Дәрістік кешен 1 ДӘріс мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиеші жұмысын ұйымдастыру пәнінің мақсаты, міндеттері


Тәрбиешінің адамгершілік сапалары



бет3/51
Дата21.06.2022
өлшемі284,56 Kb.
#37154
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
Тәрбиеші жұмысын педагогикалық-психологиялық ұйымдастыру

Тәрбиешінің адамгершілік сапалары:

  • Адамгершілігі;

  • Қайырымдылығы;

  • Шыдамдылығы;

  • Адалдығы;

  • Кеңпейілділігі;

  • Басқаны сыйлай білуі;

  • Ұстамдылығы;

  • Мәдениеттілігі.

Тәрбиешінің білім жүйесінің мазмұны:

  • Жеке тұлғаның және балалар ұжымының даму ерекшеліктері туралы білімі;

  • Психологиялық-педагогикалық білімі;

  • Жалпы білім (адам өмірінің әр қырынан білімі)

Тәрбиешінің іскерлігі мен дағдылары:

  • Диагностикалық;

  • Болжаушылық;

  • Тәжірибелік;

  • Бағалаушылық.

Қабілетінің қасиеті:

  • Дидактикалық қабілеті – балаларға оқу материалын түсінікті етіп жеткізуі, білім дәрежесін, іскерлігі мен дағдысын дұрыс анықтай білу, танымдық қызығушылығы мен белсенділігін дамыту;

  • Перцептивті қабілеті - баланың ішкі дүниесін тани білуі;

  • Ұйымдастырушылық қабілеті – балалар ұжымына дұрыс басшылық жасап, оны ұйымдастыра білу;

  • Коммуникативті қабілеті – балалармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу;

  • Конструктивті қабілеті – оқу және тәрбие міндеттерін шешудің ең үйлесімді жолдарын іздестіру.

Көрнекті педагог К. Д. Ушинский: «... Тәрбиешінің жеке басының жас жанға ететін ықпалы оқулықтармен де, жақсы әдет - ғұрыпты құлаққа сіңіретін уағызбен де, жазалау мен мадақтау жүйесімен ауыстыруға көнбейтін тәрбиелеушілік күшке ие,-» деген болатын.
Қазіргі заманғы тәрбиеші саясаттың, нарықтың педагогикаға үстемдік етуіне жол бермеу үшін тәрбиенің жаңа әлеуметтік - экономикалық шартын педагогикалық негізде ойлай білуге, жаңа үрдістерді педагогикалық мақсат ұстанымында бағалауға, педагогикалық іс - әрекеттің ықтималды мүмкіндіктерін болжауға, талдау мен өзін - өзі бақылау тәсілдерін меңгерген кәсіби шебер.
Қоғамды жан-жақты дамытатын өндіргіш күштің негізгі тұлғасы-адам,сондықтан адам факторына ерекше мән беріледі.
Қоғам дамуы мен адамның жеке басының дамуы бір-бірімен тығыз байланысты.Қоғам адамды қаншалықты дәрежеде жетілдірсе,жетілген адам қоғамды соншалықы дәрежеде дамытады.Тәрбиесіз қоғам қоғам болудан,адам адам болудан қалады.Материалдық және рухани байлық жасап,қоғамды дамытатын-адамдар.Ал,адамдарды соған дайындап,тәрбиелейтін-ұстаздар.Олай болса,мұғалім-қоғам мен қоғамды,ғасыр мен ғасырды жалғастыратын буын.Тарихты жасайтын-халық,халықтың көзін ашып,көңілін оятатын,саяси қырағылыққа,сенімділікке,адамгершілікке,ізгілікке,имандылыққа,бауырмалдыққа,Отаншылдыққа,азаматтыққа баулитын тәрбиеші-ұстаз.
Біздің еліміздің мектепке дейінгі мекемелерде,балалар үйлерінде,мектеп-интернаттарда,ұзартылған күн тобы бар мектептерде,кәсіптік-техникалық оқу орындарында,еңбек колонияларында тәрбиеші тағайындалады.Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын,демалыс уақытын ұйымдастырады.Ал бөбекжай мен балабақша тәрбиешісі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейді,мектепке даярлайды,отбасына көмектеседі.
Қай кезде болса да алдыңғы қатарлы ойшыл адамдар тәрбиеші еңбегін жоғары бағалап,оның қоғамдағы рөлін құрметті де маңызды деп санаған.Бұл жөнінде К.Д.Ушинский: "...тәрбиеші өзін өткен мен болашақтың арасында тірі дәнекермін,шындық пен жақсылықтың құдіретті жауынгерімін деп біледі және ол өз ісінің сырт қарағанда қарапайым екендігін,бірақ тарихтың ұлы істерінің бірі екендігін,бұл істен көптеген ұрпақтар нәр алатынын түсіндіреді" деп жазды.Еңбектеген баладан ғұлама ғалымға дейін ұстаз алдынан өтеді.Мемлекет қайраткерлері де тәрбиеші-педагогтерден тәлім-тәрбие алады.Педагог адамзат қоғамы жасап шығарған байлықты жас ұрпаққа үнемі сіңіріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет