Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


Компьютерлік технологияларды химия сабағында қолданудың тиімділігі



Pdf көрінісі
бет44/48
Дата31.12.2016
өлшемі5,5 Mb.
#845
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48

Компьютерлік технологияларды химия сабағында қолданудың тиімділігі 
Электрондық оқулықпен оқыту әдісі 

 
Модульдік жүйемен жазылған 

 
Зертханалық-сарамандық жұмыстар қамтылған 

 
Тест жұмыстары 

 
Сан есептері  
Интерактивті оқыту әдісі 

 
Кез келген педагогтың  интерактивті білімі мен біліктілігін қалыптастыру;  

 
интерактивті жабдықтармен жұмыс жасау технологиясын меңгерту;  

 
интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерін  оқу үрдісін сапалы түрде өткізу әдістеріне  
қолданудың біліктілігін қалыптастыру;  

 
он-лайн режимінде жұмыс жасауды ұйымдастыру икемділіктерін қалыптастыру;  

 
ақпараттық-коммуникациялық  технологияларын  қолдану  бойынша    біліктілік 
құзырлылығын көтеру.  
Химия ырыс бұлағы  

322 
 
Шалқыған байлық, мол дәулет 
Құдіретті біздің ой 
Аялап  күтіп  тұр  алда  Болашағымыз-нұр  сәулет.  Сенде  байлық,  сенде  ырыс 
Сенімен өмір сәнді ғой 
Пәні 
10 "Б"  сынып Химия 
Сабақтың 
тақырыбы 
8.7 Кремний және оның қосылыстары 
Мақсаты 
Кремний  және  оның  қосылыстарының  қасиеттерін  логикалық  ойлауын 
дамыту. 
Оқыту 
нәтижелері 
-
 
Кремнийдің атом құрылысын біледі; 
-
 
Кремнийдің  қасиеттерін біледі; 
-
 
кремний қосылыстары бойынша ажырата біледі; 
-
 
өзара  әрекет  арқылы  бір-бірімен  кеңесу,  тақырыпқа  сәйкес 
түсініктерін одан ары дамытады. 
Сілтеме 
Марта Бронсон  өзін-өзі реттеу; СТО;  Александер  Диалог негізінде оқыту;  
АКТ.  Мұғалімдерге арналған Нұсқаулық -2012ж     
Сабақ 
кезеңдері 
Мұғалімнің іс-әрекеті  
 
Оқушының іс-әрекеті 
 
 Ұйымдастыру 
2 мин 

 
Амандасу; 

 
психологиялық ахуал 
туғызу; 

 
топ ережесімен таныстыру; 

 
Бағалау критерийлерін 
түсіндіру 

 
топ ережесіне бағынады 

 
бағалауды түсінеді 
 
Білу, тану 
5 мин 
№1.  Мұғаліммен  оқушының 
диалогі 
1. Көміртектің құрылысы мен 
физикалық қасиеттері қандай 
екенін түсіндіреді? 
2. Көміртек  қай жерлерде 
кездесетіні бойынша 
сипаттайды? 
3. Көміртек қандай заттармен 
әрекеттесетінін жазады? 
4. Көміртектің қосылыстарын 
атап өтеді? 
5. Көміртек қосылыстарын  
қайда  қолданатын айтады? 
№2 Бейнефильмнен көрген 
көріністі талдау арқылы жаңа 
тақырыпты ашу. 
 
1. Көміртектің құрылысын, физикалық 
қасиеттерін, табиғатта таралуын
химиялық әрекеттесуін, қолданылуын 
кері байланыс арқылы ойларын айтады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Түсіну 
20 мин  
Оқушылар смайликтер арқылы 
топқа бөлінеді. 
1-топ: 
  Кремнийдің  атом   
құрылысы, табиғатта таралуын 
2-топ: 
 
Алынуы 
мен 
физикалық қасиеттерін 
3-топ: Химиялық қасиеттерін 
4-топ:  Кремний  (ІV)  оксиді, 
кремний 
қышқылы 
және 
силикаттар 
1-топ:    Кремнийдің  атом      құрылысы, 
табиғатта таралуын орындайды. 
2-топ:  Алынуы мен физикалық қасиеттері 
туралы ойларын айтады 
     Кремнийдің 
аллотропиялық 
түр 
өзгерісін талдайды. 
 
 
 
 

323 
 
5-топ: 
Қолданылуын  оқып 
түсініп  дәптерге  анықтама 
жазады. 
 
 
 
 
 
 
3-топ: Химиялық қасиеттерін орындайды. 
Si+O
2
=SiO
2
                Si+2Mg=Mg
2
Si      
Si+2H
2
=SiH
4
            SiH
4
+2O
2
=SiO
2
+2H
2
O   
SiO
2
+Na
2
O=Na
2
SiO
3
 
K
2
SiO
3
+2HCI=H
2
SiO
3
+2KCI              SiO
2
+2C   
t   SiC+2CO 
4-топ:  Кремний  (ІV)  оксиді,  кремний 
қышқылы 
және 
силикаттар 
туралы 
талдайды. 
5-топ:  Қолданылуы  бойынша  ойларын 
айтады. 
Олар  оқып,  түсініп,  дәптерлеріне    түртіп 
жазады. 
Қолдану 
7 мин 
№3. 
Топтар 
өздерінің 
берілген 
тапсырманы постерге салады. 
№4  
Si      Mg
2
Si     SiH
4
     SiO
2
  
Реакцияны жүзеге асыр. 
Кремний  және  олардың  қосылыстарын 
сызба-нұсқа  бойынша  кластерге,  сурет 
бойынша постерді түсіріп, қолданады. 
Тізбекті реакцияны жүзеге асырады. 
Талдау 
5 мин 
№5.  
1-нұсқа 
1.Жер  қыртысының  негізі      А) 
көміртек В) азот С) кремний  
2.Құмның  формуласы    А)  Si 
В)SiO
2
 С) SiO 
3.Кремний 
деген 
атауды 
ұсынған 
ғалым.   
А)Д.И.Менделеев 
 
В)И.П 
.Павлов  С) Г.И.Гесс  
4. 
Кремнийдің 
жер 
қыртысындағы  массалық үлесі  
А)24 % В)25 % С) 27% 
5.Периодтық  жүйеде  кремний 
қай топта ?А)ІҮ  В)І  С) ІІ 
2-нұсқа 
6.Кремнийдің  реттік  нөмірі  А) 
12 В)13 С) 14 
7.  Кремнийдің  салыстырмалы 
атомдық  массасы      А)  24  В)25 
С) 28 
8.  Кремнийдің  аллотропиялық 
түрөзгерісі  А)аморфты  және 
Сұрақтар бойынша орындайды. 
Кристалды
металдық
жылтыры бар
,
қою сұр түсті
қатты зат
Аморфты  
Қоңыр 
ұнтақ 

324 
 
кристалды    В)  иілімді  және 
кристалды  С)  алмаз  және 
графит  
9.Кремний 
оттегімен 
қосылысында  неше  валентті?  
А)2   В)4    С) 3 
10.Кремнийдің  латынша  атауы  
А)силициум  В)  аргентум  С) 
гидрогениум  
ЖАУАПТАРЫ :1-С 2-В 3-С 4-
В 5-А 6-С 7-С 8-А 9-В 10-А 
Бағалау  кри  -
терийлері 
2 мин 
 
 
Белсенді қатысып отыруы; 
 
Өткен  тақырып  бойынша 
өз ойын еркін жеткізуі; 
 
тапсырманы  орындауы; 
 
Тақырыптың    маңызын 
түсінуі; 
 
бірін-бірі  бағалауын; 
 
постермен  жұмыс  жасай 
алуын; 
Бірін-бірі бағалауда шешім қабылдайды.  
 
Жинақтау 
3мин 
 6-тапсырма 
Постермен 
жұмыс 
Берілген 
тақырыпты 
тұжырымдайды. 
Берілген тақырыпты бекітеді; 
Стикерге рефлексия жазады. 
Келесі 
тапсырма 
1 мин 
8.7  Кремний  және  оның 
қосылыстары. 
 
 
Өз  ойымды  тәжірибем  бойынша  қорытатын  болсам,  тиімді  жақтары  мыналар:  әр 
оқушы  өздігінен  жұмыс  істеп,  ұжым  құруға  дағдыланады;  оқушының  жеке  қабілеті 
айқындалады;  іштей бір  –  бірінен  қалмауға тырысады; ойлау қабілеттері  артады; екеуі  ара 
пікірлесіп, бір шешімге келе алады;  пәнге деген қызығушылығы артады; шығармашылықпен 
жұмыс  істеуге  тәрбиелейді;  қосымша  мәліметтер  береді;  өз  білімін  шыңдауға 
көмектеседі.уақытын  үнемдейді;  көрнекілікті  өзі  жасай  алады;  компьютерлік  сауаттылығы 
ашылады;  Қиындық жағы не? Оқушыға көп қиындық жоқ болғанымен мұғалім үшін туғызар 
қиыншылықтар  бар.  Әсіресе,  химия  пәні  кезінде  жұптардың  құрамы  ауысып  отырғанда 
«мұғалім» болған оқушы көмектесетін оқушыға өз білімін толық жеткізе алмаса, өзіндік кері 
пікір  пайда  болып,  тоқтамға,  яғни  белгілі  бір  түйінге  келе  алмауы.  Бұл  әдісті  мен  өзім 
рольдік ойын түрі десем де болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

325 
 
ӘОЖ541.124  
 
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ  ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ 
ТӘРБИЕЛЕУ 
    
Урисбаева А., Әліпбекова М., Қожаханова Ж., 1курс магистранттары   
Ғылыми жетекшісі: Таубалдиева Ж.Ш., профессор., п.ғ.к. 
 І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ., 
z.taubaldieva @mail.ru 
 
Ұлттық  ойындарының  да  өзіндік  тарихы,  даму  жолдары,  қалыптасу  кезендері  бар. 
Қазіргі  кейбір  тарихи  деректерге  қарағанда,  бізге  жеткен  ұлт  ойындарының  біразы  сонау 
көне заманнан бері келе жатқаны белгілі болып отыр. Демек, Қазақстан жерінде қалыптасқан 
алғашқы қауымдық құрылыс кезеңі халқымыздың ұлттық ойындарын да тұғызған. «Бес тас», 
«Асық», «Садақ ату» сияқты ұлт ойындары шамамен алғанда осыдан бес мың жылдай бұрын 
ойналғаны  жайында  айта  келіп,  ағылшын  ғалымы  Э.Маккей  «...  бұл  ойындардың  барлығы 
дерлік Азия елдерінде тайпалы одақтардың арасында таралғанға ұқсайды» - дейді[1,20 б].. 
Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде қалыптасқан, «аң аулау» - 
«таяқ  жүгірту»,  «садақ  ату»  -  «жамбы  ату»,  «қақпа  тас»  -  «бес  тас»,  «қарагие»  -  «найза 
лақтыру» болып аттары өзгеріп, мазмұндары сақталып қалған. Басқасын қойғанда, күні бүгін 
бәрімізге әйгілі «ақ сүйек» ойынының бірнеше аттары бар екені анықталады. Мысалы, әйгілі 
ғалым-этнограф Ә.Диваевтың еңбегінде «орда:, орыс дәрігері Е.Покровскийде – «тоқтышақ» 
делінсе  А.Алектровта  –  «ақ  сүйек».  Ұлт  ойындарының  жалпы  қалыптасу  кезеңі  біздің 
заманымызға  дейінгі  VII-IV  ғасырлардағы  қазақ  жеріндегі  көшпелі  тайпалардың  құралу 
дәуіріне тура келеді. Мәселен, күні бүгінге дейін мәнін жоймаған «асық» ойнына кез келген 
сүйек  емес,  малдың  асықтарын  алған,  «бес  тас»  ойынына  тек  қолға  ұстағанға  ыңғайлы 
домалақ  тастар  «қарагие»  ойнына  қолға  түскен  ағаш  емес,  қайын  немесе  ырғай,  тіпті 
табылмаған жағдайда талды пайдаланған. 
Демек,  бұл  табиғи  заттар  өндірісітік  қатынастардың  дамуына  қандай  әсерін  тигізсе, 
ұлт ойындарының қалыптасуына да сондай маңызы ықпал етті.  
Бізге  белгілі  малмен  жүрген  көшпелі  руларда  киіз  үйден  басқа  баспаның 
болмағандығынан, тек ашық алаңдарда ғана ойналатын «ақ сүйек», «алтыбақаен», «айгөлек», 
«арқан  тартыс»,  «соқыр  теке»,  «түие-түие»,  «белбеу  тастау»,  «монданақ»,  «түйілген  шыт», 
«ақ  серек,  көк  серек»,  «көрші»,  «шалма»,  «шертпек»,  «шымбике»,  «инемді  тап», 
«қарамырза», «сиқырлы таяқ» т.б. ойындар шыққан [3,12б.]. 
Келе – келе алғашқы қауымдық құрылыс кезінде қалыптасқан ұлт ойындарына өзгеріс 
еніп,  топқа  бөлініп  ойнайтын  ойындар  туа  бастады.  Олардың  алғашқыларының  бірі  –  «ақ 
сүйек». 
Бұл  жүгіріп,  күш  көрсетіп  ойнайтын  ойын  болғандықтан,  өкпенің  жұмыс  қабілетін 
арттырып,  денені  шынықтырып,  жүйріктікке,  шапшаңдыққа,  батылдыққа  тәрбиелейді, 
сондай-ақ  қараңғыда  жол  табуға  көзді  жаттықтырады,  қоршаған  ортаны  дұрыс  бағдарлай 
білуге үйретеді. 
Сонымен  қатар  «асық»  ойыны  да  көне  ойындардың  бірі.  Кейін  келе  Қазақстан 
территориясының  барлық  жерінде  дерлік  «асық»  ойынының  белгілі  бір  жүйеге  келтірілген 
түрлерін  таратты.  Асықты  қынаға  қайнатып,  бояп,  ал  қына  болмаған  жағдайда  қарағай 
қабығына бояп отырған. Содан кейін сақаның табанын қайрап, алшы түсу үшін қарсыласына 
білдірмей  алшысын  тесіп,  қорғасын  құйып,  тесіктің  бетіне  сүйек  қағып,  қайрап  қоятын 
болды.  Бұл  әдістер  біздің  ойымызша  ойыншының  қарсыласынан  қулығын  асыру  немесе 
әділетсіз  іс  деп  ойламаймыз,  керісінше,  жеңіске  жету  жолындағы  адал  күрес,  ізденіс  деп 
білеміз [4, 12б.]. 
Көптеген  этнографиялық  деректер  алғашқы  қауымдық  қоғамның  өзінде  –  ақ  дене 
тәрбиесінің дами бастағанын дәлелдейді. Мәселен, «аламан бәйгенің» пайда болуын алғашқы 

326 
 
қауымдық  қоғамның  ыдырап,  жеке  меншіктің  пайда  бола  бастаған  кезеңіне  жатқызуға 
болады.  
Тарихи  әдебиеттерде  «Аламан»  деп  атты  әскердің  шабуылын  атаған  және  «Аламан» 
ұғымына  шабуылдың  жақсы  қаруланған,  ат  құлағында  ойнайтын  жеке  адамды  да  атаған. 
Осының нәтижесінде тезімі әрі  епті  жауынгер  – аламанды тәрбиелеу мақсатында,  «Аламан 
бәйге» жарысы дүниеге келді дейміз.  
Қазақ  жерінде  біздің  дәуірімізге  дейінгі  VIII-VII  ғасырларда  скифтік  тайпалар  – 
сақтар  мекендеген.  Олар  бірнеше  күрделі  одаққа  бірігіп  көшпелі  өмір  сүріп,  негізінен  мал 
шаруашылығымен айналысқан.  
Сақтар  күшті  әрі  жауынгер  халық  болған,  олардың  бұл  қасиеттерін  көрші  халықтар 
жоғары  бағалаған  еді.  Сақтарда  үйлену  тойы  құрметіне  спорттық  жарыстар  өткізу  дәстүрі 
болып отырған. Бұл дәстүр бойынша күйеу жігіт қалындықты тек жарыста жеңу арқылы ғана 
үйленуге халқысы бар еді. 
Жарыстың  бүл  түрі  қазақ,  қырғыздың  «Қыз  бөрі»  ойынына  ұқсайды  деп  антикалық 
хроникалық  әдебиеттерде  көрсетіледі.  Мазмұны  осыған  ұқсас  ойындарды  кейінірек  Марко 
Поло  өзінің  Жетісуға  саяхаты  кезенде  кездестіргенін  жазады.  Бұл  ойындардың  мазмұнына 
талдау жасай келе, қазіргі күнге дейін өзгеріссіз жеткен ұлттық «Қыз қуу» ойыны жоғардағы 
ойындардың негізінде пайда болды деп айтуға толық болатынын айқындайды [5, 15б.]. 
 «Тоғыз  құмалақ»  ұғымы  көптеген  мамандарға  бұл  ойын  қазақ  ойыны  немесе  Орта 
Азия  халықтарының  ойыны  деген  түсінікке жетелдейді.  Бұл  тұжырымды  дұрыс  деп  айтуға 
болмайды, себебі, «Тоғыз құмалақ» ұғымы бертін келе пайда болған, ал ойынның өзі кейбір 
халықтар мен тайпаларға осыдан 4,5 мың жыл бұрын белгілі болған. 
Біз әзірге «Тоғыз құмалақ» ойыны Орталық Африка елдерінде емес Шығыс елдерінде 
алғаш  болды  деп  тұжырымдауға  толық  дәлеліміз  жоқ,  бірақ,  көптеген  стол  үстінде 
ойналатын  ойындар,  оның  ішінде  «Тоғыз  құмалақ»  ойынының  да  таралуы  Орта  Азия  мен 
Қазақстаннан  бастап  Үнді  ман  Орталық  Африка  елдеріне  дейін  жеткен,  оның  үстіне,  бұл 
халықтардың  жер  аралық  қарым-қатынастары  біздің  дәуірімізге  дейінгі  IV  –  III 
мыңжылдықтарда жүзеге асқан көрінеді. 
Түрік  қағанаты  дәуірінде  тайпалар  біртіндеп  көшпелі  өмірден  белгілі  жерлерге 
тұрақтай  бастаған.  Қағанат  жерлерінде  көптеген  қалалар  бой  көтере  бастайды.  Қазіргі 
Жамбыл  қаласының  орнында  болған  Тараз  қаласы  күрделі  сауда  орталығы  болыпты.  Жыл 
сайынғы сауда жәрменкесіне көптеген көпестер, әнші – музыканттар, ат қулағында ойнайтын 
шабандоздар,  құралайды  көзден  ататын  мергендер,  палуандар,  құсбегілер  осы  қалаға 
шоғырланатын болыпты. 
Үнемі көшіп кету өмірі рухани тәрбиесінің дамуына да өз әсерін тигізді. Негізінен ат 
үстінде  жүріп  ойнайтын  ойындардың  ұлттық  түрлері  жақсы  қарқынмен  дамыды.  Қазақтар 
атқа  міне  білу  өнерін  жас  кезінен  бастап  меңгерген,  тіпті  туғаннан  десе  де  болады,  себебі 
аналары  жас  нәрестелерін  ат  үстінде  әлдилеп  жүрген.  Бала  үш  жасқа  толғаннан  бастап  өзі 
жеке атқа мінуге байланысты ата  – аналары ат шаптырып той жасап, онда түрлі  жарыстар, 
ақындар айтысы, әншілер, күйшілер, бишілер қатысқан. Ойын  – сауық аяқталған соң ерлер 
жағы тарайды да киіз үйде тек әйелдер қалады. Олар баланы көтеріп алып, әкесіне береді, ал 
әкесі  баланы  ауылдын  ақсақалына  тапсырады.  Ал  ақсақал  «жігітті»  атқа  мінгізіп  бүкіл 
ауылды аралап силық жинаған. 
Қазақ  халқы  ұлт  ойындарына  бай  халықтардың  бірі.  Бірақ  ол  ертеде  ауызекі  туып, 
жалпақ жұртқа ауызекі таралып отырған да, сондықтан көпшілігі бүгінгі күнге жетпей, ұмыт 
болып кеткен. Қазақтың ұлттық ойындары туралы қағаз бетіне түскен алғашқы деректер ХІІІ 
ғасырдан  басталады.  Оны  алғаш  жинап  Европа  жұртшылығына  таныстырған  Италия 
саяхатшысы  Плано  Карпини  болды.  ХІІІ  ғасырда  Европа  халқына  Моңғол  тарихын 
таныстыру мақсатымен саяхатқа шыққан П.Карпини Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен 
кезінде осы өңірді мекендеген ру – тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын-сауықтары 
жайлы көптеген материалдар жинаған [5,45б.]  

327 
 
Қазақ  топырағына  ағартушылар  қозғалысының  туын  алғаш  көтерген  Шоқан 
Уәлиханов  ұлт  ойындары  жөнінде:  «Ұлт  ойындарының  қалыптасуы  тек  балаларға  ғана 
көректігімен дамып қойған жоқ, ересектердің күнділікті тіршілігіндегі қозғалысы мен көніл 
көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі еңбектің бір түрі ретінде де дамыды. Мәселен, әртүрлі 
қимыл әрекетті ойындар мен асық ойындар тайпалық одақтарда ересектер арасында дамыды 
да, кейін келе жасөспірімдерге қалды» - деп жазады. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген көрнекті ағартушы, демократ Ыбырай 
Алтынсарин  қазақ  балалрына  мінездеме  бере  келе,  оларды  табиғатынан  дарынды,  талапты 
деп  атап  көрсетеді.  «Еңбек  әулетіндегі  қазақ  балаларының  қиын  өмір  жағдайы  олардың 
интелектіне  із  қалдырған,  тапқырлығын,  сезімталдығын  арттырған.  Қазақ  баласы    қимыл 
қозғалыстарының  арнайы  логикасы  бар,  құрамына  әзіл  –  ысқақ  элементтері  кіретін 
ойындарды, әңгіме ертегілерді сүйген». 
Бала ойын үстінде қоршаған орта жайлы алғаш түсініктерін алады, өз бақылауларын 
жасап,  тәжірибе  жинақтайды.  Бұл  жөнінде  ұлы  ойшыл  Абай:  «Адам  туғаннан  дарынды 
болмайды,  ол  көп  нәрсені  көріп,  оған  баға  бергеннен  кейін  жаманды  жақсыдан  ажырата 
біледі» - деп көрсеткен. 
Ал  Абайдың  тікелей  ұлт  ойындарына  көзқарасына  келсек,  ол  көптеген  ұлттық 
спорттық  ойындарды  жақсы  көрген.  Абай  шығармаларында  бәйге  ойыны  жайлы  да  көп 
айтылады. Ол өзінің бір әңгімесінде: Егер бәйгеге 100 ат қосылып, біреуі сыйлық алса, бірақ 
бірініші емес, онда одан сенің алдында неше ат келді деп сұрайды. Сенің соңында неше ат 
келгенін сұрағаннан не пайда? Артта қалған қатысушының менің соңымнан бес ат келді деп 
қуанғанынан не пайда? Тек біз ғана жаман емес екенбіз деп өзін өзі жұбатқанның қажеті не? 
Абай  халықты  өзіне  жақсы  пайдалы  өнегелі  бағытта  тәлім  тәрбие  алуға 
шақырады.Абайдың 
«Тоғыз 
құмалақ» 
ойынын 
үйренуге 
арналған 
үйірмелер 
ұйымдастырғаны  да  белгілі.  Бұл  ойынды  ойнауға  Абай  ауылына  жан-жақтан  ойыншылар 
жиналып  тұрғаны  да  мәлім.  Ол  әрқашан  өзімен  бірге  осы  ойынға  қатысты  заттарды  үнемі 
алып  жүріп,  қолайлы  жағдай  туса  жарыстар  ұйымдастыра  жүрген.Абай  сияқты  қазақтың 
ұлттық  ойындарына  өзінің  көзқарастарын  қалдырған  атақты  адамдар  көп  емес.  Бұл 
тақырыпқа  арналған  оның  шығармалар  ұлттық  ойындар  тарихын  зерттеуге  үлкен  көмек 
тигізетіні анық.«Адам ата – анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе 
дүниедегі жақсы – жаманды таниды дағы, сондайдан білгені көргені көп болған адам білімді 
болады»  -  дейді  Абай.  Оның  бұл  пікірі  ойынға  да  толық  қатысты  деп  есептейміз.Абайдың 
сүйіп  ойнайтын  «Тоғыз  құмалақ»  ойынына  жақынырақ  тоқталар  болсақ,  бұл  ойынның 
фотосуреті мен ойнау тәртібін қағаз бетіне алғаш түсірген этнограф Н.Пантусов 1906 жылы: 
«Бұл ойын өте көне және кім ойлап тапқаны белгісіз. Ол қазақтың үш ордасының барлығына 
тегіс  тараған»,  -  деп  жазды.  Қазір  бұл  ойының  тарихы  жайында  Н.Пантусовтың 
көрсеткенінен  гөрі  анығырақ  айтуға  болатын  деректер  ашылды.  Қазақстан  Республикасы 
ғылым  академиясының  корреспондент  мүшесі  Ғ.Мұсабаев  жүргізген  этнографиялық 
зерттеулері  нәтижесінде  «Тоғыз  құмалақ»  тас  бетіне  қашалып  салынған  таңбалар.  Ғалым 
мұны  біздің  заманымыздан  бұрын  салынған  суреттермен  қатарлас  қарап,  көне  дәуірге 
жатқызады. 
Біз бұл ізденіс жұмысыңда халық ойындарының даму тарихын зерттей келіп, бірнеше 
ғасырлардан өтіп, бізге дейін жеткен өзінің пайда болған кезінен бастап адамзаттың көптеген 
ұрпақтарына  тәрбие  және  оқыту  құралы  болып  қызмет  еткеніне  көзімізді  жеткізе  отырып 
қысқаша  шолу  жасадық.Тарихының  көнелігіне  қарамастан  ойын  үнемі  жаңа,  ол  тот 
баспайтын, ескірмейтін нәрсе. Өйткені күн сайын дүниеге келіп жататын сәбилердің қиялын 
қозғап, сезімдерін аялайтын, денеге қуат, жанға саулық беріп, рухани азық болатын да – осы 
ойын.Қорыта  келе,қазақтың  көне  ұлт  ойындары  кәзіргі  кезде  көкейкесті  мәселе,себебі 
мектепте  денешынықтыру  сабағында  және  жоғары  оқу  орныдарының  спорт  мамандығында 
ұлт ойындарын жандандырып,оны практика жүзінде іске асырса болашақ жастарымыздың өз 
ұлтының өнерін сүйіп қадірлейтіні сөзсіз деп білеміз.  
 

328 
 
ӘДЕБИЕТТЕР  
1.
 
Қазақстан мектебі. Алматы.2011. №5, 20 бет.  
2.
 
Абсолямов  Г.Ш.  «РСФСР-дағы  спорттың  ұлттық  түрлері»  Дисс.пед.ғыл.канд. 
Москва. 1957. 
3.
 
Агаев  Г.Г.  «Использование  опыта  применения  азербайжанских  народных  игр  в 
школах Азербайжана» Дисс.канд.пед.наук Баку. 1965. 20 б. 
4.
 
Алекторов  Е.А.  «Киргизский  праздник  -  байге»  «Оренбургский  листок»  1987  ж. 
№31 
5.  Алекторов  Е.А.  «Праздничные  игры  и  забавы  Киргизов»  «Оренбургский  листок» 
1888. №  
 
 
574:37.015.3(045) 
 
АЙМАҚТЫҚ  БІЛІМ  МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ  ӘДІСТЕР  МЕН  ОҚУ  
ФОРМАЛАРЫН  ПАЙДАЛАНУ 
 
Утегенова К.Р. 
«Ы. Алтынсарин  атындағы орта мектебі» КММ, Қарасай  ауданы, Шамалған  бекеті, 
altinsrin71a@mail.ru
 
 
«Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ,  ол біліктік сол білімді  іске асыру дағдысы»  . 
(Ахмет Байтұрсынов)   
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған 
маман  —  уақыт  талабы.  Кеше  ғана  көк  туын  желбіретіп  шаңырақ  көтерген  егемен  елімізді 
өркениетке  жетелейтін  білім  бастауында  мектеп,  ал  сол  мектепте  жас  ұрпақ  бойына  білім 
негізінің  мәңгілік  іргетасын  қалаушы-  ұстаз  тұрады.  «Мұғалімдер-  қоғамның  ең  білімді,  ең 
отаншыл,  білгілеріңіз  келсе,  ең  «сынампаз»  бөлігі  болып  табылады»,  —  деп  Елбасы 
Н.Ә.Назарбаев  бекер  айтпаса  керек.  Сондықтан  да  бүгінгі  таңда  тәуелсіз  елімізге  білікті 
маман, өз ісінің шебері қажет. 
Заман талабына сай оқушыларға білім беру, олардың адамгершілік, интеллектуалдық 
дамуының  жоғары  деңгейі  мен  білімін  қамтамасыз  етуге  бағытталған  оқытудың    үздіксіз  
үрдісі  десек,  оның  тиімділігі  мен  сапасын    арттыру  мұғалімнен    оқу  процесінің    ғылыми  
теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы 
әдістеріне  көшуді  талап  етеді.  Ондағы  негізгі  мақсат  оқушыға  сапалы  білім  беру  болып 
табылады.  Бүгінгі  таңда  жас  ұрпаққа  кез    келген    пәнді  ұғындырудың  тиімді  жолы  – жаңа 
технология негіздері болып саналады. 
Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнін  оқытуда  жаңа  технологияларды  пайдалану  мұғалім  
үшін    қандай  маңызды  болса,  ол  оқушы  үшін  одан  да  маңызды.  Жаңа  технологиялар 
оқушылардың  білім  сапасын арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін  молайтуға  көп  
көмегін тигізеді. 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  атап    айтқандай,  Қазақстанның  болашағы  қазақ  тілінің 
дамуына,  тағдырына  тікелей  байланысты.  Сондықтан  да  орыс    мектептерінде  мемлекеттік 
тілдің  оқытылу  жағдайына  көп  көңіл  бөлініп  отыр.  Осы  тұрғыда  жаңа  технологияларды  
қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында  кеңінен пайдаланамыз.  
Бүгінгі  оқыту  жүйесінде  әртүрлі  жаңа  технологияларды  пайдалану  тәжірибеге  еніп, 
оңды нәтижелер беруде. Әрбір сабақта оқытудың тиімді түрлі әдіс – тәсілдерін енгізіп жүрсе, 
білім  сапасына  елеулі  әсер  етеді.  Кез  келген  сабақты  қызықты  өткізу  үшін  әрбір  ұстаз 
жаңалыққа ұмтылып, ізденіс үстінде болғаны абзал. 
Соңғы  жылдары  оқытудың  жаңа  технологиялары  аймақтық  білім  беру  саласында   
кеңінен  қолданылып    жүрген  инновациялық    әдістер    мен    оқу    формаларын    пайдалануда 
отандық  әдіскер  ғалымдар  жасақтаған  «Модульдік  оқыту  технологиясы»  (М.Жанпейісова), 

329 
 
«Деңгейлік тапсырмалар» (Ж.Қараев), әсіресе қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына арналған 
«Сатылай  кешенді  талдау»  (Н.Оразақынова)  т.б.  технологиялары  мұғалімдердің 
қызығушылығын арттырып, оқу үдерістеріне кеңінен ендірілуде. Мұндай әдіс – тәсілдер мен 
оқытудың  жаңа  технологиялары  туралы  арнайы  еңбектер  мен  ғылыми  –  әдістемелік 
тұрғыдан  баяндайтын  құралдар,  түрлі  курстар  мен  білім  сатысы  оқулары  арқылы 
мұғалімдердің  әдіскерлік  шеберліктерін  ұштауларына  мүмкіндіктер  мол.  Сондықтан  түпкі 
нәтижені таңдаудың, оны мақсатқа сай ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқыту әдістерінің 
кез  келген  түрін  белсенді  әрекетке  айналдыру  –  мұғалімнің  әдіскерлік  шеберлігі  мен 
шығармашылық  ізденісіне  байланысты  болмақ.  Оқыту  әрекетінде  жеке,  топтық,  ұжымдық 
жұмыстарды  оқу  мазмұны  мен  мақсатқа  сәйкес,  үйлесімді  түрде  жүргізудің  қажеттілігі 
осыдан туындайды.        
Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі қазақ тілі мен әдебиеті сабағында менің қолданып  
жүрген әдістерімнің бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясы. Бұл 
технология  18  елдің  тәжірибесіне  енгізілген.  Бұл  технология  оқушылардың  сабаққа  деген 
қызығушылығын  арттырады,  ойлау  белсенділігін,  тапқырлығын,  өзіне  деген  сенімділігін, 
іскерлік дағдысын қалыптастырады. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша сабақ 
құрылымы  қызығушылықты  ояту,  мағынаны  ажырату,  ой  толғаныс  кезеңдерінен  тұрып,  әр 
кезеңдегі  тәрбиелік  және  оқу  мақсаттары  әр  түрлі  стратегияларды  қолдана  отырып,  алға 
мақсат  қою,  мәселені  зерттеу,  жауап  іздеу,  оқушылардың  өз  ойларын  ашық  айта  білуге 
тәрбиелейді. 
Нақты  айтқанда,  «Оқу  мен  жазуды  сын  тұрғысынан  ойлау»  стратегиясы  сабақты 
жоспарлауда  өте  тиімді.  Мұнда  оқушының  ойы  шыңдалып,  өз  даму  деңгейіне  сай 
жетістіктерге  жетуге  болады.  Сын  тұрғысынан  ойлау  жобасы  мынадай  үш  құрылымнан 
тұрады: 
– қызығушылықты ояту; 
– мағынаны тану; 
– ой толғаныс. 
Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Соңғы кезеңде 
оқушы өз шығармашылық қабілетін таныта алады. 
Педагогикалық  қызметтің  басты  мақсаты  оқушылармен    оқу-тәрбие  жұмысы  
барысында    жаңа  педагогикалық  технологияларды  ұтымды  пайдалану.  Ол  үшін  жаңа 
технологияларды 
игеру 
және 
оны 
шығармашылықпен 
дамыту, 
инновациялық 
технологиялармен білім беру.  
Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  сабақтарында  жаңа  технологияларды  қолдану  арқылы 
оқушылардың  таным  белсенділігін  арттыру,  қазіргі  қоғам  талабына  сай  ой-өрісін  дамыту, 
шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті  тұлғаны жасау, заман 
сұранысына  сай  ізденімпаз  тұлғаны  қалыптастыру.  Атап  айтқанда,  оқыту  процесінің 
нәтижелі  болуы  оқытушының  сабақ  беру  шеберлігіне,  сабағын  қызғылықты  жүргізіп,  зейін 
қойдыра  білуіне,  оқушылардың  өздігінен  білім  алуға  үйренуіне  байланысты.  Қандай  да 
болмасын  жаңа  әдіс-тәсілдер  әрбір  оқушының  өз  бетімен  оқып  үйренуіне  сенімін  ұялатып, 
шығармашылықпен  жұмыс  істеуіне,  қорытынды  жасай  алуына,  сөйлеу  мәдениетінің  өсуіне 
ықпал  етеді,  білім  сапасын  арттырады.  Оқыту  технологияларын  сабақта  қолдану 
оқушылардың  білім  сапасын  арттырып  қана  қоймайды,  олардың  жеке  тұлға  ретінде 
қалыптасуына  әсерін  тигізеді.  Жаңа  әдіс-тәсілдерді  мән-мағыналарына,  ерекшеліктеріне 
қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық. Сондықтан оқытушы үшін 
сабақтың  жүргізілу  жүйесін  жетілдіріп,  оқу  –  тәрбие  жұмыстарын  жүйелеп,  сапасы  мен 
тиімділігін арттырып, өзгерістер енгізуге барлық күш – жігерін жұмсауы тиіс.  
Менің  ойымша,  аймақтық    білім    мекемелерінде      инновациялық    әдістер    мен    оқу  
формаларын    пайдалануды  ізгілендіру,  яғни  оқу  құралдарын  оқушылардың  өздігінен 
танымдық  іс-әрекетінде  пайдалануға  көмектеседі.  Оқытудың  инновациялық  әдіс-тәсілдерін 
пайдаланудың  шарттарының  өзі  мұғалімнің  әрдайым  ізденісте,  өздігінен  білім  алудың 
жағдайын  туғызады.  Ол  педагогикалық  шарттарға:  инновациялық  ізденіс  қажеттілігі; 

330 
 
инновациялық  әдіс-тәсілдер  жайлы  білім;  инновациялық  әдіс-тәсілдерінің  тиімді  жолдарын 
қарастыру; инновациялық  әдістерді меңгеру;  инновациялық  әдіс-тәсілдерді  пайдалану және 
білім  беруді  ұйымдастыру  формалары;  инновациялық  әдіс-тәсілдерінін  нәтижесінің  болуы; 
инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін бекіту жатады. Инновациялық іс-әрекетті 
басшылыққа 
ала 
отырып, 
педагогикалық 
шеберліктің 
басқа 
құрауыштарының 
маңыздылығын жоққа шығармаймыз.  
Адам  қажырлы  еңбегімен  табиғатты  өзгертсе,    мұғалім  жалпы  жасампаз  еңбегімен 
жаңа  адамды  қалыптастырып,  дамытып,  жетілдіріп  өмірге  дайындайды.  Оқушыларын  тек 
біліммен  қаруландырып  қана  қоймай,  назарын,  білгендерін  жадында  сақтауға,  қабілетін, 
ойлауын,  тіл  шеберлігін  ұштауға,  дүниеге  деген  құштарлығын,  өмірге  деген  көзқарасын 
дұрыс  қалыптастырып,  ықыласын,  сенімін,  төзімділігін,  іскерлігін,  ізденімпаздығын  тағы 
басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің 
өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды. Педагог — өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті
өз  пәнін  терең  меңгерген,  ғылым  мен  өнердің  тиісті  салаларынан  хабардар,  жалпы,  әсіресе 
балалар  психологиясының  мәселелеріне  қанық,  оқыту  мен  тәрбиенің  әдістемесін  жетік 
игерген маман  болуы  тиіс. 
Аймақтық    білім    мекемелерінде      инновациялық    әдістер    мен    оқу    формаларын  
пайдалануда  білім  беру  үрдісін  ақпараттандыру  –  жаңа  инновациялық  әдістер  мен  оқыту 
технологияларын қолдану арқылы, дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын 
жүзеге  асыра  отырып,  оқу-  тәрбие  үрдісінің  барлық  деңгейлерінің  тиімділігі  мен  сапасын 
жоғарылатуды  көздейді.  Бүгінгі  күннің  талабына  сай  білім  саласында  жаңа  технологиялар 
қолданудың маңызы зор. 
Қазіргі заманның әлеуметтік экономикалық жағдайында оқушылардың білім деңгейін 
көтеру  белгілі  бір  дәрежеде  жеке  тұлғаның  өзін  –  өзі  жан  –  жақты  танып  білуі  мен 
қалыптасуына  жағдай  жасауға  бағытталған.  Осыған  орай  оқушылардың  білімін  тереңдету 
мақсатында жаңа технологиялық бағдарламалар қосылуда.       
Сабақ  барысында  бір  ғана  тәсілмен  шектелмей,  өз  сабақтарымда  қазіргі  таңдағы 
инновациялық  технологияларды  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  байланысты  таңдап 
қолданамын.  Атап  айтсақ,  модульдік  технология,  сын  тұрғысынан  ойлау,  тірек-  сызба, 
дамыта  оқыту,  деңгейлеп-саралап  оқыту  т.б.  Мен  үшін  әрбір  сабаққа  жаңалықтарды,  озық 
тәжірибелерді  пайдалану  үлкен  жетістіктерге  жетелейді.  Өзімнің  әрбір  сабағымда  озық 
технологияларды  пайдалану  жақсы  нәтижелер  бергенін  көрудемін.  Кез  келген  сабағымда 
тақырып  бойынша  жаңалықтармен  таныстыру  арқылы  бастау  дәстүрге  айналды. 
Қызығушылықты арттыру арқылы сабақты бастау сол сабақтың аяғына дейін қызық  өтуіне 
себеп. 
Қазақ  тілі  пәнін  оқытуда  жаңа  технологиялардың  элементтерін  қолдана  отырып, 
деңгейлеп  оқыту  технологиясына    да    ерекше  көңіл  бөлемін.  Өйткені,  бұл  технология 
баланың  жеке  мүмкіндігіне бағытталған. Ғалымдар Л.Выготский, В.Давыдов, Д.Эльконин 
т.б.  осыны  түбегейлі  зерттеп,  оқыту  мен  даму  арасындағы  тығыз  байланысты  анықтаған. 
Сабақ барысында қандай оқушы болмасын І деңгей тапсырмасын орындайды, Әрбір оқушы І 
деңгей  тапсырмасын  орындауға  міндетті  және  одан  жоғары  деңгейдің  тапсырмаларын 
орындауға  құқылы.  Деңгейлеп  –  саралап  оқытудың  тағы  басты  қажеттілігі,  оқушыны  өз 
бетімен ізденуге үйрету, олардың шығармашылық бейімділіктері мен икемділіктерін дамыту.  
Жеке  тұлғаның  қалыптасып,  ой  –  өрісінің  дамуы,  белсенділігіні,  білім  алу  қажеттілігі,  оны 
өмірде  іс  –  тәжірибеде  қолдану,  шығармашылық  міндеттерді  ойдағыдай  шешудің  негізгі 
құралының бірі – оқушылардың өзіндік жұмысы болып табылады. 
Деңгейлеп – саралап оқытудың және бір бағыты – тәрбиелік. «Адамға ең бірінші білім 
емес, тәрбие берілуі тиіс. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», деп Әбу – Насыр 
әл – Фараби айтқан. 
Қазіргі  педагогикада  пайдаланып  жүрген  технологиялардың  бірі  және  бірегейі  – 
модульдік оқыту технологиясы. Бұл технология қазіргі қазақ тілі пәнін оқытудағы тиімді әдіс 
болып  саналады.  Осы  мақсаттың  орындалу  жолында  тілдік  материалдарды  модульдік 

331 
 
жолмен ұсыну уақытты да үнемдейді, әрі оқушылардың  практикалық  жолмен жұмыс істеу 
дағдысын  жетілдіреді.  Олар  түрлі  тараулар  мен  тақырыптар  бойынша  дайындалған  тірек 
кестелерімен,  мәтінмен,  басқа  да  ізденімпаздық,  шығармашылық  бағытта  орындалатын 
жұмыс  түрлерімен  өздерінің  іскерлік  дағдыларын  қалыптастыра    алады.        Осы  орайда 
шығармашылық жұмыс түрлерін көбірек ұсыну, ойын түрлерін беру, оны кейін практикалық 
тұрғыда  қолдана  білуге  үйрету  жұмыстары,    оқушыларды  шығармашылыққа, 
ізденімпаздыққа жетелейді. 
Жас ұрпаққа саналы білім беру үшін мұғалімдер қауымдастығының қосатын үлесі зор. 
Ал білім мен тәрбие негізі тіл арқылы беріледі. Елбасы Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, 
Қазақстанның болашағы қазақ тілінің дамуына, тағдырына тікелей байланысты. Сондықтан 
да 
мемлекеттік 
тілдің 
оқытылу 
жағдайына 
көп 
көңіл 
бөлініп 
отыр. 
Мемлекеттік  тіл  мәртебесін  асқақтатып,  дәріптеу,  қолдану  аясын  кеңейту  жолында 
қолданысқа  еніп  жатқан  оқытудың  жаңа  технологияларының  ықпалы  зор.  Осы  тұрғыдан 
келгенде  қазақ  тілі  сабақтарында  инновациялық  технологияларды,  әсіресе  интерактивті 
тақтаны  жиі  қолданамыз.  Инновация  терминінің  өзі  ағылшын  тілінің  «innovation»  деген 
сөзінен 
шыққан, 
«жаңашылдықты 
енгізу» 
деген 
мағынаны 
білдіреді. 
«Жаңа» деген түсінік, жақында пайда болған. Ашылмаған, ғылым аймағына және практикаға 
қатысты,  жаңалық  әртүрлі  түрде  қолдануы.  Практикалық  идея,  лабораториялық  іс  – 
тәжірибе,  мекемелер  мен  ұйымдарда  жаңа  идеяны  іске  асыру.  Соңғы  кезде  жаңалық 
«новация»  ұғымы  ретінде  кездеседі.  Новация  дегеніміз  –  бұл  лабораториялық  емес  жаңа 
идеяны  бірінші  рет  жүзеге  асыру,  ғылым  жүзінде  пайда  болса  да,  практикада  негізделген. 
Жаңалық  енгізу  –  мекемеге,  ұйымға  және  жергілікті  аймақтық,  мемлекеттік  мекемелерге 
енгізілген  үлгіге  бағытталған.  Инновацияда,  жаңалық  енгізу,  новация  бір  –  бірімен  тікелей 
пән  ретінде  байланысты.  Инновациялық  процесс  түсінігі,  ол  барлық  динамикалық 
процестерді қамтып, жаңалық аймағында процесуалдық аспектілер, барлық жаңалықтардың 
өзгеруіне  байланысты.  Білім  беру  жүйесіндегі  инновация  -  білім  мақсатына  жаңашылықты 
енгізуді  көздейді,  оқыту  мен  тәрбиенің  жаңа  әдісі  мен  түрлерін,  жаңа  мазмұнын  әзірлеуге, 
қолданылып  отырған  педагогикалық  жүйені  тарату  мен  енгізу  мектепті  басқарудың  жаңа 
технологияларын  әзірлеу,  мектеп  тәжірибелік  орын  ретінде  мектептің  принципі  жаңа 
білімділік бағдары мақсатын, мазмұнын, әдісін түрлері мен басқа компоненттерін көздейтін 
жүйелі сипаттама білім мен тәрбие беруді көздейді. 
Инновациялық  процестің  дамуына  2  -  фактор  ықпал  етеді:  Объективті  фактор  – 
инновациялық қызметтің дамуына ықпал ететін және оның нәтижесінің ұғымын қамтамасыз 
ететін  жағдай  жасау.  Субъективті  фактор  –  инновациялық  процестің  субъектісімен 
байланысты,  ол  инновациялық  процестердің  субъектілері  педагог  -  ғалымдар,  мұғалімдер 
мен инновациялық бағыттағы білім саласының қызметкері болып табылады. Педагогикалық 
инновацияларды  классификациялау  нәтижесінде  біз  әдістемелік  инновацияларды  көбірек 
қолданамыз. 
Әдістемелік  инновациялар  -  бұл  оқыту  мен  тәрбие  беру,  сабақ  беру  мен  оқу,  оқу  – 
тәрбиелік  процесті  ұйымдастыру  әдістемесі  саласындағы  инновация.  Олар  табиғи-ғылыми 
және  гуманитарлық  пәндерді  қамтитын  мектепке  дейінгі  тәрбиеден  жоғары  білім  беруге 
дейінгі  оқыту  процесін,  кадрларды  даярлау  және  қайта  дайындауды  қамтитын  білім  беру 
саласында кең тараған. 
Жаңа  нәтижеге  бағытталған  білім  –  инновациялық  білім.  Құзіреттілік  білім  беру 
жағдайында  қоғамның  мәдени,  әлеуметтік,  экономикалық  сұранысты  қанағаттандыратын, 
әлемдік  бәсекеге  төтеп  бере  алатын,  теориялық  білімін  кез  келген  жағдайда  өз  іс  - 
тәжірибесінде пайдалана алатын білім.  
Инновациялық  білім  беру  –  іскерліктің  жаңа  түрі.  Инновациялық  қызмет  оқу  ісін 
дамытуға,  пәндердің  мәнін  тереңдетуге,  оқытушының  кәсіптік  шеберлігін  арттыруға  басқа 
жаңа  технологияларды  енгізуге,  пайдалануға  және  шығармашылық  жұмыстар  жүргізуге 
бағытталған.  Мұндай  технологияларды  қолдану  –  біріншіден,  оқытушы  ұтады,  яғни  ол 
сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, 

332 
 
екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім 
берудің  қалыптасқан  әдістемесіне  оқытудың  жаңа  технологиясы  тұрғысынан  өзгерістер 
енгізілсе, білім сапасы да арта түспек. 
Яғни орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім 
өз  білімін  жетілдіріп,  ескі  бірсарынды  сабақтардан  гөрі,  жаңа  талапқа  сай  инновациялық 
технологияларды  өз  сабақтарында  күнделікті  пайдаланса,  сабақ  тартымды  да,  мәнді, 
қонымды  болары  сөзсіз  деген  пікірмен  толықтай  келісуге  болады.  Мұғалімнің  айтқанын 
өзіне  қайталаудан  гөрі,  оқушыларды  іздендіре  отырып,  ой  -  пікірін  тайсалмай  айтуға 
ұмтылдыру  баланың  ойлау  қабілетін  дамытады.  Яғни  жаңа  технология  қарыштап  дамып 
жатқан қоғамда мектеп немесе кәсіптік білім беру тұрғысынан осы әдістерді пайдаланудың 
тиімділігі мол. 
Қазақ тілі сабағынан жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, өз іс - 
тәжірибемде мынадай құрылым жүйесін түземін. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2012ж. 
2. Бұзаубақова К.Ж. «Жаңа педагогикалық технологиялар» Тараз 2003ж. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет