Сүйектің химиялық құрамы. Үлкен адамның сүйегі: 50%-су, 28,15 % органикалық, 21,85 % -бейорганикалық заттар.
Сүйектің 1/3-бөлігі «оссеин» деп аталатын органикалық заттардан, 2/3-бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады
Сүйектің физикалық қасиеті (беріктілігі, майысқақтығы) органикалық және бейорганикалық заттардың қатынасына байланысты;
Сүйектің құрылысы
Сүйектің құрылымдық бірлігі остеон, яғни қан тамырлар өзегінің айналасында орналасқан сүйек пластинкалар жүйесі (остеобласттар, остеокласттармен түзілетін).
Остеондардан сүйек перделері немесе трабекулалар түзіледі:
а) егерде трабекулалар нығыз жатса, онда тығыз заты – substantia compakta түзіледі (түтікті сүйектердің диафизін қоршап орналасады);