ІІ.
Шайылмалы тип: К
ылг
1,3-тен жоғары. Топырақ кескіні сумен шайылған, ыза
суларының ағыны болмаса, топырақ батпақтана бастайды.
Мұндай судың құбылым типі
ормандық күлгін, қызыл және сары топырақ типтеріне тән. Су өткізгіштігі нашар, ыза
деңгейі жоғары көтерілсе, топырақ және оны құраушы жыныстар батпақтана бастайды.
ІІІ. Кезеңді шайылмалы тип: К
ылг
1-ге тең. Бұл типте топырақ жыл сайын шайыла
бермейді, ол тек ылғалды жылдарда шайылады. Мұндай су
құбылымы сұр ормандық
топырақтар мен солтүстік қара топырақты аймақтарда қалыптасқан.
VІ. Шайылмайтын тип: К
ылг
1-0,7 тең. Жауын-шашын суы топырақтың тек жоғары
қабаттарына әсер етеді, ал ыза терең жатады. Мұндай типте күзге қарай топырақ аса кеуіп
кетеді де, ондағы ылғал мөлшері өсімдік солуына дейін төмендейді. Бұл тип қара және қара
қоңыр топырақты аймақтарда қалыптасқан. Жоғары және тұрақты өнімді тек суармалы
егіншілікте алуға болады.
V. Жіпсінді тип: К
ылг
0,7-ден төмен . Ыза деңгейі жақын
орналасқан құрғақ және
шөлді дала аймақтарда қалыптасқан. Қылтүтікшелер арқылы ыза суы топырақ бетіне жетіп
барып буланады. Егер ол тұзды болса, құрлық бетіне ылғал мен бірге жеңіл еритін тұздар
да көтеріліп шоғырланады, сөйтіп топырақ сортандана бастайды.
Суармалы топырақтарда ирригациялық су құбылымы қалыптасады. Топырақ мол
ылғалданса, оның кескіні ызаға дейін шайылуы, ал суару
аралық мезгілі ұзаққа созылса,
ыза суы топырақ бетіне көтерілуі мүмкін.
Егіншілік өнімділігін арттырудағы шаралардың бастысы - топырақтағы су
құбылымын реттеу. Ол үшін жергілікті климат пен топырақ ерекшеліктерін ескере, егілетін
дақылдың суға сұранысын біле отырып, жан-жақты тәсілдер қолданады.
Мәдени өсімдіктердің өніп-өнуіне лайықты жағдай туғызу үшін топыраққа түсетін
судың мөлшері, транспирация мен физикалық булануға кеткен шығынды теңестіру, яғни
ылғалдану коэффициент санын бірге көтеру керек. Нақтылы топырақ климаттық жағдайда
су құбылымын реттеудің өз ерекшелігі бар. Мысалы, тұрақсыз ылғалданатын және ылғалға
тапшы шөлді аймақтарда су құбылымын реттеудегі ең басты мақсат - топырақта жиналған
ылғалды
сақтай отырып, оны тиімді пайдалану. Топырақта ылғалды жинау тәсілдерінің
бірі-қыста қарды, көктемде - еріген суларды ұстау. Ол үшін ықтырмалы (кулистік) егіс
аңызын (стерня), жасанды қар жолдарын пайдаланады. Топырақ бетіндегі су ағысын азайту
үшін сүдігерді (зябьты), беткейлерді көлденең жыртады,
ауылшаруашылық дақылдарын
жолақтап орналастырады, топырақты шұңғылдап өңдейді, тағы басқа тәсілдер қолданады.
Топырақтағы су қорын молайтуда таза немесе қара (әсіресе егілген) сүрінің (пардың)
маңызы зор. Мұндай сүрілерде өңделген топырақ қабатында ылғал қоры, басқа ауыспалы
егіс танаптарына қарағанда, 1,5-2 есе артық.
Ылғалды сақтап жинауда озат агротехнологияны пайдаланған жөн: көктемде топырақ
бетін қопсыту немесе тырмалап, ылғалды жабу арқылы топырақты физикалық буланудан,
яғни ылғал шығынынан сақтауға болады. Тұқым себілгеннен соңыра топырақты дөңбекпен
(каток) тығыздайды. Бұл тәсіл топырақтың қылтүтікшелері
арқылы ылғалды төменнен
жоғары көтеру мақсатымен жүргізіледі. Осылай сумен қамтамасыз етілген тұқым тез өнеді.
Топырақтағы ылғалды үнемді және тиімді пайдалануға органикалық және минералдық
тыңайтқыштар да себептеседі.
Шөл дала мен шөлді аймақтарда топырақтың су құбылымын жақсартудың басты жолы
- суару, яғни егіске қолдан су беру. Әрине, оның мөлшері өсімдік сұранысына сай, ал тәсілі
олбетте топырақты шайылу мен сортаңдаудан сақтайтындай болғаны керек.