Ресей дәрігері, акушер-гинеколог Губарев А.П. (1855-1931ж) – “Анатомиясыз терапияда, хирургияда жоқ, тек қана бос сенім мен жорамалдар”
Пирогов Н.И. – Ресей әскери дәрігері,, аязға қатырылған өліктерден кесінді жасау арқылы мүшелер топографиясына көп үлес қосқан хирург – “Хирургияға тек қана анатомиялық театр арқылы ғана баруға болады”
Қорыта айтқанда, АНАТОМИЯ сіздердің ең алғашқы медициналық пәндеріңіз және бүкіл клиникалық пәндердің негізі болып табылады.
Анатомияны оқудың негізгі объектісі – тірі адам. Алайда, тірі адамның ағзаларының күрделі құрылысын және топографиялық орналасу реттерін білу үшін денені кесу немесе тіліп ашу және препараттау қажет.Бұны тірі адамда жасау мүмкін емес. Сондықтан, анатомиялық білім беру өліктерде және жеке анатомиялық препараттарда жүргізіледі.Осы тұрғыда, ежелден келе жатқан латын сөзі бар: ”mortui vivos dociunt - өлілер тірілерді оқытады”
Анатомиялық зерттеу әдістері
Адамның тірі кезіндегі анатомиялық зерттеу әдістері;
Адамның өлгеннен кейінгі анатомиялық зерттеу әдістері;
Микроскопиялық зерттеу әдістері;
Эксперименттік (тәжірибелік) зерттеу әдістері.
Адамның тірі кезіндегі анатомиялық зерттеу әдістері
Антропометрия – дененің бөліктерін өлшеу, бойы, салмағы.