Топтық жұмыс.
Топтарға оқулықпен қоса қосымша ақпараттық ресурс таратамын.
1 топ. Тәттілерден тез дайындалатын жеңіл тағам түрлері мен олардың құрамы туралы түсінгендерін «Постер»арқылы қорғайды;
Дескриптор. Білім алушы: 1. Түрлі тәттілерден дайындалатын десерттік тағамдар туралы түсінеді;
2.Өзара топта талқылайды;
3.Түсінгендерін постер арқылы қорғайды.
2 топ. Балмұздақтан дайындалатын десерт тағамдарының түрлері мен дайындалу әдістерін «Презентация» арқылы таныстырады;
Дескриптор. Білім алушы: 1. Балмұздақтан дайындалатын десерттік тағамдар туралы мағлұмат береді;
2.Дайындау әдістеріне тоқталады;
3.Өз жұмыстарын презентация арқылы таныстырады.
3 топ. Жемістерден дайындалатын десерттік тағамдар туралы жан-жақты мәлімет келтіре отырып, «Жобалау» әдісі арқылы бір түрін дайындап көрсетеді.
Дескриптор. Білім алушы: 1. Жемістерден дайындалатын десерттік тағамдар туралы жан-жақты ақпарат береді;
2. Жеміс-жидек десертінің мәзірін дайындайды;
3. Жеміс десертін әзірлейді.