Осы қайшылықтың шешімін іздестіру зерттеу проблемасын айқындауға және зерттеу тақырыбын: “Рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің педагогикалық шарттары” деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу объектісі: Жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні –Рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің педагогикалық шарттары.
Жұмыстың мақсаты – Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі тәрбиелеуінің педагогикалық шарттарын теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімділігін практика жүзінде дәлелдеу, әдістемесін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер,жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісінде студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі тану әдістері мен өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын тиімді пайдаланса, онда студенттердің ішкі мүмкіндіктерін толығымен пайдалана отырып, өзін-өзі тұлғалық дамыту, өз іс-әрекетін басқару әрекеттері жүзеге асырылады, өйткені оқу-тәрбие үрдісі студенттердің өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі басқару жолдары арқылы жүзеге асырылады.
Зерттеудің мақсаты, объектісі, пәні мен болжамына сәйкес алға төмендегідей міндеттер қойылады:
“Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі тәрбиелеуінің теориялық негіздерін айқындау.
Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі тәрбиелеуінің педагогикалық шарттарын негіздеу және ұйымдастырудың теориялық моделін жасау.
Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастырудың әдістемесін жасау және тәжірибелік-эксперимент арқылы тиімділігін тексеру.
Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік ұсыныстарын практикаға ендіру.
Зерттеудің жетекші идеясы:Студенттердің оқу-тәрбие үрдісінде рухани-адамгершілік құдылықтар негізінде өзін-өзі тануы, өзін-өзі жетілдіруі, өзін-өзі басқаруы шарттарын қолдану, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуіне негіз бола алады.