Жай кездейсоқ – жалпы жиынтықтың арасынан ішінара бақылауға алынатын бірліктер кездейсоқ немесе жеребе арқылы іріктеп алынады.
Механикалық іріктеу – бұл әдісте жалпы жиынтық бірліктерінен белгілі бір қашықтықта жатқан бөліктері өзіндік тәртіппен іріктеліп алынады. Мысалы: тігілген аяқ киімнің әрбір бесінші немесе оныншы бірліктері тексеруге алынады.
Типтік іріктеу: ішінара бақылаудың осы әдісінде жалпы жиынтық бірліктері өздеріне тән типтік белгілері бойынша жеке топтарға бөлінеді, содан соң пропорциялық үлесі арқылы әр топтан кездейсоқ немесе механикалық әдіспен зерттеуге жататын бірліктер іріктеліп алынады.
Сериялы іріктеу – бұл әдісте жалпы жиынтық бірліктерінен іріктеп алу сериялармен, топтармен алынады, әр серия, топ бірліктері жаппай бақылауға толығымен алынады, ал одан шыққан қорытынды көрсеткіштер жалпы жиынтыққа таратылады.
Ішінара бақылау әдісін қолдану кезінде алынған көрсеткіштердің дұрыстық дәрежесін анықтау үшін жіберілген қатенің шамасын білу қажет. Қате деп нақты факті мен зерттеу көрсеткіштерінің арасындағы сәйкессіздікті, айырмашылықты айтады.
Оның өзі тіркеу қатесі және ішінара бақылауда жіберілетін репрезентативті (өкілдікті) қате болып екіге бөлінеді:
Тіркеу қатесі - әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерге әсерін тигізетін себептерді дұрыс анықтамаудан тұратын қате.
Достарыңызбен бөлісу: |