседі.
Жұмысқа баға қоюмен ғана шектеліп қалмайтын оқушыларды өзін-өзі бағалауға немесе өзара бағалауға ынталандырудың көптеген тәсілдері бар. Өзін-өзі бағалау стратегияларының жалпы сипаты – белгілі бір критерийлердің болуында. Бұл – орындалған жұмысқа қатысты сабақ жетістігінің критерийлерін қолданылуы болуы мүмкін немесе таныстырылым кезінде оқушылар бір-біріне іске қатысты сұрақ қоя алады. Оқушылар өздерінің сұрақтарын әзірлеп, оларға берілген жауаптарды бағалау барысында бағалаудың нақты критерийлерін негіз ретінде пайдалана алады. Зерттеулер өзін-өзі бағалау және өзара бағалау нақты критерийлерді қажет ететіндігін көрсетеді. Олар:
– не тексерілуге тиіс екенін түсіну;
– оқушыларға өзінің жұмыстарын қайта қарауға мүмкіндік беру;
– оқушыларға өздерінің жеке мақсаттарын анықтауға және өз жұмыстарын жақсарту үшін не істеу керектігін анықтауға көмектесу үшін керек.
Адам тұлға ретінде өзін-өзі бағалайтын тіршілік иесі. Өзін-өзі бағалаусыз өмірде өзін-өзі анықтау мүмкін емес. Дұрыс өзін-өзі бағалау өзіне сыни қатынас, әрдайым өмірдің қоятын талаптарына өз мүмкіндіктерін байқап көру, өз алдына қолы жете алатын мақсаттарды өз бетімен қою. Бастауыш сынып оқушысы өзін оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде саналы түсіне білуді үйрену керек, өзіне адекватты жан-жақты баға бере білу қажет. Себебі өзі туралы адекватты емес түсінік жиі сәтсіздіктердің бастауы болып табылады, қате жолдарды таңдауға әкеледі, невротикалық аурулар мен дезадаптацияға душар етеді.
Кейде өзін-өзі бағалау міндеттері оқушылардан өздеріне, өздерінің білім алуына қатысты рефлексия жасауын талап етеді, яғни өзінің оқу үдерісін қалай жақсы ұйымдастыруға болатындығы, тапсырманы орындауға арналған оқытудың қандай да бір стратегияларын таңдаудың негізділігі туралы ойлануға тиіс. Осылайша, өзін-өзі бағалау негізінен өзін-өзі реттеумен байланысты,
Циммерман (2001) өзін-өзі бағалауды «өзінің оқу үдерісінде оқушылардың метатанымдық, ынталандырушылық және мінез-құлықтық белсенділігі» ретінде сипаттайды.
Төменде 3-кестеде өзін-өзі реттеудің түрлі аспектілерін жалпылап қорыту және пайымдауларды қалыптастыруға арналған бағдарларұсынылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет