Дәрісті құрастырушы қалыпты физиология кафедрасының доценті Росляковой Е. М


Эмбрионның жатырға бекінуіне жатырдың ішкі қабатының дайын болуы



бет8/9
Дата10.12.2023
өлшемі1,31 Mb.
#136607
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Эмбрионның жатырға бекінуіне жатырдың ішкі қабатының дайын болуы.
  • 3. Ұрықтану – сперматозоид (еркек жыныс жасушалары) мен жұмыртқа (әйел жыныс жасушалары) қосылып, зигота түзетін процесс. Ұрықтану жатыр түтіктің ампулярлық бөлігінде жүреді. Әйел ағзасында ай сайын жатырдың эндометрия қабатының сынып түсу процесі - етеккір (менструация) жүреді. Осыдан кейін 14 күннен кейін овуляция жүреді. Осы уақыт ішінде гипофиз безі аналық бездерге әсер ететін және фолликулалардың өсуін ынталандыратын ФЫГ бөліп шығарады. Максималды мөлшерге жеткеннен кейін фолликулалар жарылып, овуляция орын алады. Овуляция - бұл фолликулалардың жарылуы нәтижесінде жұмыртқа жасушасының сыртқа шығуы және жарылған жерде сары дененің пайда болуы. Жұмыртқа жасушаны жатыр түтігінің шеттері ұстайды және 1-2 күн белсенді болуы мүмкін. Егер осы уақыт ішінде ұрықтандыру болмаса, жұмыртқа жасушасы өледі. Егер жатыр түтігінде 3-4 күн ішінде белсенді және ұрықтандыруға қабілетті сперматозоидтар болса, онда ол жұмыртқа жасушасымен қосылады. Сперматозоидтардың акросомасы жұмыртқаның қабығын бұзып, оның енуіне көмектесетін арнайы ферментті бөледі. Сперматозоид жұмыртқаның ішіне енгеннен кейін оның айналасында басқа сперматозоидтар еніп кете алмайтын арнайы қабықша пайда болады. Сперматозоид X немесе Y хромосомаднан тұрады, ал жұмыртқада әрқашан Х хромосома болады. Жұмыртқаға генетикалық материал жиынтығы енгізілетін сперматозоидқа сәйкес болашақ баланың жынысы анықталады. Егер сперматозоид Х хромосомалы болса қыз, Y хромосомалы болса ұл болады.
  • Пренатальды даму кезеңдері:
  • Бастапқы: 1 апта – концептус дамиды.
  • Ұрықтық: 2 - 8 аптада – эмбрион дамиды.
  • Нәрестелік: 9 аптадан жүктіліктің соңына дейін – нәресте дамиды.
  • Әйелдерде қалыпты жүктілік орта есеппен 270-280 күнге созылады (9 ай) және босанумен аяқталады.
  • Жүкті әйелдің бүкіл эндокринді жүйесі өзгерістерге ұшырайды. Ұрық жолдасы (плацента) көптеген қызметтер атқарады: қоректік заттар мен оттегіні жүкті әйелден ұрыққа тасымалдау, керексіз метаболизм өнімдерін шығару, ұрықтың тіршілігіне қажетті белоктар мен гормондардың (ХГТ- хориондық гонадотропин, прогестерон, хориондық соматомаммотропин, фибробласт дамытушы фактор, трансферрин, пролактин, релаксиндер, кортиколиберин, эстрогендер және т.б.) түзілуі, ұрықты иммундық қорғау секілді көптеген қызмет атқарады.
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет