Босану – ұрықтың дамуы аяқталуымен байланысты болатын және жатырдан нәресте, қағанақ пен бала жолдасының шығарылуымен сипатталатын күрделі физиологиялық процесс
Босану – ұрықтың дамуы аяқталуымен байланысты болатын және жатырдан нәресте, қағанақ пен бала жолдасының шығарылуымен сипатталатын күрделі физиологиялық процесс.
Босану алдында әйелдің ағзасында белгілі бір құрылымды-физиологиялық өзгерістер болады. Бұл өзгерістер босанудың алдыңғы белгілері болып табылады, олар босанудан 1-3 күн бұрын пайда бола бастайды. босанудың алдыңғы белгілері: жамбастың байламдық аппаратының босаңсуы (сегізкөз сүйектері жоғары және төмен қозғалу қабілетіне ие болады); жыныс ернінің ісінуі және ұлғаюы; іштің төмен түсуі; жатыр мойнының қысқаруы; қою, жабысқақ қынап шырышының сұйылуы, жатыр мойны арнасын жабатын шырышты тығынның және осы шырыштың сыртқы жыныс мүшелерінен шығуы; сүт безінің ұлғаюы және уыздың бөлінуі. Әйелдердің біршама алаңдап, мінез-құлқының өзгеруі.
Босану үш кезеңде өтеді: дайындық, баланың шығуы және бала жолдасының шығуы.
Дайындық кезеңінде жатырдың жиырылуы, яғни толғақ басталады, ол басылып, босаңсумен кезектесіп отырады. Жатыр мойны ашылады. Ұрықтың жатысы мен орналасуы өзгереді (ұрық 90-180 ° айналады). Ұрықтың қабықшасыы жыртылады, амнион сұйықтығы бөлінеді, бұл сұйықтық туу жолын ылғалдандырады және баланың өтуіне дайындайды.
Баланың шығуы кезеңінде жатырдың, құрсақ бұлшықеттерінің және омыртқа бұлшықеттерінің белсенді жиырылуы басталады. Ұрықты жатырдан шығарумен байланысты құрсақ бұлшықеттері мен омыртқа бұлшықеттерінің жиырылуы күшену деп аталады. Толғақ пен күшенуғе байланысты бала туу жолы арқылы шығарылады.
Бала туылғаннан кейін бала жолдасының шығу кезеңі басталады. Толғақ пен күшенудің арқасында плацентаның ұрық бөлігі аналық бөліктен бөлініп, босану жоы арқылы шығарылады.
Босанғаннан кейінгі кезең - бұл босанудан бастап жыныс мүшелерінің инволюциясының аяқталуына, жыныс мүшелерінің және басқа органдардың қызметінде қайталанатын өзгерістерге дейінгі уақыт кезеңі. Босанғаннан кейінгі кезеңнің ұзақтығы 6-8 апта (42-56 күн).
Туылу процесі жүйке және гуморальдық құралдармен реттеледі.
Босанудың гуморальды реттелуі күрделі тізбекті реакция болып табылады:
баланың қанында глюкокортикоидтардың жоғарылауы;
баланың глюкокортикоидтары плацентада эстрогендердің түзілуін ынталандырады;
эстрогендер плацента мен жатырда простагландиндердің өндірілуін ынталандырады;
простагландиндер сары дененің регрессиясын және прогестерон деңгейінің төмендеуін тудырады; сары дененің релаксин секрециясына, сондай-ақ гипофизден окситоциннің шығуына ықпал етеді.
релаксин мықын және сегізкөз сүйектері буындарының байламдарының босаңсуына және туу жолының кеңеюіне ықпал етеді, сонымен қатар жатырдың бұлшықеттерінің жиырылуына прогестеронның тежеуші әсерін жояды;
соңында окситоцинмен миометрияны яғни жатыр етін ынталандыру мүмкін болады
Лактация - сүт бездерінде сүттің түзілуі және бөлінуі. Бұл көбеюдің соңғы кезеңі. Бала туылғаннан кейін қанда эстроген мен прогестерон мөлшері күрт төмендейді. Бұл пролактиннің көп бөлініп, сүттің секрециясын туғызады. Босанғаннан кейін алғашқы 2-3 күн сүт безі уызды бөліп шығарады.
Сүт жүктіліктің 13-14 аптасынан бастап уыз түрінде бөліне бастайды. Нәресте бірінші күні уыз емеді. Сүт бөлу 3-5 күндері күшейеді. Тәулігіне 600-1500 мл сүт бөлінеді, ал оның ұзақтығы 3 айдан 24 айға дейін созылады.
Ана сүті
Құрамы өте күрделі, қоректік заттарға, витаминдерге, микроэлементтерге өте бай әйел босанғаннан кейін сүт бездерінен бөлінетін сұйықтық. Құрамында иммуноглобиндер және қорғаныш заттар болатындықтан, жаңа туылған нәрестелердің иммундық жүйесін қалыптастырады. Нәресте анасының сүті арқылы қоректік және иммундық заттар, қуат және ақпарат қабылдайды.