Дәрістің мақсаты: Анатомияны білудің дәрігерге қажеттілігін мотивациялау


Эндоскопия – ішкі ағзалардың қуысын арнайы оптикалық құрал – эндоскоппен тексеру



бет3/7
Дата18.10.2023
өлшемі22,09 Kb.
#118449
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәрістің мақсаты-emirsaba.org

Эндоскопия – ішкі ағзалардың қуысын арнайы оптикалық құрал – эндоскоппен тексеру.

  • Соматоскопия – тірі адамдар денесіндегі анатомиялық құрылымдарды көзбен анықтау және басып сипап табу.

  • Функционалдық әдістер – тірі адамда пальпация (басып сипау, түрткілеу), перкуссия (саусақпен соғу), аускультация (тыңдау).

  • Адамның өлгеннен кейінгі анатомиялық зерттеу әдістері


    • Препараттау –мүрдені кесу және жару арқылы ішкі ағзаларды, тамырлар мен нервтерді айналасындағы ұлпалардан бөліп алу.

    • Сипаттау – мүрдені препараттау кезінде ағзалардың түсін, пішінін, бөліктерін және топографиялық құрылысын сипаттау.

    • Мүрдені немесе жеке ағзаларды арнайы сұйықтықтармен қатыру (бальзамдау, фиксациялау) – формалинмен, спиртпен.

    • Төменгі температурада қатырылған дененің немесе ағзалардың кесіндісін Пирогов әдісімен дайындау.


    • Инъекция әдісі– тамырларға, өзектерге, қуысты мүшелерге әр түрлі сұйықтық заттарды енгізу.

    • Коррозия әдісі –ағзалардың тіндерін еріту үшін әр түрлі қышқыл және сілтілермен әсер ету.

    • Полимерлік бальзамдау немесе пластинация – медициналық полимерлік заттармен (Силикон) мүрдені және ағзаларды қанықтырып сіңдіру.

    • Кептірілген анатомиялық препараттар – мүрдені және ағзаларды желдетілген ыстық ауамен кептіру (Грубер және Шор әдісімен).

    Микроскопиялық зерттеу әдістері


    • Бояу (гистологиялық) әдісі – әр түрлі құрылымдардың (нерв, бұлшықет ұлпаларының) бояуларға боялу қасиетінде негізделген (күміс тұздары, анилин бояуы, фуксин, метилен көк т.б).

    • Гистотопография – дененің бөліктерінің немесе ішкі ағзалардың кесіндісі жасалынады, боялады және полимерге немесе қататын массаға салып бекітіледі.



    • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет