3. Арнайы мектептегі сабақты талдау Арнайы мектептегі оқыту процесін жетілдіру, оқу әрекетіне барабар баға беру сабақты психологиялык-педагогикалық тұрғыдан талдауға байланысты. Сабақты психологиялық-педагогикалық талдаудың өзгеше тәсілдері оқыту процестің түзету-дамыту бағытын ескеруді талап етеді.
Сабақты психологиялык-педагогикалық талдау сабаққа койылған міндеттер орындалуын қадағалуымен бірге оқушылар ерекшеліктерін ескеруді талап ретінде қарастырады.
Сабақты талдау барысында ең басты құрылымын қарау. Сабақтағы бірліктер реттігі, оның тиімділігі, жасалған әрекеттердің ұйымдасуы талдау қажет.
Сабақтағы білім мазмұның талдау үшін арнайы білім беретін бағдарламаға және білім беру міндеттерге сәйкестігін анықтау қажет. Бұл талдау кезде арнайы түзету міндеттердің орындалуын қадағалау жауапты мәселе.
Ал сабақтың дамытушы қызметіне оқушылардың таным әрекетін белсендіру деңгейін қарастыру арқылы баға беріледі, әсіресе арнайы оқытудың ерекшеліктерін толығымен ескеру қажет.
Сабақтың тәрбиелік мәнін бағалау оқу барысында оқушылар арасындағы қарым-қатынасты, балалардың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуын бақылау аркылы мүмкін.
Сонымен қатар, сабақтағы пайдалынған оқыту әдістердің тиімділігін анықтау мен талдауға көп мүмкіндік береді. Сабақтағы оқу жұмысынын ұйымдасуы да маңызды көрсеткіш болып табылады (сынып тобымен, топтық, жеке).
Арнайы мектептегі сабақта әр оқушының жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы ықпал ету, жол табу мұғалімнің шеберлік пен кәсіби білім деңгейін білдіреді.
Ерекше сабақ үстінде үй тапсырмасына да көңіл бөлу қажет, тақырыпқа сәйкестігі, күрделігі мен орындау мүмкіндіктерін ескеру.
Сабақтың сыртқы көрінісі - ол мұғалім мен оқушылар арасындағы түсінушілік, сыйластық пен жақсы көңіл. Мұғалім педагогикалық этика кәсіби деонтология ережелерін үнемі ұмытпай орындауға тиіс.
Сабақты талдау кезде, оның сабақ жүйесінде орның анықтау маңызды. Тек "жақсы" сабак немесе "жаман" сабақ, "ұнамады" деген баға беруден бас тарту керек. Өйткені әр сабақ арқылы мұғалімнің білім деңгейін жетілдіруге болады.
№ 7-8 дәріс. МШ балаларды дамытуда, тәрбиелеуде балалар ұжымының рөлі.