Дәрістің тақырыбы



бет2/8
Дата17.10.2023
өлшемі81,98 Kb.
#117578
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәрістің тақырыбы СӨЖ

1 - сурақ. Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында студенттердің өздік жұмыстарына қойылатын талаптар
СӨЖ жетекшілік жасау формалары осы мәселені зерттеушілер У.М.Маканов, С.К.Исаева, Г.М.Сейітова, Ө.Ш.Әбішевтің жұмыстарында кеңінен қарастырылған. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың мәнін дидактикалық тұрғыда қарастырғандар: А.Е.Абылқасымова, Н.А.Адельбаева, С.И.Архангельский, М.В.Буланова-Топоркова, М.Г.Гарунов, И.И. Кобыляцкий, Р.Н. Низамов еңбектері арналған.Зертттеу жұмыстарында оқытушы тарапынан СӨЖ басшылық жасаудың негізгі базасы: оқу сабақтары, дәріс, практикалық ақыл-кеңес, коллоквиумдар, семинарлар, практиканың алуан түрлері, курстық және дипломдық жұмыстарға басшылық жасау екендігі атап көрсетілген. Бірақ та, СӨЖ-на дәрісханада және дәрісханадан тыс басшылық жасау, ғылыми үйірмелер мен студенттер конференциясына қатыстыру да аса маңызды.
Жоғарғы оқу орындарында жүріп жатқан түбегейлі өзгерістерге байланысты СӨЖ-дің маңызы артқанын, ондағы оқытушының орнын, кредиттік оқыту жүйесінде оны ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері мен мәселелерін отандық зерттеушілер С.Е. Калдыкозова, А.Головчун және ресейлік зерттеушілер Е.Галицких, Ю.Попов пен В.Оробинский, И.Г. Ковалевский, Г.Ларионова еңбектерінде қарастырылады.
Жоғары оқу орындарының (ЖОО) бейімделу процесін өзіндік жұмыс арқылы белсендіру қажеттілігі зерттеуле көрсетіп отырғандай, теориялық жағынан біршама негізделген және студенттерге өзіндік жұмыстарды орындау ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру бойынша жинақталған тәжірибелер ресейлік ғалымдардың, атап айтқанда А.А.Газиев, Н.В.Бочкина, О.И.Яхно, Г.И.Китайгородская және т.б. еңбектерінде зерттелді.
Осы орайда психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау негізінде студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға, бейімдеудің алуан тәсілдері әртүрлі аспектіде зерттелгендігін көрсетті: «өзіндік жұмыс», «дербес танымдық әрекет», «дербестік» ұғымдары туралы көзқарастар (Б.П. Есипов, П.И. Пидкасистый және т.б.); әдіснамалық тұрғыда (В.П. Беспалько, Б.С. Гершунский, және т.б.); білім беру жүйесін ақпараттандыру мәселелері мен студенттердің өзіндік жұмыстарының негізгі сипаттары (А.М. Алтайцев, Е.В. Филимонова, Ю.С. Брановский және т.б.), студенттердің өзіндік жұмысын жетілдіру мәселелері (В.И. Ермолаева, А.В. Конышева, Н.А. Волгина және т.б.). К.М. Беркімбаев кредиттік оқыту технологиясы жағдайында студенттің өз бетінше орындайтын жұмысы мен, оны ұйымдастыру мәселесіне көп көңіл аударған.Б.К. Султановастуденттіңбілім алушының танымдық белсенділігіне, дербестігіне әсерін зерттесе, Б.З. Андасова, М.К. Асаналиев өз бетінше орындайтын жұмысты әр түрлі белгілеріне қарай топтастырған.
Қазақстандық педагогтар бұл мәселені әртүрлі аспектілерде: теория мен практиканың өзара байланыс мәселесі (Н.Д. Хмель, А.А. Бейсенбаева, Р.К. Төлеубекова, Қ.К. Жампеисова, Г.Т. Хайруллин, А.А. Саипов және т.б.); студенттердің өзіндік жұмысына берілетін уақытты (В.В. Трифонов және т.б.); тарихи-педагогикалық тұрғыда (А.Н. Ильясова, А.Н. Көшербаева, Б.Қ. Әбдіғұлова және т.б.); кәсіби білімді инновациялық тәсілмен ұйымдастыру, студенттердің белсенділігін арттыру және студенттердің өзіндік жұмыстарының оқу материалын игеру барысында өз бетімен білім алуға ынталандыру қабілетін жетілдіру (А.Е. Абылқасымова, М.С. Молдабекова, М.Ә. Құдайқұлов, К.А. Жусупова, Н.Б. Жаманқұлова және т.б.).
С.А.Нұрпеисова жаңа ақпараттық технология жағдайында студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруғаарналған,К.Б. Сматова кредиттік оқыту жағдайында студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық шарттарымәселесін зерттеген.
Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы№ 1080 қаулысымен бекітілген " Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты"


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет