Дермотология деп аталады. Терінің маңызы



бет3/5
Дата15.12.2023
өлшемі25,42 Kb.
#139811
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ветеринариядағы дерматология

Тері асты қабаты немесе шел қабаты тері дермасының торлы қабатын жануарлар денесінің беткей шандырымен байланыстырып тұртын терінің төменгі қабаты. Шел қабаты борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Ол терінің қозғалмалылығын қамтамасыз етумен қатар, дене қызуын реттеуге қосады. Қойды жануарларда шел қабатында қор ретінде май ұлпасы жиналады. Жануарлардың түрлеріне байланысты шелдегі май қабаты дененің әр түрлі аумақтарында қорланады (өркеш, кұйрық т.б.). Бұл қабатпен ірі қан және лимфа тамырларының тораптары өтеді. Терінің қан тамырларының өрімдері мен тораптарында организмдегі қанның 10 %-ы қор ретінде сақталады.
Терідегі зат алмасуды қамтамасыз ететін қан және лимфа тамырлары әр түрлі тамырлар тораптарын түзеді. Олардың терідегі орналасу орындары да түрліше болады. Арналары кең ірі қан тамырларының торабы беткей шандыр мен терінің теріасты қабаты аралығымен өтеді. Екінші қан тамырлар торабы торлы қабаттың астында орналасады. Бұл тораптың құрамында веналық жалғамаларды (анастомоздарды) байқауға болады. Келесі жұқа қабырғалы қан тамырлар торабы дерманың торлы және емізікше қабаттарының шекараларында жатады. Ең жұқа қабырғалы қан капиллярлар торабы эпидермис пен емізікше қабаттың аралығында орналасып, аталған қабаттар арасындағы зат алмасу процесін қамтамасыз етеді. Осы әр түрлі деңгейде өтетін қан тамырлары өзара бір-бірімен байланысып, терідегі жалпы қан тамырлар торабын түзеді. Терінің бұлай белсенді тамырлануы, оның атқаратын қызметтерімен тікелей байланысты. Тамырлардың осылай орналасуы және олардың ішінде артерия-веналық анастомоздардың көп болуы, жануарлар дене қызуының тұрақтылығын реттеуге мүмкіндік береді.


Терінің дамуы. Жануарлар онтогенезінде тері эпидермисі сыртқы ұрық жапырақшасы эктодермадан, нағыз тері /дерма/ мезодерманың дерматомынан, теріасты қабаты — шел мезенхимадан дамиды. Іштегі дамудың алғашқы кезеңінде эпидермис бірқабатты эпидермоциттерден қалыптасып, соңынан оның құрылысы күрделеніп, көпқабатты эпидермиске ауысады. Құрылысы жағынан күрделену процесі мезодерма сомитінен қалыптасқан дермотом мен мезенхимада да қатар жүріп, олардан дерма мен шел қабаттары жетіледі. Іштөлінің даму мерзіміне қарай тері қабаттарымен қатар тері туындылары да күрделеніп жетіле бастайды. Осы кезеңдерде эктодермадан тері түктері мен бездері, майтабан, тұяқ, тырнақ, мүйіз дами бастайды. Іштөлі терісі мен оның туындыларының қалыптасу процесі жылқы мен сиырда 4-4,5 ай, қойда 2,5-3,5 ай, шошқада 2 ай мерзім ішінде негізінен аяқталады.
Тері туындылары организмнің даму процесі барысында тері кабаттарынан жетілетін мүшелер. Оларға: тері түктері, тер, май және сүт бездері, майтабан, мүйіз тұяқ, мүйіз және әр түрлі жануарларға тән арнайы бездер жатады.
Түк омыртқалы жануарлардың ішінде тек сүтқоректілерге тән тері туындысы. Түк әр түрлі жануарларда түрліше болып келеді. Тіпті, бір организмнің өзінде де, терінің түрлі аймақтарында құрылысы әр түрлі түктер кездеседі. Мысалы, түйе терісінде қасиеттері әр түрлі 5 түрлі түктер өсетін тері аймақтары ажыратылады. Түкті жабын жануарлар терісін сыртынан жауып, организмді суықтан, ылғалдан, әр түрлі механикалық және т.б. әсерлерден қорғап, денедегі жылылықтың сақталуын қамтамасыз етеді. Үй жануарларында тері түктерінің бірнеше түрлері кездеседі: қылшық, қыл, түбіт, жүн, ал пішіні мен мөлшеріне байланысты ұзын, қысқа, жуан, жіңішке түктерге ажыратылады.
Тері түктері орналасу орындары мен атқаратын қызметіне байланысты: жабынды, ұзын және сезімтал түктер болып үш топқа бөлінеді. Жабынды түктер теріні сыртынан жауып тұрады. Жылқы мен сиыр терісінің жабынды түктері қылшық, қой мен түйеде қылшық пен жүн талшықтары, ешкіде қыл мен түбіт. Биязы жүнді қой терісіндегі түктер тек жүн талшықтарынан тұрады. Ұзын түктерге жылқыдағы кекіл (сіггиз сарШз), жал шаша жылқы мен сиырдағы құйрық ешкідегі сақал жатады. Сезімтал немесе синуозды түктер сезімтал жүйке ұштарына бай болады. Олардың түк баданасы басқа түктерге қарағанда тереңде орналасады. Сезімтал түктер жануарлардың тұмсық, иек аймақтарында және көздің айналасында жекеленіп орналасады.
Түк тығыз да, иілгіш және серпімді мүше. Ол мүйізделген эпидермоциттерден құралған. Түктің тері бетіндегі көрінетін бөлігін түк сабағы, тері ішіндегі бөлігін түк түбірі деп атайды. Түк түбірінің терідегі пияз түбіріне ұқсас жуандап аяқталатын бөлігін түк баданасы – дейді. Түк баданасы түктің өсетін бөлігі. Бұл жерде түкті кұрайтын эпидермоциттер бөліну арқылы көбейіп, мүйізделіп түктерді құрап, олардың өсу процесін қамтамасыз етеді. Түк баданасының төменгі жағында, оның ішіне үңгілей еніп, керекті қоректі заттармен қамтамасыз ететін түк емізікшесі болады. Ол қан, лимфа тамырлары мен жүйке ұштарына бай борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады.
Тері түгі бір-бірінен анық ажырайтын үш қабаттан: кутикула, қыртысты қабат және түк өзегінен тұрады. Сыртынан түк жұқа кутикула қабатымен қапталған. Кутикула мүйізделген тым жұқа қабыршақтардан тұрады. Жануарлар тері түктерінің әр түрлі пішінде болуы осы кутикулаға байланысты. Кутикула тері түктерін химиялық және механикалык әсерлерлерінен, ылғалдан, жарықтан және т.б. зиянды фактолардан қорғайды. Тері түгінің негізін ортаңғы қыртысты қабат құрайды. Ол кутикуланың астында орналасады. Тері түгінің беріктігі, иілгіштігі, серпімділігі, созылғыштығы осы қыртысты қабатқа тікелей байланысты. Мысалы, бұл қабат түлен мен құндызда жақсы, ал қоян мен бұғыда нашар жетілген. Міне, осыған байланысты аталған жануарлар терісіндегі түктердің беріктігі әр түрлі болып келеді. Қыртысты қабатты ұзынша келген мүйізделген эпидермис торшалары түзеді. Бұл қабаттағы эпидермоциттерде түктің түрі-түсін анықтайтын бояғыш пигмент меланин болады. Үшінші ең ішкі қабат түктің орталығында жатқан түк өзегі. Бұл қабатты текше немесе көпбұрышты жартылай мүйізделген эпидермоциттер құрайды. Өзектің орталығындағы эпидермоциттер цитоплазмасында жұмсақ мүйізді зат кератогиалин болады. Өзектің шетіне қарай жақындаған сайын эпидермоцит цитоплазмасындағы кератогиалин элеидинге, одан соң қатты мүйіз кератинге ауысады.
Түк түбірін сыртынан түк қабы немесе түк фолликулы қаптап жатады. Ол екі қабаттан тұрады. Сыртқы түк қапшығы тамырлар мен жүйке ұштарына бай борпылдақ дәнекер ұлпасынан құралған. Ал ішкі қабаты түк түбірінің қабаты эпидермистің тері ішіне үңгілене енген жалғасы. Ол көп қабатты жалпақ мүйізделген эпителийден тұрады. Аталған қабаттар бір-бірінен негіздік жарғақпен бөлінген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет