Технологиялық жағы СӨЖ ұйымдастырудың құрамалары:
1. Студенттің өздігінше орындайтын жұмысының мақсаттарын іріктеу технологиясы. Мақсаттарды іріктеп алудың негізі Мемлекеттік білім беру стандартымен анықталған. Сондай-ақ болашақ мамандыққа кіріспені, кәсіптік теориялар мен жүйелерді, кәсіптік технологияларды т.с.с. бейнелейтін курс бойынша іріктелген мақсаттар мақсаттардың таксономиясын бейнелейді. Мысалы: кәсіптік өзін-өзі білімдендіру көздерін білу, өздігінше орындайтын жұмыстарды ұйымдастыру барысында өзін-өзі білімдендірудің әртүрлі формаларын қолдану. Сонымен қатар студенттің өздігінше орындайтын жұмысының мақсаттары түрткі себептік, танымдық, іс-әрекеттік компоненттерден тұратын кәсіптік өзін-өзі білімдендірудің құрылымына сәйкес болуы керек.
2. СӨЖ мазмұнын іріктеу технологиясы. Өз бетінше орындалатын жұмыстардың мазмұнын іріктеудің негізі мемлекеттік білім беру стандарты, өзін-өзі білімдендіру көздері (әдебиет, тәжірибе, өзіндік талдау), студенттердің жеке басының тұлғалық-психологиялық ерекшеліктері (оқуға бейімділігі, алғырлығы, ой-өрісі, түрткі себебі, оқу іс-әрекетінің ерекшеліктері).
3. Тапсырманы құрастыру технологиясы. Өздігінше орындауға арналған тапсырма әртүрлі мақсаттарға сәйкес болуы тиіс, әрбір ұсынылған пәннің мазмұнын ашу керек, студенттердің танымдық іс-әрекетінің қилы түрлері мен деңгейлерін қарастыруы керек.
4. Тексеруді ұйымдастыру технологиясы. Технология бақылау құралдарын мұқият іріктеуден, кезеңдерді анықтаудан, жеке тексеру формаларын дайындаудан тұрады.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда студенттердің басшылыққа алатын белсенділік түрлері.
Өзіндік жұмыстағы белсенділік
түрлері
Әлеуметтік
белсенділік
Ақыл-ой белсенділігі
Танымдық
белсенділік
-жұмыс жасау орындарын ауыстырып отырады;
-сөйлейді;
-жазады;
-тыңдайды;
-суреттер салады.
-оқытушының пікіріне қосымшалар мен түзетулер енгізеді;
-өз тәжірибесін ортаға салып,бөліседі;
-мәселенің шешілуі жолдарын өздері табады.
-сұрақтар қояды;
-сұрақтарға жауап береді;
-пікір алмасады;
-рефлексия дамиды.
Мұнда негізгі әдістерді бес топқа бөлеміз. Қазіргі жаңа және классикалық әдістердің үйлесімділігі, олардың жан-жақтылылығы студенттерді өзіндік танымға, реттелуге және «өзбетіншілікке» жетелейді.
Интерактивті әдістер оқытушы мен оқып-үйренушінің біріккен әрекетінде шығармашылық қабілет дамуын анықтауға, өз мүмкіндіктерін «ашуға», «жасауға» бағытталған.
Дүниетану және жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәндерінен бойынша СӨЖ ұйымдастыру әдістері
Тесттер
1.Әдістемелік тесттер:
2.жемісті тесттер
Интерактивті әдістер:
1.Этикалық және эвристикалық әңгіме
2.Дискуссия
3.Интеллектуалдық ойындар
4.Практикалық жұмыстар сайысы
5.Тренинг
Көрнекілік әдістер:
1.Иллюстрациялар
2.Макеттер
3.Сызбалар
4.Техникалық
құралдар; аудио, видео техника және т.б.
Ойын әдістері:
1.Интерактивті ойындар
2.Рөлдік ойындар
3.танымдық ойындар
және т.б.
Креативтік әдістер:
1.Жаттығулар
2.Этюдтер
3.Педагогикалық
жағдаяттар
4.Реферат
5.Эссе және т.б.
Сонымен, СӨЖ бойынша практикалық (зертханалық) сабақтарды келесі түрде жүргізілген орынды: алғашқы сабақтарда-ақ мақсат қою; жоспарлау және ол сабақтарға кезеңдік бақылау орнату; қадағалауды оқытушының жүзеге асыруы; біртіндеп ол жұмысқа студенттердің өздерін тарту. Сабақ кезінде студенттер назарын жоспарды жасау барысында аударып, оған қажетті түзетулер енгізіліп отырады.
Сондай-ақ, студенттерге танымдық тапсырмаларды орындау жолдарын өздері таңдау құқығын беру керектігін де естен шығармау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |