Дәрістің тақырыбы



бет1/8
Дата17.10.2023
өлшемі81,98 Kb.
#117578
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәрістің тақырыбы СӨЖ


Дәрістің тақырыбы: Дүниетану және жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәндерінен студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру
Жоспары:
1. Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында студенттердің өздік жұмыстарына қойылатын талаптар.
2. Дүниетану және жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәндерінен ұйымдастырылатын студенттердің өздік жұмыстарының түрлері.
3. Дүниетану және жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәндерінен ұйымдастырылатын студенттердің өздік жұмыстарының әдістемесі.
Мақсаты: «Студенттердің өздік жұмыстары», «Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмыс», «Аудиториялық СӨЖ», «Аудиториядан тыс СӨЖ» ұғымдарының мағынасын; жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында студенттердің өздік жұмыстарына қойылатын талаптарын; дүниетану және жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәндерінен ұйымдастырылатын студенттердің өздік жұмыстарының түрлерін; дүниетану және жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәндерінен ұйымдастырылатын студенттердің өздік жұмыстарының әдістемесін біледі;
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында студенттердің өздік жұмыстарына қойылатын талаптарындың мәнін; студенттердің өздік жұмыстарының түрлерінің арасындағы айырмашылықты; дүниетану және жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәндерінен студенттердің өздік жұмыстарының әдістемесін маңыздылығын түсінеді;
Тестілерді, бақылау жұмыстарын, коллоквиумдарды, рефераттарды, шығармаларды, есептерді және т.б. түрлерін дүниетану және жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәндерінен студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруда қолданады;
Дүниетану және жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәндерінен студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін; аудиториялық, аудиториядан тыс өздік жұмыстарды салыстыруды; студенттердің өздік жұмыстарының арасындағы байланысты талдайды;
Дүниетану және жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәндерінен студенттердің өздік жұмыстарының әдістемесін құрып; дүниетану және жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәндерінен студенттердің өздік жұмыстарын бейнелер мен сызбалар түрінде жасап; дүниетану және жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәндерінен студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру бойынша туындаған проблемаларды шешуге синтез жасайды;
Студенттердің өздік жұмыс түрлерінің қажеттілігі мен нақтылығын; жинақталған мәліметтерге алғашқы талдау жасау және қорытынды шығару; жиналған ақпарат негізінде түрлі оқиғалар мен деректердің болжамы мен түсіндіруін; студенттердің өздік жұмыстарының тақырыпқа сәйкестігін бағалайды, рефлексия жасайды.
Кредиттік оқыту жүйесінде оқытушы таныстырушы (студенттің оқу материалын өздігінен ары қарай алып кетуіне қажетті жұмыс жағдайын жасау), бақылаушы-түзетуші (өздігінше жұмыстың жүргізілуіне, орындалуына бақылау жасау), бағалаушы және сарапшы-консультант функцияларын атқарады, оның рөлі мен ұстанымы – ұйымдастырушылық және қосымша болады.
Студенттің қызметі: өз әрекетін өзі ұйымдастырушы; өз бетінше ізденіп, шығармашылық әрекет жасаушы; өз тағдырын өзі басқарушы болады.
Студенттер дебес әдістемелік пәндер бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді өз бетінше талдауды, өз білімдерін, шеберлігін және дағдысын бағалауды әртүрлі нысанда жүргізуге машықтанады.Студенттердің өз жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін әрдайым байыту, оқуға деген ынта-жігерін арттыру,қоғамдық өмірдегі барлық салалардағы өзгерістерінеөз интелектуалдық күш – жігерін, саналы әрекеті мен ізденімпаздығын, танымдық ой-өрісіннің белсенділігі мен іс-әрекетін шығармашылық сипатта жүзеге асыра білу қабілеттерін арттыру. Студенттергеой еңбегінің ұтымды әдістерін білуді, қажетті ақпаратты іздеп және меңгеруді, фактілерді, теорияны, тұжырымдамаларды жүйелеп және жіктей білуді, өз көзқарасын нақты айтып және дәлелдей білуді үйрету.Дидактикалық тапсырмаларды өзінше орындауға, танымдық әрекеттерге қызғушылығының қалыптасуына және нақты бір ғылым саласында білім жинақтауына бағытталған студенттің өз оқу әрекетін тиімді ұйымдастыруға машықтандыру.Өзіндік жұмысты оңтайлы ұйымдастыру білу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет