28
қолданылады. Шартты біз оны виртуалды логикалық құрылғының сипаттама кестесі дейміз.(DRT-
device reference table).
Енгізу-шығару үрдісін басқару
1-әрекет. Орындалып жатқан программадан енгізу-шығару операциясына сұраныс супервизорға
түседі.
1.1-әрекет. Супервизор жүйелік шақыруды қабылданған спецификацияларға сәйкестігін тексереді
және қате болған жағдайда есепке сәйкес хабарлама жібереді.
2-әрекет. Егер сұраныс дұрыс болса онда есеп енгізу-шығару супервизорына бағытталады.
2.2-әрекет. Супервизор виртуаль аты арқылы DRT кестесінен құрылғы кестесінен сәйкес UCB
элементін табады. Егер құрылғы бос болмаса, онда есеп сипаттаушы құрылғыны күтіп тұрған есептер
тізіміне орналастырады.
3-әрекет. Егер құрылғы бос болса, онда енгізу-шығару супервизоры UCB–дан құрылғының типін
анықтайды және қажет болса санашықты іске қосады, ол құрылғыны түсінетін және орындайтын
басқару деректерін және кодтарын ашуға мүмкіндік береді.
4-әрекет. Енгізу-шығаруды басқаратын
программа
дайын болған кезде, енгізу-шығару супервизоры
басқаруды сәйкес драйверіне береді(іске қосу секциясы).
5-әрекет. Драйвер басқару операциясын инициялизациялайды, тайм-аут санауышын нөлдейді және
санашыққа орындалуға дайын есепті қою үшін супервизорға (есеп диспетчеріне) басқаруды
қайтарады.
6-әрекет. Жүйе жұмысты кезегімен орындайды, бірақ енгізу-шығару құрылғысы жіберілген команданы
орындап болған соң, үзуге сұраныс сигналын орнатады және үзу кестесі арқылы басқару жалғастыру
секциясына беріледі. Жаңа команданы алған соң құрылғы оны орындайды және санашықпен
басқаруды қайтадан есеп диспетчеріне қайтарады, ал санашық өзінің жұмысын жалғастырады.
Сонымен есептердің параллель өңделуі болады, соның көрісінде санашық енгізу-шығару
операциларының басқаруын жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: