Дәрістің қысқаша мазмұны Қазақ мәдениетінің теориясы мен тарихы 1-дәріс. Мәдениеттану жүйесіндегі «Қазақ мәдениеті тарихының»


Мәдениеттану ғылыми пән дәрежесіне жету мақсатында, сөзсіз мәдениет археологиясына сүйенеді



бет2/46
Дата21.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#142009
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Мәдениеттану ғылыми пән дәрежесіне жету мақсатында, сөзсіз мәдениет археологиясына сүйенеді, оның генезисін, өмір сүру мен дамуының құпияларын ашып, мәдени мұрагерліктің тәсілдерін жетілдіреді. Бұл жұмыс үш дәрежеде жүзеге асырылады: 1) мәдениетті, оның базистік негіздерін сақтау: 2) мәдениетті жаңғырту, мәдениеттің дамуына жаңаша ықпал ету; 3) мәдениетті трансляциялау немесе мәдениет әлемін халықтың игілігіне айналдыру. Бұл үш дәреженің арқасында мәдениеттің сандық-салалық (ғылым, техника, өнер, филисофия, экономика т.б.) сапалық сипатын тереңірек ашып көрсетумен қатар, мәдениеттің құрылымын, тұтастығын, даму заңдылықтарын ашып көрсетуге мүмкіндік аламыз.Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы.
Қоғамдағы мәдениеттің төмендегідей қызметтерін айқындау бар:
Адамдарды қалыптастыру қызметі. Бұл – мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және оның негізгі мазмұнымен тікелей байланысты нышан. Егер біз адамды әлде құдай, әлде табиғат, әлде еңбек жаратты деген пікірталастардан сәл көтерілсек, адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді.
Жеке адам өзі өмір сүріп жатқан қоғамның туындысы, төл перзенті” (С. Мырзалин, Ә. Әлпейісов. Қоғам және мәдениет. Алматы, 1992, 14-бет). Маугли – көркем бейне. Жануарлар арасында кездейсоқ өскен адам мәдениеттік қасиеттерден жұрдай болады. Адамға ең қиыны - адам болу. Ал оның негізгі шарттарының бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Соның нәтижесінде жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет үлгілерін өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, мәдениеттің алға басуы дегеніміз дүниежүзілік тарихтың адам үшін, оның мүдделері мен өзіндік мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады.
Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Ақпараттық (информациялық) беріліс әлеуметтік жүйеде биологиялық тұқым қуалаушылықтан өзгеше жүреді. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады.
Мәдени ақпараттар – салт-дәстүр, әдет-ғұрып, рәсім-рәміз, діл мен тіл, дін және өнер, білім т.б. руханилықтың белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінің өзіндік санасының жанды буынына айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет