діннің қағидалары мен ұстанымдарына толығымен қайшы келеді. Сондықтан мұндай ұйымдардың әрекеттерідінге, діндарлар қауымына және жалпы адамзатқа қарсы жүргізіліп жатқан қылмыс ретінде бағаланады.
Деструктивті діни ағымдар өз қатарын мейлінше көп адаммен толықтыруға асығады. Сол үшін мұндай ұйымдардың өкілдері арбау жұмыстарында өтірік айту, мәліметті бұрмалап жеткізу, арнайы психологиялық айла-тәсілдер қолдану секілді жолдармен неофиттердің санасына ықпал етеді. Теріс пиғылды ұйымдар қоғамға өздерін діни, емдік, сауықтыру, мәдени, саяси немесе білім беру орталықтары ретінде көрсетуге әрекеттеніп, жақтастарының санын көбейтуге тырысады.
Адам санасын улайтын деструктивті ұйымдардың басты қаупі – бұл ортаға сенім білідіріп келген адамның дербес ойлана алу, сын көзбен қарау, өз бетінше шешім шығара алу, қалаған өмір салтын таңдау қабілеттеріне шектеу қойылады. Яғни азаматтың жеке бас бостандығы мен құқықтарына қол сұғу орын алады.
– өзіне тән емес бөтен және оқшау
пікірлер айтып, оғаш
қылықтар көрсету;
– араласып жүрген
адамдарына, отбасына,
достарына, кәсібіне қарым-қатынасының өзгеруі;
– отаншылдық сезімге, өз елінің төл мәдениетіне, салт-
дәстүріне, ата-
бабасына мысқылдап
қарау, үлкенге
құрмет, кішіге ізет көрсетуден қалу;
– діни
тақырыпқа әсіре әуестенушілік;
– өзінен-өзі тұйықталу;
– тамақтану
тәртібінің бұзылуы;
– үй
кітапханасындағы әдебиеттердің орнын
басқа сипаттағы кітаптармен толықтыруы;
– еш себепсіз үйінен
жиі кетіп қалу;
– ата-анасына
бағынбау, істерін
теріс көру;
Деструктивті діни топтардың ықпалына түскен адамдардың бойында мынадай типтік белгілер кездеседі:
Деструктивті топтың мүшелігіне кіру барысында тұлға әр түрлі
психологиялық кезеңдерден өтеді. Бұл кезеңдерде адам қате діни ұстанымдарды шынайы сенім ретінде қабылдайды. Ол кезеңдерді шартты түрде төртке бөліп қарастыруға болады:
1) алғашқы байланыс
адамның жалған
орнату
діни
кезеңі
ағым