«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
____________________________________________________________________________
_____________________________
Випуск 3 (20 травня 2016 р.)
232
ақпараттық – коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады. Жаңа
ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап,
оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізі компьютер
болып табылады» [1, б. 6].
«Ақпараттық˗коммуникативті технологиялар» дегенімізде ойымызға
бірден компьютер және интербелсенді тақта түседі. Шын мәнінде, бұл дұрыс
емес. Ақпаратты жеткізу мен қабылдауды жеңілдету әрі соған сай тиісті
қарым˗қатынас орнатуда пайдаланылатын құралдардың саны анағұрлым көп.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, сонау тайпалық˗рулық кезеңде адамдардың
үңгірлердің қабырғаларына түрлі иероглифтерді/белгілерді салып, не қағазға
(тақтайға) сурет салу арқылы өзара хабар алмаса бастауы, кейінгі кезеңдерде
радио, теледидар, электронды есептеуіш машиналардың пайда болуы, бертін
келе ұялы телефон, ғаламтор, электронды оқулықтардың таралуы сынды жаңа
өнертабыстардың барлығы біздің бүгінгі зерттеу жұмысымыздың нысаны −
АКТ қатарына жатады.
Демек, оқыту үдерісінде өзімізге үйреншікті компьютер, презентация,
интербелсенді тақтадан басқа электронды оқулықтар, үлестірмелі карточкалар,
тақырыптар бойынша сараланған суреттер топтамасы, аудиожазбалар,
«сөйлейтін кітаптар» және тағы басқалардың барлығы да оқушыларға
тақырыпты түсіндіруде АКТ ретінде көмекші құрал қызметін атқарады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны замануи талаптарға сай
ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білім
кеңістігіне енуде қолдану бүгінгі таңда үлкен өзектілікке ие болып отыр. Сол
себепті де оқытудың ақпараттық-коммуникативті технологиясы білімді
жаңаша беру мүмкіндіктерін ашу, білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу
тәрбиесі үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін
ақпараттық мәдениетті, ақпараттың қажет кезін сезіну, оны табу, бағалау және
тиімді қолдану қабілетін арттыру керек. Осыған орай ақпараттық заманда өмір
сүретін адам өзін-өзі шектей білетін негізгі нормалар мен ережелерді игеруі
тиіс. Қазіргі уақытта «ақпараттық сауаттылық», «ақпараттық құзыреттілік»
деген түсініктердің қалыптасып, кең таралуының өзі аталмыш мәселенің
қаншалықты өзекті екендігін айғақтайды және өскелең ұрпаққа білім мен
тәрбие беретін педагогтар үшін ақпараттық˗коммуникативті технологияларды
пайдаланудың маңызын дәлелдейді.
Ақпараттық әдістемелік материалдар қарым˗қатынастық байланыс
құралдарын қолдану арқылы білім беруді жетілдіруді мақсат етеді.
Мультимедиялық оқулықтар, біріншіден, оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген
жерлерін қайта көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға
мүмкіншілік береді, сонымен қатар оқушының білім алу кезеңінде оқу іс-
әрекетіне белсенділігін арттыра түседі. Білім мен ғылымның дамуын басты
назарға алған қазіргі заманның талаптарына сай қоғамды ақпараттандыруда
мұғалімдердің
ақпараттық-коммуникативті
технологияларды
қолдану
бойынша біліктілігін көтеру білім беру саласындағы негізгі міндеттердің
біріне айналды.
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
____________________________________________________________________________
_____________________________
Випуск 3 (20 травня 2016 р.)
233
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында
«Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу» [2] деп атап көрсетілген. Сол себепті білім
беру саласында қызмет ететін барлық оқытушылар бүгінгі таңда АКТ
технологиясына бет бұрып, оны оқу үдерісінде белсене пайдалану үстінде.
Жалпы алғанда, қандай болмасын пәнді не пәндер тоғысын оқытқанда
ақпараттық˗коммуникативті технологияны пайдалану келесідей мүмкіндіктер
мен артықшылықтарды береді:
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
Жаңа материалды қабылдау және игеру үрдісін жеңілдетеді;
Оқушылардың
танымдық,
ізденімпаздық
әрекеттерін
белсендендіреді;
Мұғалімнің уақытын үнемдейді;
Оқушылар мен оқытушылардың бойында ақпараттық
сауаттылық пен ақпараттық құзыреттілік дағдыларын қалыптастырады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні тұрғысынан қарайтын болсақ, мұндағы
АКТ ролі орасан зор. Қазақ тілі әлемдегі бай әрі әдемі тілдердің бірі болумен
қатар өз ішінде сингармонизм, ерін үндестігі сынды түрлі заңдылықтарға
бағынған күрделі жүйе болып табылады. Мұғалімдер үшін қанша
оқушылардың ішінде әрқайсысына осындай екпін, ықпал, грамматикалық
мағына, дыбыс үндестігі сияқты күрделі тақырыптарды және фонетикалық,
лексикалық, грамматикалық талдау үлгілерін түсіндіру оңай емес. Ал әдебиет
сабағында кейбір ақын˗жазушылардың өмірбаяны мен шығармашылық
жолына үңілу, көркем шығармалардың мазмұны мен ондағы кейіпкерлерге ден
қою қосымша «уәждеуші құралдарсыз» қиынға соғады. Міне, осындайда
ақпараттық˗коммуникативті технологияны пайдалану мұғалімдер үшін жақсы
қолғабыс болып табылады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізгілерінің бірі –
интербелсенді тақта, мультимедиалық және онлайн сабақтар. Қазіргі кезде
ғаламтор желісінде еліміздің түкпір˗түкпірінен жиналған мұғалімдер арнайы
сайттар мен парақшаларды ашып, онда өздерінің тәжірибелерімен бөліседі,
әсіресе білікті ұстаздардың онлайн сабақтары жас мамандарға және жалпы
мұғалімдерге үлкен көмекші құрал қызметін атқарады. Интербелсенді тақтаны
сабақта пайдаланудың маңыздылығы, яғни оның көмегімен оқыту үрдісіндегі
өзекті мәселелерді шешуге болатындығы анықталған. Осыған байланысты
күнделікті сабақта:
мультимедиялық
құралдар
(аудио˗,
бейне˗материалдар
мен
теледидар, радио, электрондық оқулықтарды);
компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интербелсенді тақта);
анықтамалық мәліметтер (сөздіктер, энциклопедиялар, ғылыми
еңбектер, электронды жаттығулар жинақтары);
ғаламтор және басқа да көрнекі ақпараттық материалдарды сабақта
қолдану айтарлықтай оң нәтиже береді.
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
____________________________________________________________________________
_____________________________
Випуск 3 (20 травня 2016 р.)
234
Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, үлкен
зейінмен тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылай бекітуге мүмкіндік
береді.
«Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны пайдаланып білім берудің
әр түрлі аспектілерін дамытуға болады. Олар: ақпаратты өңдеудің когнитивті
аспектілері,
оқытудың
мотивациялық
аспектілері
және
оқытудың
коммуникациялық аспектілері және танымдық аспектілері. Мәселен,
электронды оқулықпен жұмыс жасағанда, компьютерлік бағдарламада таңдап
алған тараудың барлық тақырыптардың теориялық материалдары, есеп
шығару үлгілері, өз беттерімен жұмыс істеуге арналған жаттығулар, әр
тақырып бойынша орындалатын зертханалық жұмыс тапсырмалары,
оқушылардың білім сапасын тексеруге арналған тест тапсырмалары беріледі
және сынып оқушыларының әрқайсысына жеке-жеке нұсқаулар бойынша
жұмыс жүргізуге қолайлы. Бұндай бағдарламалардың ерекшелігі сол ˗ әрі
уақытты да үнемдейді, әрі мұғалімнің де жұмысын жеңілдетеді» [3, б. 2].
Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында АКТ-ны сабақтың кез келген
кезеңінде қолданып, оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін айтарлықтай
арттыруға болады:
1)
Үй жұмысын тексеру:
интербелсенді тақтада слайд арқылы өткен тақырыптар
бойынша сұрақтарды ойын түрінде (не басқа да формада) ұсыну;
әдебиеттен көркем туындының желісі бойынша түсірілген
бейнефильм не аудиожазбаның әр түрлі бөліктерін оқушылардың
назарына ұсынып, қай жерден алынғандығын таптыру;
ақын˗жазушылардың портреттерін алып келіп, олардың
өмірбаяны мен шығармашылығы бойынша өткен мәліметтерді еске
түсіру.
2)
Жаңа тақырыпқа көшу:
интербелсенді тақтада көрсетілген не шынайы суретті
иллюстрацияларға назар аударып, «миға шабуыл» жасау;
«ассоциация» не «ребус» тәсілімен түрлі суреттерді көрсету
арқылы жаңа тақырыпты анықтау;
музыкалық композиция не қысқа бейнебаян арқылы
оқушылардың бұрыннан білетін мәліметтерін жаңа сабақ тақырыбымен
байланыстыру.
3)
Жаңа тақырыпты меңгеру:
тақырып бойынша бейнебаян көру не аудиоматериал
тыңдау;
тақырыпқа сай белгілі бір мәтінді ұсынып, мағынасына
ерекше назар аударуды/талдауды/сөздікпен жұмыс жасауды және т.б.
қажет ететін сөздерді айрықша белгілеу арқылы ой қозғау;
тақырыпқа
сай
газет
не
журналдардан
қызықты
материалдарды тауып, оқушылардың назарына ұсыну;
онлайн сөздіктер мен энциоклопедияларды пайдалану;
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
____________________________________________________________________________
_____________________________
Випуск 3 (20 травня 2016 р.)
235
пәнаралық кіріктірілген сабақтарда карта/глобус/үнтаспа/
т.с.с. құралдарды қолдану;
жекеленген жаттығуларды презентация не басқа да қызықты
формада ұсыну арқылы зейінін аудару;
нақты сөйлемдерді кешенді бейнелеу;
ережені оқып, өз сөздерімен түрлендіріп жеткізу;
қосымша материалдармен танысып, танымдық әрекетін
белсендендіру;
жаңа тақырып бойынша өздеріне бұрыннан белгілі
мәліметтерді сызбаға түсіру.
4) Бекіту:
жаттығуды түрлендіру жолдарын іздеу;
сабақта
алған
мәліметтерді
флипчартта
кесте/сызба/сурет/т.б. түрінде ұсыну;
Microsoft office Power Point бағдарламасында тақырып
бойынша презентация құрастыру.
4)
Бағалау, кері байланыс:
флипчарт/презентация т.б. құралдарда алдын ала ұсынылған
бағалау кестесін (әр түрлі формада болуы мүмкін) қолдану;
әр түрлі мәтіндері/суреттері бар карточкаларды пайдалану.
Сонымен қатар дәл осы ақпараттық құралдардың көмегімен қазақ тілі
сабақтарында «Ойлан, тап», «Кім жүйрік?», «Не? Қайда? Қашан?», «ХХІ ғасыр
көшбасшысы» сынды танымдық зияткерлік ойындарды өткізу арқылы да
оқушыларды қазақ тілі мен әдебиет пәндері бойынша алған білімдерін сынап
қана қоймай, олардың пәнге деген сүйіспеншілігін, оны әрі қарай терең
зерделеуге деген ынтасын да арттыруға болары хақ. Ал Қазақстан тарихы,
география, биология және басқа да пәндермен сабақтастыра отыра
кіріктірілген сабақтарды өткізу арқылы мұғалім оқушылардың ізденімпаздық
әрекетін арттырады әрі өзінің кәсіби˗шеберлігін шыңдайды. Сондай˗ақ түрлі
тақырыптарға пікірталас өткізу, дөңгелек үстел, «квест» сабағы, саяхат не
ойын сабақтары кезінде оқушылардың айтылым, тыңдалым, жазылым және
оқылым сынды төрт маңызды әрекетін белсендендіріп, тақырып бойынша
тиісті арнаға «бұруға» болады.
АКТ-ны оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану оқушының қызығушылығын
арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын
қалыптастырады. Жаңа материалдарды бірігіп талдауда, әсіресе топпен жұмыс
жасағанда маңызы зор.
Қорыта айтқанда, ақпараттық технологияларды педогогикалық
тұрғыдан дұрыс пайдалана білу оқушының сабаққа деген қызығушылығын
арттырып, сабаққа деген ынтасын оятады, өз бетімен жұмыс істеуге, пікірталас
ұйымдатыруға,
проблемалық
сұрақтарға
жауап
беруге,
өмірмен
байланыстыруға ықпал тигізеді. Ал оқытушы үшін ол келесідей
артықшылықтармен ерекшеленеді: мұғалім үздіксіз ізденіс үстінде жүреді,
жеке тұлғаны қалыптастырудағы жауапкершілігі артады, инновациялық
технологияларды
қолдану
іскерлігі
артады,
жас
мамандардың
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
____________________________________________________________________________
_____________________________
Випуск 3 (20 травня 2016 р.)
236
қызығушылығын арттырады, ғаламтор жүйесі арқылы әлемдік деңгейде
іс˗тәжірибе алмасуды қалыптастырады және оқытудың түрлі әдіс˗тәсілдерін
игеруге қол жеткізеді, оқытушы сабақты қызықты, жүйелі түрлендіріп өткізуге
машықтанады.
Елбасымыз: «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен
байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет,» ˗ деп,
атап
көрсеткендей,
жас
ұрпаққа
білім
беру
үдерісінде
ақпараттық˗коммуникативті
технологияны
пайдаланудың
практикалық
маңызы өте зор және бұл технология жылдан˗жылға әрі қарай дамып,
болашақта да үлкен сұранысқа ие болатындығы сөзсіз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Р.Ж. Бахтиярова. Пән сабақтарында АКТ-ны қолданудың тиімділігі. //
«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АҚ филиалы БҚО бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты: Орал, 2014.
2.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27
шілдедегі №319 Заңы.
3.
http://www.rusnauka.com/9_SNP_2015/Philologia/1_187867.doc.htm
Насыритдинова Г.Н. Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың білім сапасын
арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың маңызы.
УДК 801.82
Сеитова Маржан
(Павлодар, Казахстан)
ЖАЯУ МҰСА БАЙЖАНҰЛЫНЫҢ ӨНЕРНАМАСЫ
Аталған мақалада ақын шығармаларында сол кезеңде қоғамда болып
жатқан әділетсіздік, арамдық, жемқорлық, шен қуалау сыңды тағы да басқа
толып жатқан келеңсіз жайттарды сынауы көптеп кездеседі. Осы орайда
жазған өлеңдері қаламгердің шығармаларының негізгі арқауы болып
табылады.
Тірек сөздер: ақын, шығарма, өлең, қаламгер, ғұмырнама, заман,
туынды.
This article in the works of the poet in the same period of what is happening
in society, injustice, dishonesty, corruption, both in tribute to adopt a much more
numerous there are a lot of negative aspects of the test. In this regard, writing
poetry is the main thrust of the writer's works.
Key words: poet, essay, poetry, writer, biography, art, work.
Жаяу Мұса Байжанов шығармашылығының басым жағы, негізінде,
сазгерлік, әншілік болса да, оның ақындық өнерден де құр емес, талант иесі
екендігі айтылуда.
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
____________________________________________________________________________
_____________________________
Випуск 3 (20 травня 2016 р.)
237
Жаяу Мұсаның бізге жеткен әдеби мұраларының ішіндегі ән
мәтіндерінен басқа поэзиялық туындылары да бар. Жаяу Мұса шығармаларын
топтап қарасақ, замана күйін, сол кездің адамдарын, әсіресе ел басқарушы
әкімдерді сынау, олардың өзіне тән бейнесін жасау, жастық шақты,
махаббатты, достықты жырлау, жастарды оқуға, өнерге, мәдениетке шақыру
болып келеді [1, б.7].
Жалпы, Жаяу Мұса – сан қырлы талант иесі, сол кездегі қазақ
қауымынан шыққан қайраткер дәрежесіне көтерілген тұлға. Ол көкірек көзі
ерте ашылған, заманының қан-тамырын тап баса алған ойлы адам. Оның
«Олжабай батыр», дастанынан бастап, Пушкинге, Гогольға, Глинкаға,
Кутузовқа арнаған өлеңдерінен ақынның интеллектуалдық бай мұрасын тану
қиын емес.
«Баянауыл дуанында», «Жұлдыз» атты өлеңдері, «Данышпан қыз»
дастаны көркемдік көрігінен шыққандай дүниелер. Оның кез келген
шығармасы өмірінің дерекнамасы. Мәселен, «Жорға қоңыр», «Жетісу» әндері
Жаяу Мұсаның Жетісу өңіріндегі Үйсін, Дулат, Жалайыр арасында Қаражал,
Көксу бойында өткен күндерінің естелігі іспетті.
Жаяу Мұса − әлі де зерделеуді, зерттеуді қажет ететін халқымыздың
біртуар ұлы.
Ақынның дәуір, замана жайларын, өз өмірінің шындығын, замана
адамдарының, әсіресе ел басқарған әкімдердің іс-әрекеттерін көрсететін
әлеуметтік тақырыптағы шығармаларынан өткен өмір шындығының әр түрлі
жайларын аңғарамыз.
Ақын бұл шығармаларында қайырымсыз, қатал да қараңғы, надан
заманның әділетсіздігіне қаталанған халық үшін, өз еңбегін еркін еме алмай
заманаға қарғыс айтқан еңбек адамының ыза-кегін суреттейді. Оның
заманының, замана басқарушыларының қарапайым халыққа, еңбек адамына
істеп отырған зорлық-зомбылығын, қиянатын әшкерелеп, ескі өмірдегі
шындықты ашып айтатындығын көреміз.
Ақын «Сарын», «Жуан аяқ», «Жаяу Мұса», «Ұлытау» атты өлеңдерінде
өз өміріне байланысты жайларды, ата жауы бай-жуандардан қуғын көрген
ауыр өмірін кедейшіліктің ауыртпастығын басым айтса, «Құлбай бай»
өлеңінде байлардың надандығын, қолында мол байлығы бола тұрса да, оны
ішіп-жеуге, үй тұрмысын жөндеуге қимайтын сараңдығын сынайды. Сондай
байлардың бірі өзінің қайын атасы Құлбайдың осындай көзсіз надандығына
ыза болған ол:
Құлбай байдың тайлағы,
Ат шаптырым аймағы.
Өзіне тәңірі берген соң,
Бұзылмай тұр қаймағы,
− деп байдың қыруар байлыққа ие болған көріксіз, күйкі тұрмысын
мазақ етеді, басқаға түгіл, өз басына да қайырымсыздығын әжуа, сықақ
қылады [2, б.15].
Жаяу Мұсаның бай мен әкімдердің қалың бұқараға, еңбек адамына, өз
басына істеген зорлығы мен адам төзгісіз қиянаттарын, олардың
бойларындағы теріс мінез, жат қылық, тұрпайы әдеттерін әшкерелейтін
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
____________________________________________________________________________
_____________________________
Випуск 3 (20 травня 2016 р.)
238
реалистік шығармаларының ішінен көзге ерекше түсетіні – ірі феодал
Шормановтарға арналған өлеңдері.
Мұса ғұмырнамасында Шорман төңірегіне, жер мәселесіне байланысты
да, генерал-губернаторға, оязға жазған шағымдары жайлы деректер жеткілікті.
Ақынның көпшілік өлеңдерінің соларға арналуы замана әкімдеріне
деген көзқарасын, олармен қарым-қатынасын білдіруі кездейсоқ нәрсе емес.
Ақын өз шығармаларынан («Ақ сиса», «Поштаев, бір Айдабол баласы
едік», «Ей, Мұса, өлімісің, тірімісің», «Мұсаның құтылмадым ойынынан»...)
өз басының ауыр тұрмысын, тартқан азабын, көргендерін баяндамайды,
Шормановтардың өзіне, халыққа көрсетіп отырған зорлық-зомбылығын,
шексіз қиянатын батыл әшкерелеп көрсетеді:
Ей, Мұса, мен не қылдым саған, жарқын,
Күшпенен тоздырдың ғой ауыл халқын.
Бұзауын ауылымның қырып салдың,
Көрерсің не болғанын істің артын.
Шормановтардың бұл сұрқия зұлымдықтарын тек әшкерелеп қана
қоймайды және оларды жай сынаушы да емес, ол қалың бұқара, еңбекші халық
атынан айыптаушы ретінде сөйлейді.
Поштаев, бір Айдабол баласы едік,
Екеуіміз бір қыстауға талас едік.
Шормановтың жыртысын өзің жыртып,
Етімізді қасқырдай жұлып жедік,−
деп бірді-бірге айдап салып, бейбіт елдің берекесін алып, ел арасын
үнемі айтыс-тартыстарға душар етіп отырған әкімдерді сөгеді. Ел бірлігінің, ел
тыныштығының жоқтығын да ақын замана әкімдерінен деп түсінеді [3, б. 32].
Он екі жыл айдадың Тобыл жаққа,
Ем болмас бастан бағың таяр шақта.
Дуан басы мен өзім деме, Мұса,
Балаң кетсің тоз-тоз боп әр тарапқа,-
деп ашына түседі. Ақын халық жауларына − өз дұшпанына айтып,
адамгершілік, әділет жолын ұсынып өктем сөйлейді.
Жаяу Мұса өз заманының сауатты азаматы болғандықтан, қазақ
өмірінің әлеуметтік қайшылықтарын басқалардан бұрын көріп, әділетсіздікті,
зорлық-зомбылықты әшкерелеуге талаптанады. Жаяу Мұсаның күрескерлігі
әлеуметтік жағынан алғанда саяси да саналы күрес. Оның наразылығының
негізі Шорман әулетіне кектенуден туған, дегенде жаңсақ пікірге әкеліп
ұрындырғандай. Жайдың отындай лапылдап, сұнқардай саңқылдаған ақын
көзқарасынан туған күрестің Сүйіндік атаның сүйкімді бұтақтары Айдабол –
қаржастың арасындағы дау-дамай, ессіз егестен гөрі де ауқымды да арналы.
Ол зорлықшыл заманның запыран құсарын сезген де обыр ойлы озбырлыққа
өлмес өнердің өшпес рухы, өр толқынымен қарсы тұрған [4, б. 37].
Жаяу Мұса 1905 − 1907 жылдардағы революциялық қозғалысты,
империалистік соғыс дәуірін көзімен көрді. Қазақ халықының 1916 жылғы
халық-азаттық көтерілісінің ішінде болды. Бұл кезде Жаяудың қартайған,
сексеннен асып кеткен кезі еді. Өз басына қолына қару алып, соғысқа
|