Дәрістің тақырыбы: Тәрбие жүйелері және олардың дамуы. Тәрбие процесі және оның сипаттамасы



Дата02.12.2023
өлшемі26,71 Kb.
#132365

Дәрістің тақырыбы: Тәрбие жүйелері және олардың дамуы. Тәрбие процесі және оның сипаттамасы.
Дәрістің мақсаты: Білім алушыларды тәрбие жүйелері және олардың даму жолдарымен таныстыра отырып, тәрбие процесін сипаттау.
Дәрістің жоспары:

  1. Тәрбие жүйесі. Тәрбие мақсаты жайлы жалпы түсінік

  2. Тәрбие процесі күрделі динамикалық жүйе ретінде.

  3. Қазіргі жағдайларда және педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбие мақсатының мәселелері.

Тәрбие жүйесі — жеке адамды идеялық, саяси, адамгершілік, экономикалық т.б. жағынан қалыптастырудағы жүйелі процесс. Тәрбие жүйесі — адамдарды мақсатқа бағытталған іс-әрекет үрдісінде тәрбиелеу кешені. Сонымен айналысушылардың өз арасында пайда болатын қатынастарды игеріп басқарынатын іс-әрекет, яғни тәрбиелік жүйенің өмір тіршілігіне қабілеттіліктерін қамтамасыздандырады. Педагогикалық мақсатты және оқушының дамуын қамту үшін жасалады. Тәрбие заңы (қоғамдағы құбылыс ретінде) — жас ұрпаққа аға ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін берудің міндеттілігі мен қажеттілігі. Тәрбие заңы оларды қоғамдық өмірге қосып, ұрпақ жалғастығын, қоғам тіршілігін қамтамасыз етуде жеке адам қуатын дамытуға жағдай туғызады.
Адамзат тарихында әлемдік өркениеттің әрбір кезеңінде әр түрлі білім беру жүйелері белгілі болды. Олардың әрқайсысында өзіне тән ерекшелік, сипат,тары болып, олар сол кездің әлеуметтік, экономикалқы, саяси талаптарын бейнеледі. Мысалы тарихта төмендегідей жүйелер болды: спартандық тәрбие жүйесі, афиндық тәрбие жүйесі, діни тәрбие жүйесі, джентельменді қалыптастыру жүйесі (батыс-еуропалық), адамды ұжымды және ұжым арқылы тәрбиелеу (А.С. Макаренко) және т.б.
Тәрбие жүйесі - мекетпті өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі ұйымдастыруда жүзеге асатын өзіндік қызмет ету және даму логикасы бар, әлеуметтік тұтас ағза. (В.А. Караковский).
Тәрбие жүйесі - тұлғаның рухани адамгершілік, шығармашылық дамуын қамтамасыз ететін әлеуметтік шындық құрауыштарының жиынтығы. Мектепте екі тәрбие жүйесі бар: дидактикалық және оқу- тәрбие жүйесі,- деп көрсетеді Б.И.Иманбекова. Л.И.Новикова тәрбие Педагогика ғылымы бойынша жүргізілген зерттеулерді талдай келе, оқушылар ұжымындағы тәрбие жүйесінің құрылуы тәрбие процесінің тиімділігін неғұрлым жоғарлататындығын айқындайды. Зерттеуші С.И. Қалиеваның анықтауынша, тәрбие жүйесі мақсаттар жиынтығынан, тәрбие жұмысының негізі ретінде ұжым, ұжымдық қатынасытар мен қоршаған ортаға деген жүйенің бірлігінен құралады. Тәрбиелік жүйенің құрауыштары:
- Мақсат- идеялар;
- Іс-әрекет;
- Субъектілер;
- Қарым- қатынас;
- Игерілген орта
- Басқару.
Тәрбие жүйесінің өзегі- ұжым, яғни педагогикалық және балалар ұжымы. Тәрбие жұмысының мазмұнын, әдістемесі мен техногиясын оның тәрбиелік жүйесі анықтайды. Таңдаған тұжырымдарға сәйкес әрбір мекеме өзінше педагогикалық жүйе құрайды.
Тәрбие жүйесі төмендегідей қызметтер атқарады:
- кіріктіруші- барлық тәрбиелік ықпалдарды біріктіруші қызмет;
- реттеуші- ол тәрбие жүйесін басқаруға бағытталады;
- дамытушы- тәрбие жүйесінің динамикасын қамтамасыз етеді.
Тәрбие жүйесінің қосымша қызметтері: қоғау, түзету, компенцациялау. Тәрбие жүйесін құру үшін төмендегілерді ескеру қажет:
1) тәрбиелік әрекет субъектілерінің ықпалдарының кіріктірілуі, педагогикалық процестердің құрауыштарының өзара байланысын қамтамасыз ету;
2) ұжымды игерген әлеуметтік және табиғи ортаны қамтыған тәрбиелік жүйе құру, тұлғаға деген ықпал ауқымын кеңейтеді;
3) дұрыс жұмыс істейтін тәрбиелік жүйе тұлға тәрбиелеуде педагогикалық ұжымның күшін, уақытын үнемдейді;
4) тәрбиелік жүйенің жұмысы нәтижесінде бала, тәрбиеші, ата- ана тұлғасы өзін- өзі іске асыруы және өзіне- өзі сенім артуы үшін арнайы жағдай туғызады, іс- әрекеті модельденеді. Тәрбиелік жүйесі – бұл туындайтын, жетілдірілетін, жаңаратын, ескретін, жойылатын динамикалы құбылыс. Сондықтан тәрбие жүйесісінің қалыптасу және даму кезеңдері болады.
Тәрбие жүйесінің қалыптасу кезеңдері төмендегідей:
- тәрбие жүйесін құру;
- тәрбие жүйесінің қалыптасуы, құрылым мен әрекет мазмұнын байланыстыру;
- қортындылау кезеңі;
- жүйені жаңарту, қайта құру.
Тәрбие түсінігі мағыналық жағынан кең ауқымды категория. Педагогикада тәрбие термины үш түрлі мағынада қолданылады:
- Тәрбие барлық әлеуметтік қоршаған шындықтың ықпалы арқылы оқушы тұлғасының қалыптасу үрдісі, қоғамдық құбылыс ретінде, яғни кең әлеуметтік мағынада қарастырғанда: қоғамның тәрбиелік күші, оның әлеуметтік институттарымен, қоғамдық ұйымдары, бұқаралық құралдың ықпалы жетекші роль атқарады.
- Кең педагогикалық мағынада қарастырылғанда, тәрбие деп, арнайы оқу-тәрбие мекемесінің мақсатты бағытталған оқу-тәрбие үрдісі түсініледі. Балабақша әлеуметтік ортаны зерттейді және осы ортаға тәрбиешілер, ата-аналар, балалар, яғни, адам арқылы ықпал етеді. Балабақшаның әлеуметтік ортаны сауықтыру қызметі міне осында.
Сонымен, тәрбие қоғамдық-тарихи үрдіс және педагогика пәні болып табылады. Тәрбие педагогика пәні ретінде қарастырылғанда оған әр кезеңде түрлі ғалымдар әр түрлі анықтамалар беріп келді. Мысалы, ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский «Педагогикадағы тәрбие – алдын-ала ниеттелген және арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс» деп тұжырымдаса, америка педагогы және психологы Эдвард Ли Торндайк былай деген: «Тәрбие сөзіне әркім әр түрлі мағына береді, бірақ ол қашанда өзгеріс дегенді аңдатады. Егер біреуді өзгеріске келтіре алмасақ, біз оны тәрбиелемегеніміз»
Тәрбиеге қай автор қандай анықтама берсе де, олардың барлығы да тәрбие – адамзаттың тарихи жинақталған тәжірибесін мақсатты түрде ұрпақтан ұрпаққа алмастыру процесі деген пікірді жоққа шығармайды. Аталған тәжірибе көп ұрпақтың еңбегі және шығармашылық күшімен жасалған білімдер, тұрмыстық ептіліктер мен дағдылар, сондай-ақ ғылыми және көркемдік туындылар мен рухани-әлеуметтік қатынастар. Олар адамның әр түрлі танымдық, көркем шығармашылық, әлеуметтік және рухани қызметінің нәтижелерінен қалыптасады. Бұл тәжірибе өз ішінде келесі құрылым бірліктерін қамтиды:
1. Адамның қоғам және табиғат жайында жасаған білімдерінің жиынтығы;
2. Еңбектің әр қилы саласында қажет ептіліктер;
3. Әлеуметтік, рухани қатынастар.
Сонымен, тәрбие – бұл жеке адамның қоғамдық тәжірибені (білім, білік, дағды, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін, әлеуметтік, рухани қатынастарды) игеру үшін бағытталған белсенді іс-әрекетін қолдап, қуаттаушы әрі ұйымдастырушы мақсат бағдарлы әрі сапалы орындалатын педагогикалық процесс. Тәрбие тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің тәрбие мақсатына жетуге бағытталған, арнайы ұйымдастырылған, басқарылатын және бақыланатын өзара әрекеті болғандықтан, оның өзіндік ерекшеліктері мен категорияларының болуы заңды. Тәрбие білім беру мекемелерінде арнайы ұйымдастырылған, басқарылатын және бақыланатын тәрбие процесінде жүзеге асырылады.
Тәрбие тұлғаны қалыптастырудың тұтастық идеясына бағынатын, тәрбие процесінің мақсат, міндет, мазмұн, форма, әдістер бірлігін білдіреді. Тұлға қасиеттерінің қалыптасуы бір мезетте, яғни кешенді жүзеге асады, сондықтан педагогикалық өзара әрекет те кешенді болуы керек. Адам дамуында тәрбиенің ықпалды күш екенін айта отырып, ол қоғамның өмір сүруінің басты бір құралы ретінде қажетті және өмірлік категория деп қарастырылады. Білім мен тәрбие таразының екі басындай тең нәрсе. Тәрбие оңалмай, білімнің сапалы болуы екіталай. Ұлы ғұлама Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» деген екен. Олай болса, тәрбие іс-әрекеті нәтижелі болу үшін ол мақсат қоюдан басталуы тиіс.
Тәрбие мақсаты – педагогика ғылымының өзекті категориясы. Оны нақтылау, жобалау, дайындау – педагогикалық тұжырымдар жасаудың арқауы.
Тәрбиенің мақсаты тәрбиенің неге ұмтылуы, қандай жетістікке жету жолы. Кез-келген тәрбие кішігірім құбылыстан басталып, мемлекеттік бағдарламаларға дейін үнемі мақсатты түрде жүреді. Тәрбиенің мақсатына: тәрбие мазмұны, ұйымдастырылуы, формасы мен әдістері бағынады. Сондай-ақ тәрбиенің мақсаты тәрбие міндеттерін шешу жүйесі. Тәрбие мақсаттары мен міндеттері біртұтас. Тәрбие мақсаты қайдан пайда болады? Оның негізгі айқындаушы факторлары не? Әрине оған көптеген оъективті себептер бар. Олар адам ағзасының физиологиялық жетілуі, психикалық дамуы, ойлау әрекеті, қоғамдық мәдени деңгейі жалпы мақсатты айқындауға бағыт береді. Алайда, тәрбие мақсатын айқындаушы негізгі факторларға мемлекеттік идеология мен саясат болады.
Тәрбиенің мақсаты тарихи сипат алады. Қандай да мемлекет болмасын оның саясат пен идеологиядан тыс мақсатының болуы мүмкін емес. Тәрбие мақсатын ойдан шығаруға болмайды. Ол қоғамның тарихи дамуымен біте қайнасып жатады. Тәрбие мақсаты адам өмірінің заңдары, еркі, құқығы, қажетсінуінен шығады. Адамның өзі мақсатқа жету құралы емес, оның өзі мақсат, яғни тәрбиенің мақсаты қоғам қажеттілігінен туады. Тәрбие мақсаты – кең әлеумет пен ғылымның араласуымен тек мемлекет белгілейтін педагогикалық саясаттың басты құрылым бірлігі. Сонымен өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсатының мазмұны қоғамның өркениеттілігіне, оның демократиялық сипатына, экономикалық мүмкіндігіне, педагогикалық жүйелер дамуын болжайтын және нақты жағдайларды үйлестіріп отыратын мекемелеріне байланысты.
Тәрбие мақсаты өзгермелі, қозғалмалы, ауыспалылығымен ерекшеленеді. Мақсатты, көркемдеп айтсақ, жақындаған сайын алыстай түсетін жұлдыз тәрізді. Мақсат өзін белгілейтін субьект – адаммен бірге дамып отырады, себебі ол сол субьектіде жасалады, сондықтан да субьектінің өрлеуімен мақсат та күрделене түседі. Сонымен, мақсат өз қызметін атқару үшін жалпы сипатқа ие болуы тиіс. Сонда ғана тәрбие мақсатының жалпы тәрбие процесіне байланысты орны нақ көрінеді: мақсат – бастау көзі, педагогтың кәсіби іс-әрекетінің бастапқы элементі. Сызбап түрінде оны былайша көрсетуге болады:
Тәрбие мақсаты ---------Тәрбие процесі ---------Тәрбие нәтижесі
Бұдан туындайтын ой – мақсат тәрбие процесінің мазмұнын айқындайды, мақсат - тәрбие нәтижесіне негіз болады, мақсат – педагогтың кәсіби іс-әрекетінің баға өлшемі, мақсат – педагог санасының үздіксіз айналымда жүретін ой обьектісі. Сонымен, тәрбие жүйесі толығымен мақсатқа байланысты, тәуелді.
Тәрбие процесі – күрделі динамикалық жүйе. Өйткені, ол үнемі үзіліссіз даму, қозғалмалы, өзгермелі жағдайда болады.
Тәрбие процесі – бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуін кіріктіре жүргізетін тұлға қалыптастыру, дамту процесі.
Тәрбие процесінің ерекшеліктері төмендегідей:
1. Бір мақсаттылығы.
2. Көпфакторлылығы.
3. нәтиженің бірден көрінбеуі.
4. Ұзақтылығы.
5. Үздіксіздігі.
6. Кешенділігі.
7. Екіжақтылығы.
8. Нәтиженің бірмәнді және анық болмау мүмкіндігі.
Тәрбие процесінің үзіліссіз жағдайы қоғамның талабына сай оның үнемі дамуымен сәйкес келеді, қозғалмалылығы – жанұя тәрбиесі, мектепке дейінгі мекемеде мақсатты әртарапты тәрбиелік іс-шаралар мен сабақтан тыс мекемелердің әртүрлі қызметі және баланың қызығушылығыменбайланысты түрлі іс-әрекеттері, мүмкіндіктері, өмірлік тәжірибесі және әлеуметтік ортасықарастырылса, ол мұғалімге тәрбиедеманёврлілік жасауға, қажетті кезде нәтиже беретін жол таңдауғамүмкіндік береді. Өзгермелілігі – оның жағдайға, тұрғылықты мекенжайға, балалардың жас ерекшелігі мен жеке басының мүмкіндігін ескерумен, сондай-ақ өмірдің әртүрлі жағдайына, баланың өмір сүріп отырған ортасына т.с.с. тәуелді болуымен сәйкес анықталады.
3. Қазіргі жағдайларда және педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбие мақсатының мәселелері. Тәрбие мақсаты өзгеріп, жылжып отырып, нақты тарихи, қоғамдық сипат алады. Бұндай деректі, тәрбиенің мақсатын ойдан шығаруға болмайтындығына қоғамның даму тарихы дәлел бола алады.
Тәрбие мақсатын айқындауда, қоя білуде табиғаттың, қоғамның, адамның оъективті даму заңдылықтарына сүйену қажет. Біз білетін жоғарыдағы келтірілген мемлекеттік саясат пен идеология факторларымен қатар қоғамдық қажеттіліктің маңызы да ерекше. Тәрбие мақсаты жас буындарды белгілі бір қоғамның функцияларын атқаруда тарихи пісіп жетілген қажеттіліктен туады. Осы орайда ұлы чех педагогы Я.А.Коменскийдің : «Қоғамды өзгерту керек, оны өзгерту үшін адамдарды өзгерту қажет, оның жолы тәрбиенің мақсатында» - деп білген.
Қашанда біз білеміз қоғамның қажеттілігін өндіріс тәсілдері, өндіріс күштері мен өндірістік қатынастар сипатының даму деңгейімен айқындалады, олай болса, тәрбиенің мақсаты қашанда қоғамның даму деңгейінің қол жеткен жетістігін көрсетеді. Жоғарыда келтірілген мәнді байланыстарды нақтылай түсу үшін тәрбиенің мақсатының өзгеріп отыруын қоғамдық-экономикалық қарым-қатынасқа байланысты екендігін тарих бетіндегі қоғамдық-экономикалық формацияларға қысқаша тоқталып өткен жөн.
Алғашқы қауымдық құрылыста тапқа бөлушілік болмағандықтан, баланы күнкөріс пен еңбекке баулу мақсаты көзделді. Арнайы тәрбиелік мекемелер болған жоқ. Ал келесі құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік құрылыстарда тәрбие мақсаты таптық сипатта болды.
Кеңестік дәуірде тәрбие мақсаты коммунистік саналылық, коммунистік мақсаттылық бағытта болды. Сонымен, тәрбие мақсаты қоғамның дамуының қажеттілігімен айқындалып, өндіріс тәсіліне байланысты әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогрестің қарқынына, педагогикалық теория мен тәжірибенің қол жеткізген жетістіктерімен қоғамның мүмкіншілігіне, оқу мекемелеріне, мұғалімдер мен оқу-құрал жабдықтары, ақпараттар ағымымен айқындалатынын аңғардық. Тәрбие мақсаты туралы әр түрлі ой-пікірлер, көзқарастар баршылық. Көне грек философ-ойшылдары тәрбие мақсаты қайырымды, рақымшыл жандарды тәрбиелеу деп түсіндіреді. Мысалы, Платон тәрбие мақсаты сезімді, ерікті, ақылды тәрбиелеу десе, Аристотель шыдамдылықты, әділеттілікті, ар-ожданы таза адамдарды тәрбиелеу дейді. Шығыс ғұламасы Әл-Фараби «Дүниетанымның кіндігі – адам, оның қолынан бәрі келеді. Тәрбиенің мақсаты рухани дағдыны, жақсы мінез-құлықты тәрбиелеу» деген. Тәрбие мақсаты туралы шетел ағартушы, педагогтары ой-пікірлері:
- Я.А.Коменский тәрбие күшіне шексіз сенген, тәрбие үш мақсатқа бағытталуы тиіс, олар: өзін-өзі басқару (адамгершілік тәрбиесі), өзін-өзі және қоршаған әлемді тану (ақыл-ой тәрбиесі), құдайға сену (діни тәрбие);
- Ағылшын философы және педагогы Дж. Локк тәрбиенің мақсаты нағыз жігітті тәрбиелеу дейді;
- Француз ағартушысы, философы Ж-Ж Руссо тәрбие мақсаты жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру деп тұжырымдайды;
- Швейцар педагогы И.Г.Пестолоцци тәрбие мақсаты адамның қабілеті мен мүмкіншілігін дамыту, табиғи берілген қасиеттерін үнемі жетілдіріп отыру деген;
- Атақты неміс философы Э.Кант тәрбие мақсаты тәрбиеленушіні ертеңгі күнге даярлау деп анықтайды;
- Неміс педагогы И.Гербарт тәрбие мақсаты – адамды жан-жақты тәрбиелеу деп тұжырымдаған.
Тәрбие мақсаты төңірегіндегі пікір-талас ежелгі дәуірдің өзінде-ақ басталған. Ежелгі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. Ал, «рақым» туралы пікірде олардың ойлары бір жерден шықпады. Сократтың түсщігінше, тәрбиенің мақсаты- заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзінді тану, аса құлықтылықты жетілдіру. Сократтың шәкірті Платон ақыл-ой, ерік және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас білдірді. Ол тәрбиені өкіметтің өзі ұйымдастыру керек, үстемдік етуші топтар — философтар мен жауынгерлердің талап-тілегіне сай
жұмыс істеу деп түсінді. Платонның шәкірті Аристотель, тәрбиенің мақсаты жан рақымы — ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту деп білді.
Я.А. Коменский тәрбиенің күшіне сенді, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы қажет: өзіңді және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі) және құдайға сиыну (діни тәрбие). Дж. Локтың ойынша, тәрбиенің негізгі мақсаты джентельменді «өз істерін ақылмен және байыппен жүргізетін адамды» қалыптастьфу. Ж.Ж. Руссо қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруға тәрбие мақсаттарының бағыт-ұстанымынан айныған емес.
И.Г. Пестолоццидың тәрбие мақсаты, адамның табиғи күш-қуаты мен қабілеттілігін дамытуға негізделуді, сонымен қатар, бұл даму жан-жақты және үйлесімді болуының биігінен көрінуі қажеттілігіне тоқталса, ал
И.Ф. Гербарттың ойынша, тәрбие мақсаты, рақымды адамды қалыптастыруға, қалыптасқан қарым-қатынастарға бейімделе алатын, қоғамдағы белгіленген тәртіпті сыйлайтын, оған бой ұсынатын адамдар деген түйінге келеді. Тәрбиенің ең жоғарғы мақсатын А Дистервег «ақиқат, сұлулық және мейрімділікке өз ынтасымен қызмет» ету деп анықтаған.
Көп уақытқа дейін тәрбие мақсаты идеалды адам мұратына, жан-жақты үйлесімді дамыған, рухани байлығы мол, моральдық қылықтары таза және дене күпгі дамытан тұлға ретінде түсінді. Әрине, бұл ұстаным — тәрбиенің негізгі мақсаты. Бірақ, тәрбиенің мақсаты біржақты қарастырылып, күнделікті тәжірибеде тербие жұмыстарының нәтижелері алға қойған мақсаттан біршама ерекшеленуіне әкеп соғады.
Ресейде, социал-демократтар тәрбие мақсаттары туралы өз көзқарастарын өлемге ұсынды. XIX ғ. 40-жылдарында В.Г. Белинский крепостнойлық право мен патшалық саясатқа қарсы күрескерді тәрбиелеу деп жазды. А.И. Герцен тәрбие мақсаты -қоғамдағы әділетсіздікпен күресетін еркін ойлы, адамгершілігі мол, қайраткер, жан-жақты дамыған тұлғаны дайындау деп санады. «Біз ақыл-ойдьщ дамуына таныммен қатар адамгершілік тәрбиенің міндеті анағұрлым маңызды»- деп, КД. Ушинский жазды.
Сол себепті, бүгінгі тәрбиенің мақсатын әлеуметтендіру мәселелерімен бірлікте қарастыру өзекті мәселелердің бірі екеніне ерекше мән берген орынды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет