№1-2 дәріс. Мүмкіндігі шектеулі балаларға тәрбие жұмыстарын жүргізудің теориялық негізі
Жоспары:1. Арнайы мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны2. Тәрбиенің түрлері жайында жалпы түсінік
«Арнайы мектепте тәрбиелеу жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсының мақсаты, міндеті. Баланың тұлғалық қалыптасу үрдісіндегі түпкі өзіндік адами қасиетін қалыптастыру. МШ балалар дамуының жас ерекшелік кезендерінің ерекшеліктері және мәні. МШ балаларды тәрбиелеу үрдісіндегі ғылыми - әдістемелік зерттеулер, тәжірибелер, бұрынғы прогрессивті ойлар. Арнайы және жалпы педагогика тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу барысындағы теориялық және әдістемелік байланыстар. Арнайы және жалпы психология, жас ерекшелік физиологиясымен мектеп гигиенасы.
МШ балаларды тәрбиелеу жұмыстарын жүргізудің теориясы мен мәселелерінің ғылыми зерттеу әдістері Арнайы мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны оқушылардың жан жақты тұлғалық қасиеттерін, жеке қабілеттерін дамытуға арнайы жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл тәрбие жұмысынын келесідей бағыттарын камтиды: адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесі.
Адамгершілік тәрбиесі. Арнайы мектеп өзінің тәрбиеленушілерін қоғамдағы өзіндік өміріне дайындау оның адамгершілікке тәрбиелеу маңызды орын алады. Оқушылардың тәрбиесі имандылыққа үйрету негізінде жүзеге асады.
Имандылық бұл қоғамдық сана формаларынын бірі, яғни берілген қоғамда, онда әрекет ететін түрлі қатынастар негізінде қалыптасқан. Өзімен белгілі. Нақты көзқарастар жүйесін және адам мінез құлқына қатысты наным сенімдерді ұсынады.
Имандылық мазмұнын құрайтын норма, ереже және бағалаулар адамның мінез құлқын бақылаушы, мінез құлық және қоғамда қалыптасқан, мейірімділік және зұлымдық , ар намыс және арсыздык, жақсы және жаман туралы көріністері есебінен іс әрекеттерді бағалау аймағында маңызды рөлге ие.
Осы қоғамда қабылданған норма және мінез құлық ережелеріне сәйкес қылықтар мен іс әрекеттер адамгершілік сияқты бағаланады және қоғамдық пікір, әлеуметтік салт дәстүр, тәрбиемен жан жақты байланысты болады. Оның ішінде, осы талаптарға жауап бермейтіндер адамгершіліксіз, имандылыққа қарсы сияқты қарастырылады, талқыланады.
Имандылық әлеуметтік қанау және адами қарама қайшылықтармен күресте мыңжылдық кезінде жаппай өнделген негізгі жалпы адамдық нормаларды қосады.
Мектеп оқушыларды отанын сүюге, қоғамға пайдалы, еңбек етуге, коғамдык күндылыктарды қорғауға, ұжымға және жолдастык езара көмек беруге, адамдар арасындағы өзара сыйластыққа жэне адамгершілік қатынасына, адами тазапық, өмірде қарапайымдылыкка, арамдык, әділетсіздікке карсы болуға, достықта оларды рухани өсуге, ұлттық және нәсілдік қайшылықтаға қарсы болуға тәрбиелейді.
Имандылык кодексі әрбір жас адамның, соның ішінде арнайы мектеп окушылары үшін ереже болып табылады. Мұнда ақыл ой жетіспеушілігіне ешқандай жеңілдік болмайды, себебі тәжірибе көрсеткендей , ол имандылық кодексінде жазылған ережелерді сақтап, меңгеруге кедергі болмайды.
Арнайы педагогика кемтар тұлғаларды оқшалаудың барлық көріністеріне қарсылық білдіріп, олардың рухани, адамгершілік дамуын үдемелі бағытта жүретін үздіксіз процесс ретінде қарастырады.
Кемтар балалардың адамгершілік тәрбиесіндегі маңызды мағына, ол кандай жүйеде жүзеге асатыны.
Тәжірибе, ойлаудың үзіиді болуымен және жекеше, бірлік, бір жағынан және жалпы, тұтас, басқа арасындағы байланыстың болуымен, бүл балапардың тэрбиесіндегі жүйе, сананың бір бөлігімен екіншісіне өтетін, бір талаптан торбиеленушінің жасына байланысты екіншісіне өту кезеңін ұсынуға болатынын керсетеді. Адамгершілік тэрбиесін барлық салада, адамгершілік талаптар толық жииағымен ерте жастан бастап жүргізу қажет. Кез келген жаста адалдық, эділеттілік, тәртіптік, ұжымдык, еңбексүйгіштік жэне т.с.с. қажет.
Жеке және жас ерешеліктер айырмашылыктарын әр түрлі тереңдігімен, деңгейлерін ескеру арқылы камтамасыз етуге болады. Мысалы, ерте жаста, балапарға күрделі түсініктер (борыш, ар намыс, қоғам, әділдік және т.б.) белгісіз кезде, олар саналық ұстанымдарды шынайылық факторларын нақты үлгілік қабылдау негізінде, оларға жакын адамдардың мінез құлкы үлгісінде, карапайым, колжетерлі сөздерді қолдану жолымен менгереді: «мейірімді», «жауыз», «жақсы», «әділ», «әдемі», «әдемі емес» және т.б. Бірак, «мейірімді» және басқа түсініктер кең жалпылаумен бекітіледі, ол бала санасында әр түрлі карама карсы, жағымды және кері факторларды тудыруы мүмкін. Бұған бала ойлауының нақтылығы және тура бағыттылығы, факторларды және құбылыстарды олардың кұндылықтары бойынша ажыратуынын әлсіздігі себеп болады.
Кұндылыкты бағдарлай алмаған, үйренбеген кезінде бала өзіне жақсы және мейірімді қатынас барлық адамдарға және барлық іс әрекеттерімен қалыптарына бағытталған деген пікір түйіндеуі мүмкін.
Кемтар балаларды имандылыққа тәрбиелеудің келесі маңызды талабы қолайлы нақтылықты сақтау. Ерекше назарды окушы мысапы, мейірімділік адал, шыншыл, өзінің еңбегімен өмір сүретін, өзінің міндеттеріне адал қарайтын адамдарға қатысты кажет болады.
Нормалар мен ережелер мазмұнын тереңдетудің әдістерін таңдау кезектілігі окушылардың жасына тәуелді қатал сакталады.
Сонымен, мысалы, қоғамдық парыз сезіміне тәрбиелеу бірінші сыныптан басталады. Алғашында балаларда оқу, өзіне өзі кызмет ету, кезекші міндетін орындау түсініктері қалыптасады, бүлар олардың коғамдық парызы болып табылады. Кейіннен бұл норманың мазмұны терендейді, онда мәнді қоғамдық түсініктер қосылады (еңбексүйгіштік, басқаларға қамқорлық, мейірімдік).
Адамгершілік тәрбиесі өте сезімтал және күрделі процесс. Ол мұғалімдерден пайымдаушылық, бақылаушылык, шығармашылык пен этикалық зандылыктар білімін және мүмкіндіктері шектеулі балалардың даму ерекшеліктерін білуді талап етеді.