Дәрістік курс бағдарламасының құрастырылуы тақырып 1 пcихотерапияға кіріспе



бет15/35
Дата26.10.2022
өлшемі125,87 Kb.
#45358
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
Байланысты:
дәрістер мазмұны терапия

ТАҚЫРЫП 7


ГЕШТАЛЬТТЕРАПИЯ
Сабақтың мақсаты:
Практикалық психологияда гештальтпсихология мен гештальттерапияның шығу тарихы, қалыптасуы, қолданылуы туралы теориялық және практикалық білім беру, әрі оны тәжірибеде қолдану біліктері мен дағдыларын оқыту, үйрету.


Жоспар
1. Гештальтпсихологияның пайда болуы мен даму тарихы
2. Гештальттерапия


Гештальтпсихология - XX ғ. 20-шы жылдары пайда болған психология бағыты. Гештальпсихология бихевиоризм саласындағы алғашқы жұмыстар мен психоанализдің Зигмунд Фрейдтің достарынан тұратын тар аумағынан шығып, кең тарала бастауынан бұрын пайда болды. Гештальпсихологияның дамуының екінші кезеңі гуманистік психология мен психотерапияның пайда болуымен, ал аяқталу кезеңі – когнитивтік психологияның жандануымен сәйкес келеді.
Гештальтпсихология мен гешатальттерапияны шатастыруға болмайды. Олардың атауында «гештальт» сөзі болғанымен әрқайсысын бөлек қарастыру керек. Олардың бірі екіншісінің орнын баса алмайды, және көп жағдайда ұқсастықтары да өте аз.
Фриц (Фредерик) Перлз (1893-1970) гештальттерапияның негізін қалаушы болып саналады.
Гештальттерапияға өтпес бұрын гештальпсихологияны қарастырудың себебі неде? Себебі ол бұрын пайда болды, әрі Фредерик Перлз гештальпсихологтардан жай терминдер ғана емес, бірқатар түсініктерді (фигура және фон ) алды. Гештальтпсихологтар оларды қабылдаудың эксперименталды зерттелетін үрдістеріне жатқызды, ал Перлз (олардың қарсылығына қарамастан) нақты ғылыми дәлелденбейтін тұлғалық және тұлға аралық мәселелерінде де қолданды. Ең бастысы, Перлз гештальпсихологиядан психофизиологиялық, тұлғалық және тұлға аралық процестер мен мәселелерге гештальт әдіспен қарауды алды.
Неміс тілінде гештальт – ол құрылым, біртұтас қабылдау, біртұтас бейне (кез-келген дүниенің бейнесі – заттың, қиялдың, өмір салтының) дегенді білдіреді. Ол уақыттық және кеңістіктік аспектідегі біртұтас құрылым болуы мүмкін. Ол қандай да бір көзге көрінетін бейненің, немесе қандай да бір музыкалық фразаның бейнесі болуы мүмкін.
Гештальтпсихологияның тарихы Макс Вертгеймердің «Экспериментальные исследования восприятия движения» (1912) еңбегінен бастау алады деп саналады.
Гештальтпсихологияның негізгі өкілдеріне Макс Вертгеймер, Курт Коффка, Вольфганг Келер, Курт Левин жатады.
Олардың арасында Макс Вертгеймер көп аталады. Себебі үкімет басына ұлтшыладр келген соң, ол АҚШ-қа көшіп кетеді.
Вертгеймердің гештальпсихология идеясының пайда болуын ашуы жайында қызықты жайт бар. 1910 жылы ол поезбен өзінің досына бара жатыр еді. Досының баласына сыңлық ретінде стробоскоп сатып алады. Стробоскоп – ол аударып-төңкерсеңіз қозғалыс иллюзиясын туғызатын ойыншық. Мұндай тәсіл қозғалыссыз кадрлар бір-бірін жылдам ауыстыратын киноларда қолданылады.
Макс Вертгеймер стробоскоп ойнап отырып, жаңалық ашқалы отырғанын сезеді де, әрі қарай баруы керек болса, Франкфурттен түсіп қалады. «Қозғалыссыз фигуралар бір-бірін жылдам ауыстырған кезде біз оларды қозғалады деп қабылдаймыз. Басқаша айтқанда, шындығында жоқ нәрсені ап-анық көреміз!»
Осы жерден гештальттың негізгі идеясы туындайды – тұтас – ол оның бөліктерінің қосындысы емес, жаңадан пайда болған құрылым.
Гештальтпсихологияның негізгі алты принципі:
1. Жақындық.
Кеңістік пен уақыт аралығында бір-біріне жақын тұрған элементтер бізге бір топқа біріккен тәрізді көрінеді және біз оларды біртұтас қабылдауға тырысамыз.

  1. Үздіксіз.

Біздің қабылдауымызда бақыланушы элементтерді үздіксіз бірізділікпен байланыстыруға немесе оларға белгілі бір бағдар беруге мүмкіндік беретін бағытпен жүру тенденциясы бар.

  1. Ұқсастық.

Ұқсас элементтерді шектелген топ құру арқылы бірге қабылдаймыз.

  1. Тұйықтау.

Біздің қабылдауымызда аяқталмаған заттарды аяқтап, бос аралықтарды толтыруға ұмтылатын тенденция бар.

  1. Қарапайымдылық.

Кез-келген жағдайда біз шама келгенше басы-аяғы бар фигуралар көруге тырысамыз.

  1. Фигура – фон.

Біз өзіміздің қабылдауымызды объектіні (фигура) де, соны көрсететін артқы жақты (фон) да көретіндей етіп ұйымдастыруға тырысамыз. Бұл жерде фигура бізге анағұрлым көрнекті болып, жалпы бейнеден айқынырақ байқалады.
Вергтеймер бұл принциптерді көмекші факторлар деп атады, алайда перцепцияға организмнің өзінің де функциялары да ықпал ететінін мойындады: мысалы, алдын ала хабардар болу мен бағдарды анықтайтын жоғары ойлау үрдістері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет