Дәрістік кешен 1 ДӘріс мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиеші жұмысын ұйымдастыру пәнінің мақсаты, міндеттері


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы оларды кіріктіру жолдарымен іске асырылатын білім беру салалары



бет9/51
Дата21.06.2022
өлшемі284,56 Kb.
#37154
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51
6 ДӘРІС
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы оларды кіріктіру жолдарымен іске асырылатын білім беру салалары.
"Таным" білім беру саласы
"Таным" білім беру саласының базалық мазмұны сенсорика, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
"Таным" білім беру саласын ұйымдастыруда баланың қоршаған ортаны бағдарлау аясы кеңейтіледі және байытылады, сезімдік тәжірибесі қалыптасады, түйсіктері және қабылдауы жетілдіріледі.
Мақсаты табиғат құбылыстары, адамдардың өмірі туралы түсініктерін, танымдық қабілеттерін қалыптастыруға арналған жағдайлармен қамтамасыз ету болып табылады.
Міндеттері:
– қоршаған орта туралы білімін кеңейту және байыту;
– сенсорлық қабілеттерін қалыптастыру;
– тірі және өлі табиғат құбылыстары жайлы бастапқы түсініктерін қалыптастыру;
– жануарлар әлеміне қамқор қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу;
– бейнелі-қимылдық ойлауды, есті, қиялды, зейінді, қабылдауды дамыту.
Сенсорика.
Сенсорлық саланы қалыптастыру, зейін, қабылдау, ойлау, затты қолдану әрекеттері, түсті, пішінді және көлемді бағдарлауды дамыту.
Сенсорика (1 жастан 1 жас 6 айға дейін).
Балаларда заттарды сырғымалы лентаның көмегімен, ауа шарын, ойыншық машинаны, арбаны жібінен тарту, жібінен тарта отырып, дыбысын шығара білу қабілеттерін дамыту.
Балаларды:
1) бір-бірімен байланысты тура және кері әрекеттерді орындауға: жаю және жинастыру, алу және салу, шарлардың түрлі түсті тығындарын қорапқа, шелекке ауыстырып салу, оларды еңіс жазықпен сырғанатуға;
2) заттарды өлшемі немесе пішіні бойынша сәйкес ұяларға орналастыра отырып, салыстыруға арналған тапсырмаларды орындауға;
3) екі бөліктен тұратын ойыншықтарды, түрлі өлшемдегі 2–3 сақинадан тұратын конустық негіздегі (өзекшесі) пирамидаға, кейіннен тік өзектегі пирамидаға бір өлшемді бірнеше сақинаны, содан кейін түрлі өлшемді екі топтағы сақиналарды белгілі бірізділікпен жинастыруға;
4) қызыл, сары, жасыл, көк, ақ және қара түске боялған: біртекті заттарды тану және жұмыс жасауға;
5) түрлі материалдардан жасалған заттардың шығаратын дыбыстарын, сонымен бірге музыкалық тембрлердің дыбыстарын ажыратуға үйрету.
Сенсорика (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін).
Қабілеттерді:
1) заттар-құралдарды қолдану, олармен әрекет ету, пішінді, көлемді, түсті, дыбысты ажырата білуді;
2) неғұрлым күрделі заттармен әрекеттерді орындау – таяқшалары бар сақинамен, аулағышпен, қарпығышпен сәйкес келетін ойыншықтар мен шарларды жылжыту, алу және орындарын ауыстыра білуді;
3) қазықшаларды ылғал құмға балғамен қағып кіргізе білуді;
4) біртекті заттарды ортақ белгісі: пішіні, түсі бойынша топтастыра білуді;
5) ұсақ қол моторикасын дамыту үшін заттармен нәзік қимылдар жасауды, дидактикалық ойындарда және тұрмыста балалардың сенсомоторлық "көз-қол" үйлесімділігін;
6) естуді дамыту үшін түрлі дыбыс шығаратын заттармен (қоңыраулар, аспалы металл таяқшалар, шиқылдайтын ойыншықтар, музыкалық ойыншықтар) таныстыруды;
7) қабылдауды дамыту үшін бір мезгілде екі қасиетті: түс пен өлшемді, пішін мен өлшемді, пішін мен түсті, негізгі төрт түсті (қызыл, көк, сары, жасыл) ажыратуды;
8) логиканы дамыту үшін пішіні, түсі, көлемі бойынша бір-біріне ұқсас заттарды сәйкестендіру мен топтастыруды қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
– ересектердің көмегімен қарапайым құрылыстарды құрастыра алады;
– іс-әрекет орындауға болатын қарапайым заттар-құралдарды қолданады;
– біртекті заттарды ортақ белгісі (өлшемі, пішіні) бойынша топтастыра біледі;
– түсі мен көлеміне қарамастан таныс заттарды таниды және көрсетеді;
– негізгі төрт түсті ажыратады; ересектердің нұсқауларын түсінеді және айналасындағы кеңістіктен заттарды таба алады.
Жаратылыстану (1 жастан 1 жас 6 айға дейін):
1) тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру;
2) заттарды, олардың белгілерін, қарапайым әрекеттерді тани білуге, табиғат бұрышындағы аквариумдағы балықтарды, жемсауытқа ұшып келетін құстарды, үй құстары мен жануарларды (ит, мысық, қоян, тотықұс) бақылауға, шөпті, гүлдерді, ағаштарды (бұталарды) ажыратуға үйрету;
3) өсімдіктер мен жануарларға деген қызығушығын дамыту, оларға қамқор болуға тәрбиелеу.
Жаратылыстану (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін).
Қоғам өміріндегі кейбір нақты жағдаяттар жайлы қарапайым ұғымдарды қалыптастыру.
Балаларды:
1) қоршаған ортадағы және суретте берілген заттарды, көлік түрлерін,үй жануарларын танып, олардың дауыстарына еліктеуді;
2) жануарлардың ерекшеліктерін, іс-қимылдарын, белгілерін ажырату және атауды;
3) табиғат құбылыстарын бақылап, оларды атауды;
4) гүлдеп тұрған бөлме өсімдіктерінің әсемдігіне көңіл бөлуді;
5) кейбір көкөністер мен жемістер жайлы біліп, оларды суреттерде және шынайы тани білуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
– кейбір жануарларды шынайы тұрғыда, суреттерден таниды және атайды;
– кейбір көкөністер мен жемістер жайлы біледі, оларды суреттерде және шынайы таниды;
– табиғат құбылыстарын атайды.
"Шығармашылық" білім беру саласы
"Шығармашылық" білім беру саласының базалық мазмұны сурет салу, мүсіндеу, музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
Мақсаты балалардың танымдық, шығармашылық, музыкалық қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
– өнімді әрекеттерге қызығушылықтарын ояту;
– балалардың байқампаздығын дамыту;
– көрнекі-қимылдық ойлауды, есті, қиялды, зейінді, қабылдауды дамыту;
– қоршаған орта туралы түсініктерін және сенсорлық қабілеттерін қалыптастыру.
Сурет салу:
1) бейнелеу өнері, сурет салу үшін қолданылатын, құралдар мен материалдар туралы түсінік қалыптастыру;
2) бейнелеу тәсілдерін үйрету.
Сурет салу (1 жастан 1 жас 6 айға дейін):
1) сурет салуға балалардың қызығушылығын тәрбиелеу;
2) балаларды бояулардың ашық түстерін эмоциялы қабылдауға, қарындаштармен, фломастерлермен сурет салуға, қағаз бетін ашық түсті дақтармен, жақпалармен толтыруға бояу жағылған саусақпен қағазға сурет салуға үйрету.
Сурет салу (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін).
Балаларды төрт негізгі түстерді (қызыл, көк, сары, жасыл) қолдануға, қағаз бетіне бейнелерді дұрыс орналастыруға; қарындашпен, фломастермен жұмыс жасау техникасына, бояу жағылған саусақпен және алақанмен қағазға сурет салуға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
қарындашпен, фломастермен сурет салуға ынта білдіреді;
бояулардың ашық түсіне эмоционалды көңіл-күй танытады;
қағаз парағын ашық түсті дақтармен, жақпалармен ырғақты түрде толтырады;
қағаз бетіне алақанымен ұқыпты баса біледі.
Мүсіндеу (1 жастан 1 жас 6 айға дейін).
Сазбалшықпен, оның қасиеттерімен таныстыру. Балаларды ермексаздың, сазбалшықтың кесектерін алақан арасында домалатуды, алақан арасында "шарлар" жасауды, жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндей білуге үйрету.
Мүсіндеу (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін).
Балаларға ермексазды, сазбалшықты алақан арасына ала білуді, өз қалауы бойынша алынған пішіндерді құрастыруды, жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндей білуге, қолданылған материалдарға ұқыпты қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
сазбалшықты алақан арасында домалата алады;
жалпақ дөңгелек пішіндерді мүсіндейді;
тәрбиешінің көрсетуі бойынша алынған пішіндерді құрастыра біледі.
Музыка.
Музыкаға, ән салуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылықтарын қалыптастыру.
Музыка (1 жастан 1 жас 6 айға дейін).
Балаларға мазмұны бойынша жақын әндерді тыңдауды, олардың көңіл- күйіне эмоционалды үн қатуды, оларды сәйкес қимылдармен алдымен ересектің көрсетуімен, кейіннен әннің сөзі бойынша орындауды үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
музыкамен жүре біледі;
ересектердің орындаған әндерін тыңдайды;
ойын әрекеттерін музыкалық сүйемелдеумен орындауды біледі;
би әуендерінің көңілді сипатын күрделі емес қимылдармен: аяқтан аяққа ауысу, өкшелерін соғу, қолдың буынын айналдыру,орнында айналуды біледі.
Музыка (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін).
Балаларды әннің әуені мен сөздерін тыңдауға және оларды тануға, көңілді және қалыпты сипаттағы музыкалық шығармаға эмоционалды үн қатуға, ересектердің орындауындағы әнді тыңдауға, ойын әрекеттерін орындауға, музыка сипатының ауысуына назар аударуға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
музыкаға сәйкес жүре біледі;
ересектердің орындаған әндерін тыңдайды және қайталайды;
ересектермен қосылып айтуды, әнді орындағанда интонацияларын қайталауды біледі;
ойын әрекеттерін музыкалық сүйемелдеумен орындауды біледі;
би әуендерінің көңілді сипатын күрделі емес қимылдармен: аяқтан аяққа ауысу, өкшелерін соғу, қолдың буынын айналдыру, орнында айналуды біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет