Дәрістің қысқаша мазмұны Қазақ мәдениетінің теориясы мен тарихы 1-дәріс. Мәдениеттану жүйесіндегі «Қазақ мәдениеті тарихының»



бет1/46
Дата21.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#142009
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46



Дәрістің қысқаша мазмұны
Қазақ мәдениетінің теориясы мен тарихы


1-дәріс. Мәдениеттану жүйесіндегі «Қазақ мәдениеті тарихының» орны
2- дәріс. Қазақ мәдениетінің архетиптері
ЖОСПАР:

        1. Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы.

        2. Мәдениет және тіл.

3 Мәдениет ұғымының қалыптасу тарихы.
4 Мәдениет» ұғымына берілген түсіндермелерге сипаттама беріңіз.

  1. Мәдениеттегі әмбебаптылық пен төлтумалық нені білдіреді?

  2. Мәдениеттің қоғамдағы функциялары мен рөлдерін анықтап көрсетіңіз.

  3. «Мәдениетті» деп қандай адамды айтамыз?



Мақсаты: студенттерге мәдениеттану пәні, оның мақсаты және гуманитарлық білім жүйесіндегі орны бойынша білім беру

Қазақ тіліне бұл термин арабтың “маданият” – қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл орта ғасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні мәдениет пен табиғатты “культура” мен “натураны” қарсы қоюшылық.


Көне заманда “культура” деген ұғым “жерді өңдеу” деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б.э,д. 45ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, “жанды жетілдіру” деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі “білім беру”, “даму”, “қабілеттілік”, “құрметтеу” сияқты мағыналарға ие бола бастады.
Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: а) мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ә) мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, қазақ мәдениеті және т.б.; б) мәдениет – адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті ж.т.б.); в) агро – мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет ж.т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет