2 сұрақ. Курт Левиннің көптеген тұжырымдарынан, әсіресе топтық психотерапияға қатысты ілімдерінен Фредерик Перлздің көп алғаны белгілі.
Психология тарихына арналған оқулықтарда Фредерик Перлздің аты аталмайды, себебі формалдық тұрғыдан гештальпсихологияға еш қатысы жоқ. Алайда оның атағы гештальтпсихологияны қалың бұқараға тарауы арқылы шықты. Оның техникалары мен тәсілдері (осы және қазір, ыстық орындық және т.б.) топтық психотерапияның түгелге дерлік бағыттарында жемісті қолданылып келеді.
Гештальттерапияны ғылыми бағыт дегеннен гөрі (Ф.Перлз өзін ешуақытта теоретикпін деп есептемеген) психотерапияның басқа түрлеріне гөрі жылдам игерілетін жақсы жаттыққан техникалық тәсілдерге жатқызуға болады. Сондықтан да ол Батыста кең қолданысқа ие болды, және тек кәсіби психологтар мен психотерапевттерді ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлер мен педагогтарды даярлауда да қолданылады.
Перлз өмірде де, ғылымда да жанжалшыл болған («Внутри мусорного ведра и вовне» автобиографиялық еңбегі). Алайда соған қарамастан жеңіл, ақжарқын және өкпешіл еместігімен ерекшеленген.
Перлз Вена колледжін бітірді және өз еркімен Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысады. Ол әскери дәрігер ретінде бас-ми жарақаттарымен және олардың салдарымен жұмыс жасады.
Гештальпсихология терминдерін қолданып, Перлз неврозды аяқталмаған гештальттар деп сипаттады. Ал аяқталмаған гештальттар – олар қанағаттандырылмаған қажеттіліктер. Невроздан құтылу үшін осы қажеттіліктерді қанағаттандыру қажет. Сондықтан да гештальттерапия тәсілдерінің біріне өткен өмірдегі аяқталмаған гештальттарды қазіргі өмірге көшіріп, оларды символикалық әрі ойын түрінде аяқтау.
өз қажеттіліктеріңнен бас тартып, басқалар ұсынған құндылықтарға еру, организмнің өзін-өзі реттеу үрдісін бұзады. Сондықтан да гештальтерапияның алғашқы сабағынан бастап Перлз ұсынған гештальт дұға ұсынылады:
Мен бұл өмірге сенің үміттеріңе, қалауларыңа сәйкес болу үшін келген жоқпын, Сен де менің қалауларыма сәйкес болу үшін келген жоқсың. Сен – ол сенсің. Мен – ол менмін. Егер біз бір-бірімізге сәйкес келсек – бұл тамаша. Ал олай болмаса – бұған ештеңе істей алмасың. Психоанализдегі тәрізді, гештальттерапия міндеттерінің біріне келушінің алдында өзін-өзі алдау – психологиялық қорғану механизмдерінің бетін ашу жатады.
Гештальттерапияда мұндай өзін-өзі алдаудың немесе өзін-өзі реттеу үрдістерінің бұзылу тетіктерінің бес түрін ажыратады: интроекция, проекция, ретрофлексия, дефлексия, конфлуенция.