Дәрістің мазмұны


Ұжымның және социумның педагогикалық әлеуеті



бет31/73
Дата21.01.2023
өлшемі171,37 Kb.
#62223
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   73
Байланысты:
Д рісті мазм ны

Ұжымның және социумның педагогикалық әлеуеті. Ұжымның шығармашылық әлеуеті шығармашыл тұлғалармен туындайды. Онда жеке дәстүрлер, құндылықтарға, педагогикалық ізденіске деген өзіндік көзқарас қалыптасады. Психологиялық жағдай, ұжымдық мақсаттар мен бағалар, шығармашылық стилі мен әлеуеті әртүрлі болып келетін адамдардың өзара әрекеттесуі шығармашылықтың, белсенділіктің дамуына стимул немесе тежеу болуы мүмкін.
Баланың өмірін шынайы әлеуметтік ортада түрлі әлеуметтік институттарды (жанұя, өндіріс, клубтар, шығармашылық бірлестіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау орындары, театр, кинотеатр және т.б.) және кәсіби емес педагогтарды (ең алдымен, ата-аналарды) қатыстыра отырып, ұйымдастыруда көптеген жаңа идеяларды, тұрғыларды, формаларды лауға болады.
Педагог тұлғасының шығармашылық әлеуеті. Бұл шығармашылықтың ішкі ресурстары арқылы көрінеді: қиял, фантазия, болжау, белгілі тәсілдер мен элементтерді алмастыру іскерлігі, затты әдеттегідей қызметінен, байланыстарынан басқаша көре білуі, шешім қабылдауы, яғни педагог-зерттеуші тұлғасының креативтілігін (шығармашылық мәнділігін) сипаттайтын нәрселердің бәрі. Шығармашыл педагогқа өзіндік педагогикалық ойлау тән, жаңа идеялар мен әдістерді жасап шығаруға қабілетті.


Дәріс 5. Білім беру ұйымдарында тәжірибелік-ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру.

  1. Ұжымдық кешенді зерттеуді ұйымдастыру кезеңдері

  2. Ізденіс жұмыстарын өткізу шарттары

Зерттеуді ұйымдастыру көптеген факторларға тәуелді. Ең маңыздысы – зерттеудің түрлері, яғни зерттеу ұжымдық, кешенді немесе жеке болуы мүмкін. Ұжымдық зерттеу – бұл жалпы тақырып бойынша жұмыстанатын зерттеушілер тобының әрекеті. Олардың әрқайсысы жалпы мәселенің белгілі бір бөліктерін қарастырады. Кешенді зерттеу ұжымдық зерттеудің түрі болып табылады. Ол көппәнділігімен (бірнеше зерттеу пәнінің болуы) және көпжақтылығымен сипатталады. Мысалы, психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, технологиялық, басқару жақтарын біріктіріп, нәтижесінде жалпы педагогикалық және ұйымдастырушылық-педагогикалық қорытындылар, модельдер, ұсыныстар түрінде беруі мүмкін. Жеке зерттеуді жалғыз бір адам жүргізеді.
Ұжымдық кешенді зерттеуді ұйымдастыру кезеңдері:
1 кезең – бағыттаушы: елдегі, аймақтағы, қаладағы (аудандағы) немесе шағын аудандағы білім беру ситуациясын объективті талдау және баға беру, қоғам мен мемлекеттің білім берудегі әлеуметтік тапсырысын, тұрғындардың сұраныстарын, білім беру нарығының талаптары мен сұраныстарын, мәселелерін зерттеу. Бұл кезеңді ұжымдық зерттеудің жетекшісі немесе белсенді қатысушысы көмекшілермен бірге (психолог, әлеуметтік педагог, ғалым-педагог, пән мұғалімі, валеолог жәнет.б.) жүргізеді.
2 кезең – диагностикалық: зерттелетін педагогикалық үрдістер мен құбылыстардың даму деңгейі, мәселенің шешудегі қазіргі тәжірибені зерттеу. Негізінен бұрыннан белгілі әдістер мен әдістемелер қолданылады.
3 кезең – мақсат қою: бастапқы теориялық тұрғылар, зерттеудің мақсат-міндеттері анықталады, болашақ модель жобаланады.
4 кезең - өзгерту, зерттеудің жұмыс уақыты және көлемі бойынша негізгі кезең. Жоспарланған жұмыс (эксперимент, авторлық бағдарламаларды және жобаларды жасау және жүзеге асрыу, жаңартылған технологияларды, басқару модельдерін енгізу) орындалады.
5 кезең – қорытындылау: диагностикалау, жалпылау, нәтижені интерпретациялау және бағалау, есеп беру, педагогикалық басылымдарда жариялану, енгізілетін құжаттар (оқу жоспары, бағдарламалар, ұсыныстар, қағидалар және т.б.).
Ізденістің жетістігін оның өту шарттары да белгілейді. Шарттар – бұл ізденіс жүретін ішкі және сыртқы жағдайлар. Олар:

  • әлеуметтік-саяси шарттар;

  • ұйымдастыру-әдістемелік шарттар;

  • зерттеудің жетекшісінің болуы;

  • даму қарама-қайшылықтарын, бағыттарын ұғыну;

  • білікті кадрлардың болуы;

  • педагогикалық ұжымның жоғары жалпымәдени деңгейіне ие болуы;

  • зерттеу өткізілетін орынның мәртебесі,оған ата-ананың, оқушылардың, қоғамның сенімділігі;

  • ұжымдағы жағымдыпсихологиялық ахуал;

  • материалдық жағдайдың (орын, құрал-жабдық, әдебиет, қаржыландыру және т.б.) болуы;

  • зерттеу өткізуге уақыттың бөлінуі;

  • ғылыми ұжымдармен (ЖОО кафедраларымен, ғылыми зерттеу институттарының бөлімшелерімен) байланыс орнату.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет