Психологтың жұмыс бағыттары:
1. Психопрофилактикалық жұмыстар жүргізудің мақсаты мектеп мұғалімдеріне жүйелі түрде психологиялық кеңестер бере отырып, олардың психологиялық сауатын көтеру. Оқушыларда кездесетін психикалық ауытқушылықтың алдын алу шараларын жүргізу, бала психологиясындағы өзгерістер туралы ата-анаға дер кезінде психологиялық кеңестер беріп, олардың алдын-ала сақтандырып отыру. Мектеп жағдайындағы психопрофилактикалық жұмыстарға жататындар:
– балалардың мектептегі оқуға психологиялық даярлығын анықтау (ес, зейін, ерік, ойлау, сөйлеу, қабылдау т.б.);
– бастауыш сынып оқушыларының мектептегі оқуға тез бейімделуін анықтап, ата-аналар мен ұстаздарға ұсыныстар беру;
– оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысындағы психологиялық ерекшеліктеріне зерттеу жүргізіп, психологиялық кешеуілдеу мен ауытқушылықтарды анықтап, оны жоюға бағытталған шаралардың бағдарламасын жасау;
– оқушылардың әрбір психикалық үрдістерінің, сезімі мен еркінің, қабілеті мен мінезінің дамуына үзбей зерттеу жүргізіп, ұсыныстар беру;
– арнаулы бағдарламамен жұмыс жүргізуді қажет ететін оқушылар үшін пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, арнаулы бағдарламалар дайындау;
– интернат типіндегі мекемелерге қабылданатын оқушылар үшін арнайы психологиялық зерттеулер жүргізіп, олардың өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
– оқушылардың тұрмыс жағдайларына, оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктеріне (күрделілік, олқылықтар, мұғалімнің өзіне тән психологиясын түсінбеу т.б.) байланысты олардың жүйке жүйесінің бұзылуының алдын алу;
– педагогикалық ұжымда үйлесімді психологиялық ахуалды қалыптастыру, ұстаздар мен оқушылардың, ата-аналар мен ұстаздардың арасында сенімді байланысты қалыптастырып, психологиялық ынтымақтастықты орнату.
Психолог психопрофилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін сынып жетекшілермен бірлесе отыра, оқушылар туралы мәліметтер жинақтайды:
– дарынды оқушылар;
– озат оқушылар;
– үлгермеуші оқушылар;
– «қиын» оқушы мәселесі.
Психолог сабақтарға қатысады:
– оқушылардың жалпы білім деңгейін анықтау мақсатында;
– оқушылардың психикалық үрдістеріне, мінез-құлық, темперамент ерекшеліктеріне зерттеу жүргізу мақсатында;
– мұғалімдерге педагогикалық-психологиялық ұсыныстар беру мақсатында.
Оқудан тыс шаралар ұйымдастырады:
– мұғалімдер үшін психотерапиялық ойындар мен тренингтер өткізу;
– педагогикалық-психологиялық консилиумдар өткізу;
– ІХ-ХІ сынып оқушыларының кәсіби бейімділігін зерттеу;
– оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
– мұғалімдер үшін психологиялық мазмұнда тұрақты семинарлар өткізу;
Психопрофилактикалық жұмыс түрлері: психологиялық сауаттандыру, психологиялық кеңес беру, педагогикалық-психологиялық консилиум.
2. Психодиагностикалық жұмыстар – ол әрбір жас кезеңдеріндегі оқушылардың өзіндік психикалық үрдістерінің даму ерекшеліктерін түрлі зерттеу әдістері мен зерттеу әдіс темелерін қолдана отыра анықтайды.
Психодиагностикалық жұмыстарды мектеп психологы мынадай мақсатта жүргізе алады:
– оқушылардың психикалық дамуы оның жас ерекшеліктеріне сай келе ме? Әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізу мақсатында олардың қабілетін ерте анықтау үшін психологиялық зерттеулер жүргізеді;
– балалардың жас дамуынан төмен психикалық ауытқушылықтарының себептерін, мінез-құлықтың бұзылу себебін анықтауға арналған диагностикалық зерттеулер жүргізеді;
– оқушылардың ересектермен (мұғалім, ата-ана), өз құрбыларымен қарым-қатынасының мазмұнын, қарым-қатынастың бұзылуының кейбір психологиялық себептерін анықтауға байланысты жұмыстар жүргізеді.
3. Психокоррекциялық (түзету) жұмыстары. Оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына белсенді түрде психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы ықпал ету. Білім беру мен тәрбие жұмыстарын қатар жүргізе отырып, оқушылардың қабілеті мен бейімділігі, жалпы психикасындағы ауытқушылықтар мен кемшіліктерді түзету. Ол үшін психолог:
– жас ерекшелігіне байланысты әрбір кезеңнің қалыптасу бағдарламасын жасауы керек;
– психикасында ауытқушылығы бар балалардың жүйке жүйесінің бұзылуының себептерін анықтайды;
– әрбір психикалық ауытқушылықтардың мазмұнына байланысты коррекциялық (түзету) жұмыстың бағдарламасын жасайды;
– шұғыл шара алатындай отбасы жағдайы қиын балалар мен жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсетудің бағдарламасын жасау.
Психокоррекциялық жұмыс ата-аналармен, пән мұғалімдері мен сынып жетекшісімен бірлесіп жүргізілуі керек. Психокоррекциялық жұмыстар барысында оқушыларға ойын тренингтерін беру, иммитациялық ойындар, түрлі маңызды ситуацияларды шешу т.б. тапсырмалар беріледі.
Психодиогностика-теория,метафлогия, әдістемені өңдеуде, индивит немесе топ күшімен психологиялық деңгейінің дамуына байланысты, дәл баға беруге қасиетті белгілі білімдер жүйесі. «Психодиогностика» деген сөз психологиялық диогноз қою дегенді білдіреді немесе адамның психологиялық күйдеболғанда квалификациялық шешім қабылдау не болмаса қандай да бір жеке алынған психологиялық қасиетіне қатынасты шешіліп жатқан мәселе бір жақты емес және психологияда оның екі түрлі түсінігі пайда болады. Психодиогностика түсінігінің нақтылауының бірінде оның арнайы психологиялық білім төңірегіне қатысты.бұлар психодиогностикалықәр түрлі амалдарды өңдеуде және пайдалануда іс-тәжірибеге қатысты психодиогностика осы түсінік бойынша ғылым болып қалыптасып келесіарнада жалпы сұрақтар қалыптасады:
Психологиялық құбылыстардың және оның ғылыми бағалануының принципияльды мүмкіншілігі қандай?
Қазіргі уақытта психологиялық құбылыстардың санаулы бағалануында және принципияльдыбағалануда жалпы ғылыми негізделуінің қалыптасуы қандай?
Қабылданған жалпы ғылыми методологиялық тараптарға қазіргі уақытта пайдаланып жүрген амалдар қандай дәрежеге сай келеді?
Әр түрлі психодиогностикалық амалдарға қандай негізгі әдістемелік талаптар қойылады.
Практикалық диагностиканың нәтижесінің дұрыстығының негізделуі қандай? Психодиогностиканы жүргізуде қойылатын шарттар мен талаптар оны өндіруде алынатын нәтижелер және интерпретациялау амалы қандай?
Тестерді қоса есептегенде психодиогностиканың ғылыми әдістерін тексеру және құрастыру процедурасының негізі қандай?Психодиогностиканың 2-ші айқындалған термині психологияның спецификалық іс-әрекет сферасынабағыштайды. Ол психологиялық диагнозды іс-тәжірибе жүзіне қоюымен байланысты. Мұндай теориялық сұрақтарға қарағанда іс-тәжірибелік сұрақтар шешіледі. Бұл сұрақтар психодиогностиканы жүргізу және құрастыруға байланысты. Олар:
Психодиогностика ретінде психодиогносқа психологқа қойылатын кәсіптік талаптардың нақтылануы.
Өзінің жұмысы табысты орындау үшін білім деңгейін, санын, қабілетін және дағдысын орнату және арттыру.
Психологтың психодиогностиканың әсерін табысты және кәсіптік мөлшерде меңгеруде іс-тәжірибелік шарттың минимуминың анықтау.
Психологтың психодиогностика төңірегіндегі іс-тәжірибелік әдістері мен амалдары. Бағдарламаны өндіруде дайындығын анықтау және бағалау. Психиканың даму деңгейіне баға беру, іс-тәжірибеде бір немесе бірнеше мәселелердішешуге байланысты индивит немесе топтың көмегімен жүргізіледі:
Белгілі қасиеттің даму деңгейін анықтау:
Белгілі уақыт кезеңінде өткен динамикасымен дамуын анықтау.
Оқу-тәрбиелік ықпалмен ұйымдастырылған индивит немесе топтың тәртәбәнде шындыққа жанасатын өзгерістерді белгілеу.
Өткен кезден анализ заңдарын, даму деңгейінің динамикасын, жеке адамның қасиеттерінің даму деңгейінің перспективаларын анықтау.
Анықталған адамдар немесе топтар категорияларын дифференциалдық жұмыстар жүргізу нәтижесінде даму өзгерістері байқалғандарды бөлу.
6.Топ немесе индивиттің кез-келген мәселелердішешуге, мысалы: өзінің мамандығының міндеттеріне байланысты кәсіптік дайындығын анықтау.
Индивит немесе топтың медициналық немесе әлеуметтік нормаларға психокорекциялық жұмыстың сәйкес келетінін ,келмейтінінанықтау.
8.Топ немесе индивиттің өмір жолын таңдауға (мамандық,неке) ұсыныстарды өңдеу жолдары.
Сонымен психодиогностика өмірдің бірінші айынан бастап, мектеп бітіргенге дейін жас кезеңнің дамуының психологиялық динамикасын (танымдық,интелектуалдық, жеке тұлғалық,жеке тұлға аралық) зерттейді. Бұл жағдайда оның әр бір ай мен әр жылда дамуын көрсететін әрбір балаға әдейі психодиогностиекалық карта толтырылуы тиіс.
Әр бір баланың психикалық тәрбиелік дамуының, орташа стандартпен нормадан жақсы,жаманжақтары ауытқуының индивидуалдық ерекшеліктерін анықтау.
Оқудың тәрбиенің үлгерімінің дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін дамытушы педагогикалықэксперименттерге жәрдем болатын психологиялық көмек.
Баланың дарындылығын, берілгендерін,индивидуалдық ерекшеліктерін және осыөлшемдерді дамытатүсуі және мақсат көздеуінің бейімділігісонымен қатар ғылыми негізделген кәсіптік кеңестің, кәсіптік таңдау бағдар жұмыстардың жүргізілуі.
Мұғалімдерге және ата-аналарға қажетті балалардыоқытуда және тәрбиеде барынша сәйкес келетін әдістерді таңдаумәселесі,баланың қалыпты жағдайдағы психологиясытуралы жан-жақтымәліметтерді қабылдау.
Балаларға психодиогностикалық зерттеу жүргізуде морольдық-этикалық мінездегі бірқатар сұраныстардың негізгісі мыналар:
1. Психодиогностикалық зерттеулердің қорытындысы кез-келген жағдайларда балаларға зиянын тигізбеуі керек.
2. Балалардың психодиогностикасы ата-аналардың және балалардың келісімімен жүргізілуі керек. Нәресте яғни жас кезеңде мұндай шешімдерді ата-аналар қабылдауына болады.
3.Ата-аналар балалардың психодиогностикалық зетртеулердің қортындысын білуге тиіс. Психодиогностикалық зетртеуле рқортындысы балалардың болашағын анықтауға негізбола алмайды, ол тек оның оқу мен тәрбиелеу мүмкіндігінің негізі болып табылады.
5. білім беру жүйесіндегі қызметтегі психолог, психодиогностикалық жұмысты мұғалімдермен тәрбиелеушілердің,олардың балалары жайлы қажетті мәліметтермен қамтамасыз ететін психодиогностикалық жұмыстарды тығыз қарым-қатынаста жүргізуі керек.
Псходиагностикалық методикалардағы апробацияның негізгі өңделген топтары мыналар:
1. Берілген әдістеменің көмегімен зерттелген қасиеттер мен құрлымдар дәл анықталуы тиіс. Басқаша жағдайда әдістемені жалғастырудың қажеті жоқ, өйткені оның қартындысы шындыққа сәйкес келмейді.
2. Балалардың даму деңгейіне сәйкес қасиеттері мен құрамдарын обьективтік белгісінің таңдау жүйесінің негізінде анықталадыв. Бұл белгілер методиканың қатаң тәртібінебағынуы керек.
3.Таңдалған белгілерді операционализациялау операция күйіндегі әрекет жүйесіне жұмылдыру.
4.Әдістеме қолданғанда теоретикалық сұрақтарды өңдеу.
5.Әдістеменің дәлдігін, дұрыстығын,валиттілігін тексеру.
6.Практикалық тексеру мақсатымен әдістемені жүргізу, жастық нормалардың сәйкес екеніне көз жеткізу. Осының барлығының нәтижесінде практикалық психодиогностикалық әдістемелерді қолданудағы жұмыс мамандықты, кәсіпкерлікті, жауапкершілікті жоғары квалификацияны қажет етеді.
Әр түрлі психодиогностикалық әдістерді пайдаланудың
ерекшеліктері
Мектептегі оқушыларға ғылыми зерттеу жұмыстарында да қолданылатын барлық психодиогностикалық әдістемелер қолданылады. Бірақ олардың көбісі арнайы апаратураларды керек етеді. Сондықтан да практикада көбнесе сұрақ жауап, байқау, документтер анализі, психодиогностикалық мәселелерді шешуде көмегі бар қарапайым тесттер жүргізіледі. Психодиогностиканың негізін тест құрайды. Олар келесі топтарға бөлінеді: индивидуальдық, топтық, вербальдық, вербальдық емес, сандық, сапалық,градуальдық, альтернетивтік, жалпы индивидуалдық тесттер әр зерттелушінің жеке өмірімен жүргізілетін психологтың жұмысы.
Тестерге байланысты сұраныстардың бірі жаңа жағдайларға: ел, мәдениет, тіл жасқа байланысты тесттің адаптациялануы. Бір елдің мәдениетіне, әлеуметіне, экономикалық жүйесіне байланысты өңделген тестер басқа елде қолданылуына болмайды. Тесттің бейімделуіне оның қай тілде жазылғанының маңызы зор. өйткені өзге тілде қолданылуына байланысты психологиялық терминдердің көптігіне байланысты аударылу мағынасы дәл болмауы мүмкін.
Дарынды бала әдетте:
– инфромацияланған
– сөз қорына бай
өз бетінше жаңа материалды тез ұғады
өзінің ойын білдіре алады
информацияны синтездейді
өз еркімен қиын есептерді шығаруға ұмтылады
информацияны дұрыс пайдаланады
күрделі ойдың мағынасын ұғады
керекті информацияны іздестіруде альтернативтік жолдар пайдаланады
кез-келген ситуацияда әрекетке түсінуден бұрын анализдейді
берілген жұмыстың қортындысымен, жұмыс процесін бағалайды
өзінің және басқалардың бастаған ісінің қортындысын жобалай алады
іс-әрекетті ой-елегінен өткізе алады.
шпотизаларды құрай алады
идеаларды пратикада қолдана алады
жылдам ойлайды
қиялы жақсы дамыған
агрессиясы нашар дамыған
өзінің қабілетіне өз күшіне сенімділік.
Дарынды балалар қоршаған ортаға деген қызығушылықпен ерекшеленеді.
Баланың дарындылығын дамытуға және күшейтуге ата-аналардың келесідей ықпалы бар:
баланың қойған сұрақтарына шыдамды және дұрыс жауап беру
баланың жетістіктерге жеткендігін бағалау
балаға сабақ орындауына бөлек басшы немесе бұрышпен қамтамасыз ету
жастайынан баланы оқуға үйрету
оның жеке басының дамуына ықпал ету
баланың кез-келген жастағы адамдармен қарым-қатынасқа түсуге бейімдеу
қызықты жерлерге экскурцияға шақыру
балаға күнделікті көңіл аударып тұру керек
Бұл әдістердің негізгі талаптары:
Эксперемент жүргізбестен бұрын психолог зерттеуші оның барлық бөлшектерін, ситуацияларын, нұсқауларын зерттеушілерді бақылау жолдарын қарастыру крек.
Эксперементтік ситуациялар баланың даму деңгейін білу мақсатына байланысты орайластырылып, оны жан-жақты ойландыратындай етіп құрылуы керек.
Эксперементтік зерттеушілермен таныстырылатын нұсқау қысқа және түсінікті болуы керек.
3.Психодиагностикалық бағыттағы негізгі мәселелер.
Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет жүйесінің атқарар істерінің ауқымы мол. Балалар, мұғалімдер, ата-аналар, басшылар деп аталатын 4 категорияны қамти отырып, психологиялық қызмет оқу тәрбие үрдісін жақсартуға үлес қосады.
Баланың қабілеттілік, дарындылық деңгейін, зеректілігін, зейіннің қасиетін, танымдық процестерін анықтау нәтижесінде психолог бала мүмкіндігі туралы құнды деректер алады; білім берудің бала танымына лайық жолдарын сұрыптап, балалардың белсенділігін арттыруға жағдай жасайды;
Педагогикалық ұжымдағы өзара қарым-қатынас типтерін реттейді, топтағы психологиялық ахуалды байқап бір қалыпты жағдайда ұстап отыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда мектептегі практик –психологтың жұмысы 4 (төрт) негізгі бағыттан тұрады:
– психодиагностика
– психокорреция психологиялық кеңес беру
– психологиялық ағарту
Білім беру жүйесіндегі психодиагностика – баланың психикалық даму ерекшелігін; жеке басындағы білім, дағды, іскерліктер секілді құрылымдардың жас ерекшелігі мен қоғам талабына сай келуін анықтау болып табылады.
Психологиялық қызмет көрсету жүйесіндегі психодиагностиканың маңыздылығы мынада:
біріншіден, тез арада шешімін қажет ететін нақты мәселелер түйінін тарқату;
екіншіден, психодиагностика білім беру жүйесінде мектеп психологының барлық жұмыстарының негізі болып табылады; диагнстика мәліметтерінің негізінде түзету, дамыту жұмыстары іске асырылады; психопрофилактикалық жұмыстарды атқару барысын қадағалау диагностика арқылы өтеді.
Белгілі психолог К.М.Гуревичтің көрсетуінше, психодиагностиканың міндеті – баланың өзіне де, онымен жұмыс істейтін ересектерге де түсінікті, әрі пайдалы болатындай, баланың даралық – психикалық ерекшеліктері туралы ақпарат беру болып табылады.
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет көрсету жүйесіндегі психодиагностиканың ерекшелігі мыналар:
1) ғылыми психодиагностикадағыдай психикалық дамудың белгілі бір заңдылықтарын анықтау емес, нақты сұрақ шешімін табу, яғни белгілі бір психикалық құбылыстың себебін табу және негізгі мақсатта – оқушының қандай да бір қабілетін дамыту туралы немесе психикалық дамуындағы белгілі бір ауытқуларды жою туралы нұсқаулар даярлау.
2) Г.Витцлактың көрсетуінше, мектептегі психодиагностика педагогикалық мәселемен тығыз байланысты болуы шарт; оның негізгі мәні де осы. Сондықтан мектептік білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет жүйесіндегі диагностика психологиялық, педагогикалық диагностика деп аталады.
3) Л.С.Высотский адам қылықтары туралы оқиғаларды жеке –дара қарастыру арқылы адам табиғатын барынша түсіну мүмкін еместігін, кез-келген оқиғаны адамның бүкіл өмір сүру барысымен байланыстыра қарастыру арқылы ғана іздеген сұрақ шешімін табуға болатындығын атап көрсетті. «Қазіргі уақыттағы кез келген дамудың іргетасы өткендегі даму және бұл екеуі бірігіп, болашақтағы дамуға негіз болады», – деп жазды Л.С.Высотский. Сондықтан қандай да бір даралық ерекшелігін анықтау ісін бір ғана зерттеу әдістемесін жүргізу барысында алынған нәтиже мәліметімен өлшемей, бала өмірін біртұтас қарастырып, саралау арқылы белгілі қорытындылар жасау қажет.
4) Мектептік психологиялық қызмет жүйесінде анықтау жұмысы, яғни психодиагностика немесе психологиялық түзету (дамыту) жұмыстары жеке –дара қарастырылмайды.
Д.Б.Элькониннің көрсетуінше, бізге балаларды сұрыптауға арналған диагностиканың қажеті жоқ. Оның айтуынша даму барысын бақылау өте мұқият жүргізілуі керек; себебі дамудағы болуы мүмкін ауытқуларды неғұрлым ерте бастаған жөн. Сондықтан психодиагностика мен коррекция мектепте анықтау – түзету жұмыстары болып беріледі.
Мектеп психологы анықтау негізінде диагноз қояды, белгілі бір нұсқаулар жүйесін белгілейді; әрі оның жүзеге асырылуын қадағалайды.
Психодиагностика – баланы психологиялық зерттеу әдістерін, арнайы зерттеу әдістерін кәсіби игеруді талап етеді.
Практик –психолог жұмысының мазмұны психодиагностика арқылы негізделіп, яғни білім беру саласында балалар және ересектердің психологиясын және мінез-құлқын бағалау, сонымен қатар психологиялық зерттеулер бойынша алынған сенімді мәліметтерге сүйене отырып, оларға тән психологиялық мінездеме беру. Кәсіби әрекеттің бұл түрімен айналысатын психолог, психодиагностикалық зерттеулердің практикада қолданылуын ғана біліп қоймай, сонымен қатар олардың негізделген және жетілдірілген теориясын білу қажет. Диагностикамен айналысатын психолог – қажет болған жағдайда зерттеу әдістерін бейімдеп, қайта жасап, тексере білуі шарт. Сонымен қатар әдістердің сенімділік және беріктілік сияқты ғылыми бағалау тәсілдерін шартты түрде меңгеруі қажет.
Практикалық психодиагностика – психологтардың кәсіби іс-әрекетіндегі өте күрделі және жауапты бөлім. Психодиагност білімді, кәсіби шебер және жауапты болуы керек. Аталған талаптарға орай психологтарға бірқатар әлеуметтік –этикалық талаптар ұсынылады. Олардың бірқатары практик-психологтың этикалық кодексіне енгізілген, ал қалғандары қосымша талқылауды қажет етеді. Олардың ішінде – психодиагностика құпияларын сақтау, психодиагностикалық әдістемелердің ғылыми негізделуі, сыналушыларға зиян келтіру, тұжырымдардың нақтылығы және ұсынылған практикалық сипаттамалардың өнімділігі. Осы аталған талаптарды психодиагностиканың ұстанымдары түрінде қарастырайық.
Құпияны сақтау ұстанымы – сыналушының келісімсіз диагностика нәтижелерін жарияламау. Бұл ұстаным көбінесе ересек адамдарға қатысты. Егер зерттелуші кәмелетті жасқа толмаған болса, мысалы мектеп жасындағы балалар, онда психодиагностикалық зерттеу нәтижелерін жариялау үшін міндетті түрде ата-аналарының немесе олардың орнына жауапты тұлғалардың келісімдері қажет. Тек ғылыми мақсат бойынша эксперименталды зерттеудің бір бөлімі ретінде ғана психодиагностикалық зерттеу нәтижелерін жариялауға болады, бірақ бұл жағдайда да басылымдарды сыналушылардың нақты аты –жөндерін көрсетіп сипаттауға болмайды.
Психокоррекция – бағыты индивидтің бүтіндік дамуы мен қызметіне психологиялық әсер ету болып табылады. Жеке бас дамуына әсер ету жас және дара психологиялық ерекшелігіне (танымдық, эмоционалды – еріктік, қалыпты мінез-құлық және қасиеттеріне ) қарай жүретін қалыпты үрдіс.
Л.С. Выгодскийдің енгізген «таяудағы даму аймағы » есепке алынып «жоғарыдан төмен» және «төменнен жоғары» ұстанымы негізінде құрастырылды.
Жеке жаттығу ойын және кеңес беру түрінде ата-ана мен бала өзара қатынасында қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |