Дәрістік кешен №1-2 дәріс. Мүмкіндігі шектеулі балаларға тәрбие жұмыстарын жүргізудің теориялық негізі



бет6/17
Дата20.10.2023
өлшемі293,5 Kb.
#119848
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
шпор Арнайы мектептеги тарбие

Пайымдау пікір айту - арнайы мектеп оқушылары үшін тиімді тәрбие әдісі. Оқушының қате жасаған қылығын көрсету, оны түзетуге бағыт беруді білдіреді. Пікір айту кеңес немесе өтініш арқылы жүреді. Балаға нені дұрыс жасамады, оны қалай түзету керек екенін тәрбиеші толық түсіндіруі тиіс.
Сендіру әдісі баланың сену сезімі арқылы тәрбиелік мақсаттарға қол жеткізеді. Сендіру - латын сөзі suggestion ықпал ету, сендіру аудармасынан шыкқан. Бала жастағы тұлғаны түрлі заттар мен жағдайларға сендіруге болады. Арнайы мектепке келген кезден бастап бала моральді ережелерге сәйкес өз тәртібін реттейді, олай болады, болмайды, рұқсат, рұқсат емес сияқты нұсқауларды орындай арқылы. Сондықтан бала бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сендіру әдісін пайдалана отырып тәрбиелеуге болады.
Пікір талас бұл жоғары сынып оқушыларының пайымдауын, баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі. Пікір-таласқа қатысу арқылы оқушы такырып бойынша өз көзқарасын, ой-пікірін дәлелдейді. Сонымен қатар, басқаның пікірін тыңдауға, келісуге үйренеді.
Үшінші топ - мадақтау мен жазалау әдістері. Өткізілген тәрбиелік шарапар сапасы мен тиімділігін арттыру үшін мадақтау мен жазалау әдістері қолайлы болады.
Мадақтау тәрбиеленуші іс әрекеті мен мінез кұлқын жағымды белсенділікке ынталандырады. Егер бала өзінің жетістіктері мен ұжым алдындағы жауапкершілігін сезе білсе, онда мадақтаудың құндылығы арта береді.
Жазалау әдісін пайдалану баланы өзінің теріс мінездері үшін ұялтады, теріс қылықтарын тежейді. Арнайы педагогика мүмкіндіктері шектеулі балаларды жазалау әдісін ұқыпты пайдалануды ескертеді. Дамуында кемістігі бар бала кез келген жағдайда нені дұрыс жасамағаның түсінбеді. Сондықтан жазалау әдісін тек бала жасаған қылығынын қателігін түсінгеніне сенімді болған кезде тәрбиеші пайдалануға құқылы. Жазалау әдісі баланың намысына тимей, денесіне ауыртпашылық тигізбеуі, дауыс көтермеу, талап етеді. Бұл жерде ерекше жағдай, жазалау әдісін жиі пайдалануға болмайтынын ұмытпау қажет. Баланы түрлі әрекеттерге қатыстыру, жағымды қарам-қатынастарға ынталандыру тиімдірек болады.

5 дәріс МШ балалардың қатысуымен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың формалары мен әдістері.


Жоспары:
1.Арнайы педагог тұлғасы және оның қызметі
2.Арнайы педагог шеберлігі
МШ бала – тәрбиенің субъектісі. МШ балаларды ерте дамытуға арнап құрылған тәрбиелеу бағдарламасы. Арнайы мектепке дейінгі балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы. Оқушыларды тәрбиелеу туралы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Тәрбие жүйесінің түсінігі. Тәрбиелеу әдістері мен амалдарының жалпы түсінігі. Тәрбиелеу әдістерінің классификациясы.МШ балаларға тәрбиенің әдістерін жүзеге асырудың спецификалық амалдары. Сендіру әдісінің спецификасы және болмысы. Арнайы балабақшамен мектептегі жаттығу әдістерінің ерекшеліктері. Бағалау және өзін –өзі бағалау әдістеріне сипаттама. Балалардың әлеуметтік тәжірибесін қалыптастыру әдістері. Тәрбиенің құралдары мен формалары. МШ балалар өздерінің әлеуметтік тәжірибелерін түйсіну. Мінез – құлық және іс-әрекет мотивациясы. Стимуляциялау әдістері. Жарыс, үлгі көрсету, жеңіске жету жағдайын жасау. МШ баланың жеке тұлғасына тәрбиелеу әдістерінің әсері. Арнайы реабилитациялық орталықта, балабақшада, мектепте тәрбиелеу үрдісінің спецификасы"Баланың психикалық немесе (және) дене дамуы негүрлым төмен болса, ұстаздың білімділігі мен біліктілігі соғүрлым жоғары болуы қажет", деп жазган XX ғасырдың басында атақты неміс- педагог-дефектологы П. Шуман.
Педагог-дефектологтың кәсіби әрекеті дәстүрлі ұстаздың әрекетінің белгіленген шеңберінен әлдеқайда кең болып келеді өйткені әлеуметтік-педагогикалык, оңалту, консультативтік-диагностикалық, психотерапиялық жеке коррекцияның көптеген түрлерімен бағытталган, яғни мүмкіндігі шектеулі түлғаның әлеуметтік бейімделуіне және арнайы білім алуына ықпал ету.
Қазіргі уақытта арнайы педагогиканың түрлі мамандықтарың игеруге
болады. Педагог-дефектологтың кәсіптік іс-әрекетінің шеңбері маман
дайындау бағытына, олардың жұмысы мазмұнына тәуелді ерекшеленеді.
Дефектология мамандығы бойынша: логопед, сурдопедагог, олигофренопедагог, түзету-дамыту окытудың оқытушысы, тифлопедагог, түзету мекемелердегі педагог-психолог.
Олигофренопедагог - зиятында ауытқуышылықтары бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мен түзету-дамыту;
Сурдопедагог - естімейтін , нашар еститін және кейін естімей қалған балаларды оқыту, тәрбиелеу мен түзету-дамыту;
Тифлопедагог - көрмейтін және нашар көретін балаларды оқыту, тәрбиелеу мен түзету-дамыту;
Логопед - сөйлеу тілінде ауытқуы бар тұлғалармен түзетушілік дамытушылыкты жұмысын атқарады.
Мектепке дейінгі арнайы педагог - мектеп жасына дейінгі мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу, оқыту мен дамуындағы кемістіктерді түзету.
Дефектологтың яғни арнайы педагогтың қызметі (мамандыққа байланысты) келесі:
- арнайы оқытуды қажет ететін мектепке дейінгі балаларға арналған арнаулы мекемелерінде тәрбиеші; ПДТБ, зиятында және есту, сөйлеу, көру, тірек-қимыл қозғалысында ауытқуы бар балаларға арналған мектеп-интернаттарында тәрбиеші;
- ПДТБ зиятында және есту, сөйлеу, көру, тірек-қимыл козғалысында ауытқуы бар балаларға арналған мектептерде бастауыш сыныптардың оқытушысы; жалпы білім беретін мектептерде түзету сабактарының окытушысы; арнайы (түзету) мектептердегі мұғалім;
- мектепке дейінгі және мектеп жасындаға кемтар балаларға арналған ұйымдарында; емдік-алдын алу мекемелерде, арнайы кабинеттерде; жалпы білім беретін мектептерде логопедтік пункттердегі логопед;
- арнайы оқытуды қажет ететін мектепке дейінгі жэне мектеп балаларга арналған мекемелерінде педагог-психолог.
Арнайы мектеп мұғалімін білім, медицина мен әлеуметтік салаларында мүмкіндіктері шектеулі балалармен оқыту-тәрбиелеу және накты арнайы білім беру үйыдарында ғылыми-эдістемелік, ұйымдыстыру-басқару жумыстарын атқаруға бағытында дайындайды. Ол оқыту-тәрбиелеу, ғылыми-әдістемелік мекемелерінде типтік номенклатураға сәйкес жоғары білімді мамандарының орнын басатын бастапкы қызметгерді аткара алатындығына бағыттайды.
Қоғамның даму деңгейіне сәйкес маманның кәсіби дайындығы, демократиялық және гуманистік сенімдері, жалпы адамзаттык рухани байлығы жоғары дәрежеде болуы қажет. Қазіргі маман кен фундаментальді және тәжірибелік дайындыққа ие болу, өз мамандығын жетелдіре ала білу, оз білімін өрістете білу, іс жүзінде қызмет ұйымдастыру принциптерін колдана алу, сонымен қатар педагогикалық процесті басқару озық әдістеріне ие болу қажет.
Арнайы педагогтың кэсіптік қызметінің сферасы: педагогикалық, әлеуметтік, медициналық. Ал кәсіптік қызмет нысаны болып әлеуметтік-мәдениеттік және педагогикалық феномен ретінде арнайы оқытуды қажет ететін балаларға арнайы білім беру.
Арнайы педагогтың кәсіптік кызметінің пәні: арнайы мектеп, мектепке дейінгі арнайы (түзету) ұйымдарында, емдік мекемелер (жанұялық дэрігерлік амбулаториялар, емханалар, ауруханалар), коғамдық үйымдар (естімейтін, көрмейтін, мүтедек қоғамдары, оңаяту орталықтары), әлеуметтік, эділеттік салалар, от басындағы жеке басты қызмет, жэне -педагогикалық-ғылыми іс-әрекет.
Арнайы педагогтар кәсіптік қызметтін төменгідей түрлерін орындай алады:
- ұйымдастыру-басқарушы;
- оқыту-зерттеу;
- білім беру (педагогикалық).
- консультативтік-диагносгикалық;
- әлеуметтік (педагогикалық)
Арнайы педагогтың кәсіптік кызметтің мазмұны нақты келесіде:
- ұйымдастыру-басқарушы (арнайы мектептердің және оңалту орталықтардың, психологиялы-педагогикалық түзету кабинеттер басшысы, мектепке дейінгі және мектеп балаларына арналған ұйымдарының оку-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, арнайы түзету және жалпы білім беру мектеп әдістемелік бірлігінің басшысы);
- окыту-зерттеу (білім беру саласындағы қызметкерлердің біліктілігін жоғарлату мен жетілдіру институтында әдіскер, түрлі институтгарының ғылыми қызметкерлері);
- білім беру (педагогикалык) (олигофренопедагог, логопед, тифлопедагог, сурдопедагог, түзету мекемелердің педагог-психологы, мектепке дейінгі және мектеп балаларына арналған мекемелерінің тәрбиешісі).
- кеңес беру - диагностикалық (психологиялық-медициналық -педагогикалық консультациясының терайымы мен мүшесі, диагностикалық орталығының қызметкері);
- әлеуметтік-педагогикалық (дефсктолог, отбасында әлеуметтік көмек көрсететін белімдерде логопед).
Арнайы педагогтың кәсіптік қызметтің багыты: дамудағы ауыткұларды анықтап белгілеу; арнайы окытуды кажет ететін адамдарға емдеу және аддын алу комегін көрсету; ерте жастан кемек керсету; мектепке дейін тәрбиелеу; мекгепте білім беру; кәсіби - окыгу; әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік көмек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет